Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
18 05.16

Үлкенге құрмет – кішіге міндет

Ардагерлер қандай ілтипатқа да лайықты

Біздің қазақ «Қарты бар елдің қазынасы бар» дейді. Бұл өте тауып айтылған сөз. Өйткені, өмірдің бірқатар асуларынан өткен аға буын өкілдері туған жері мен еліне адал қызмет атқарған абзал жандар.

Олардың ұлағатты да даналы сөздерінің өзі кейінгі өсіп келе жатқан жастарға ғибрат екендігі де белгілі. Міне, осы жайға ерекше көңіл бөлген өнегелі басқосу Қостанай шаһарының 9-шы шағын ауданындағы қалалық мешітте ұйымдастырылды.

Бұл игілікті шараны өткізуге облыстық «Марал ишан» мешіті мен Шоқан Әмірханов басқаратын қалалық мешіттің қызметкерлері мұрындық болды. Осынау басқосуға кешегі Ұлы Отан соғысындағы қанды майданды бастан кешкен қарттар, тылда еңбек еткен зейнеткерлер және елге сыйлы азаматтар шақырылды.

Кешті Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы, «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Жақсылық қажы Ғайсин жүргізіп, бұл жиынның мәнді де маңызды болуына елеулі үлесін қосты.

Дастархан басындағы жүздесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет арнайы шақырылған аға буын өкілдеріне шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдіріп, оларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбастарына ырыс-береке тіледі.

Сондай-ақ бұл кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын, дін тақырыбында қаншама кітаптар жазған Ақылбек Шаяхмет, майдангер, байырғы журналист Дәуренбек Ахметбеков және басқа да ардақты ағаларымыз сөз сөйледі.

Жүздесудің соңында ғасыр құрдасы Күлімжан апамыз бұл жиынды ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ақ батасын берді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызмет

алдыңғы жаңалық
Құран жарысы
келесі жаңалық
Қостанай шаһарында «Дастархан» халал кафесі ашылды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником