Жиналған қауымға үлкен ой салды
Ұзақ жылдардан бері дін саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан Ерік қажы Ыбырай өзінің іскерлік қырларымен көпке танымал.
Оның Денисов ауданындағы «Жұма» мешітіне бас имам болып тағайындалғанына да көп өте қойған жоқ. Таяуда өзі басқаратын мешіттің ұйытқы болуы және аудандық әкімдік пен Мәдениет үйінің қолдауымен Рамазан айының құрметіне «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеш өткізді.
Бұл басқосуда жиналған жұртшылықты аудандық мәслихат хатшысы Алпамыс Мырзабаев қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына ырыс-береке мен молшылық тіледі.
Кеште ауданның өнерлі жастары Рамазан айы туралы көрермендер алдында жүрек тебірентер илаһи әндер мен тағылымы мол термелерді орындап, арнайы қойылымдар көрсетті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі