Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
17 06.16

Сөздің шыны керек: «Қауіп қайдан?» (ВИДЕО)

Ақтөбеде өз бауырына оқ атып, өз отанын басып алғысы келгендердің ұстанымы қандай?
Салафизм ағымы, салафиттер, олар кім?
Арамызда еркін жүрген салафит ағымының "байсалды" түрінен кімге, қандай қауіп бар?

45 жігіт жиһад жасамақ болған. Әке-шешесі қасында, ақыл-есі бүтін, бала-шағасы бар зіңгіттей жігіттер - өз отбасына, бауырына, баласына қарсы қару кезеніп, отанының ойранын шығармаққа жұмылмақ болған. Тек жеме-жемге келгенде, 19-ы жолдан қайтқан, бірақ қырғын салғысы келетіндердің қара ниетін құзырлы органнан жасырған. Өзін көрмесе де, сөзін тыңдап, сириялық болуы мүмкін имамның теріс уағызына еліткендер сөйтіп, өз еліне қару алып, қарсы шықты. Ақтөбе оқиғасына қатысты осы аптада Ішкі істер министрі әзірге анық болған деректерді таратты.

ҚАЛМҰХАМЕД ҚАСЫМОВ, ҚР Ішкі істер министрі:

- Это так называемый имам из Сирии. Я думаю, что сейчас следствие докажет, но все задержанные, которые собирались, говорят, что к ним обратились с призывом, сделали аудиообращение. Они его послушали и сказали: "Что, нам нужно провести священный джихад?! Кто с нами? Кто пошёл, тот пошёл."

Ал, «Республикада дін ұстану бостандығына кепілдік бере отырып, біз діннің атын жамылып елдегі жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беру ниетіндеміз» деген мемлекет басшысы Ақтөбедегі зұлымдық әрекеттің артында кімдердің тұрғанын атап айтты.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:

- Мы уже знаем, что это была террористическая вылазка группы последователей нетрадиционного религиозного течения салафизм.

Салафизм. Салафиттер. Олар кім? Бұл ағымның елге қару кезенген радикалдысынан өзге қандай түрі бар? Олардан бізге қауіп бар ма? Болса, қаншалықты? Елге қашан кірген? "Салафизм - біздің дінімізге, ділімізге жат ағым" дейтіндей ресми пәтуа бар ма? Ал, жат ағымға тыйым салуға заңымыз қаншалықты пәрменді? Бұл сауалдарға сауатты жауап алу үшін, арнайы мамандарға жүгіндік.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Саләфилер білесіздер үш топқа бөлінеді. Матхали, сурули және тәкфир дейді. Матхалилер бүкіл дәстүрге қарама қайшы. Бұлар өзін байсалды қып көрсеткісі келеді. Бірақ елбасыға мойынсұнамыз дейді, бірақ имам, елбасыдан кейінгі министрлерді, әкімдердің біреуін мойындамайды.

"Матхалидың ертең-ақ тәкфир болып кетуіне ешкім кепіл бере алмайды" - деген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Сансызбай Шоқанов. Мұндағы мәтхали деп отырғаны - салафизм ағымының - байсалды аталатын тобы, ал, тәкфир - радикалды түрі. Ғалым, елдегі салафилерді байсалды және радикалды деп бөліп, алғашқыларын қолдау бағытын ұстанатынымыздың өзі қателік дейді. Себебі, жуас қасқыр болмайды, ол ашуланған күні қаруға жүгіруі мүмкін" - деген ғалым, көрші елдердегідей мүлдем бұл ағымға тыйым салынуы тиіс деген пікірде.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Бұларды қамау жөніндегі заң болмаса, милицияны қанша көбейткенмен, оны ешқандай пайдасы болмайды. Өзбекстанда да, Тәжікстанда да оған тыйым салынған.

«Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам университетінің доценті, теолог ғалым Алау Әділбаев та еліміздегі салафизм ағымына кеш болмай тұрғанда, түбегейлі тыйым салу керек деген пікірде.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Бұл байсалдысы болсын, радикал болсын, идеологиялық саяси платформалары бір болғандықтан, оларды байсалды, радикалды деп бөлмеу керек. Екеуін бір категорияда қарастыра отырып, еліміздің, ұлтымыздың, дініміздің тұрақтылығына зиян тигізетін ағым екенін нақты белгілеп алуымыз керек.

Өйткені, олардан кез келген уақытта радикалды ағымның шығуы әп-сәттік мәселе. Себебі, олардың пайдаланатын әдебиеттері мен өз тілдерімен айтқанда, тыңдайтын ұстаздары бір діни қайнардан сусындайды" - дейді ғалым. "Либералдық саясатымыздың нәтижесінде біз көп жағдайда ағартушылық бағытын ұстандық. Тыйым салу бағытын ұстанбадық. Бірақ енді заңды шұғыл күшейтетін кез-келді дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Ағартушылық бағытпен шешілмейтінін түсіндік. Мұның заңдық, әрі ағартушылық тетіктерін табу керек екендігі барлығымыздың болашақтың алдындағы үлкен міндет болып есептеледі.

Ал, "Салафизм, вахабизм, тәкфіршілік бізге жат деген мазмұндағы ресми пәтуа бар ма деген сауалымызға қос ғалымның жауабы былай өрбіді.

АЛАУ ӘДІЛБАЕВ, «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Жалпы ресми пәтуа болмағанымен, біздің заңымызда ханафи мәзхабының көрсетілуі және 2012 жылы елбасының өзі астын сызып тұрып, біз ханафимыз, соның ішінде суниттерміз деп айтуы, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының саяси тұғырнамасында, платформасының өзінде шариғат мәселелерінде ханафи мәзхабын басшылыққа алатыны ашық жазылған.

Яғни, ресми пәтуа жоқ. Бірақ ғұламалар кеңесінің мүшелері Ақтөбедегі жағдайдан соң, ағымға тыйым салатын құжатты әзірлеп жатқанын айтты.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Пәтуаны біз дайындадық. Ол шығады, ислам өзі төрт мәсхаб, одан өзге ағымдарының бәрі ешқандай жақсылық әкелмейді.

Ал, ғалымдар қауіп көріп отырған салафизм ағымының байсалды түрін ұстанатындарды қалай ажыратамыз? Көшеде көрсек, танимыз ба деген сауалымызға, ғалым Сансызбай Шоқанов, танымайсыз деп жауап берді. Мамандардың оларды қалай ажырата алатынын былай түсіндірді.

Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

-Имам құран оқып отырғанда, орнынан тұрып кетеді. Тәкфир болғандары мешітке де жоламайды.

СЕРІКБАЙ ОРАЗ, ҚМДБ наиб-муфтиі:

- 30 пайызынан астамы басқа ағым өкілдері. Имамдарға құрметпен қарайды, уағыздарын тыңдаған ұқсап отырады. Негізгі идеологиялық күшті, бағытты интернет арқылы басқа шейхтар мен сырттағы теологтардан алады.

Айта кету керек, таяуда ғана Қазақстан Президенті Үкіметке екі айдың ішінде терроризм мен экстремизмге, қару айналымы мен оны сақтауға және сатуға қарсы әрекет ету саласындағы, көші-қонды және діни бірлестіктерді реттеу саласындағы заңнамалық бастамалар жиынтығын әзірлеуді тапсырған-тын. Іле-шала үкімет басшысы да президент пәрменін әр орган басшысына жеке, жіті орындауды тапсырды. Ал, ғұламалар кеңесінің мүшелері болса, салафизм ағымына түбегейлі тыйым салатын заң талабын - заңға енгізілетін өзгерістен көрсек деген үмітте. Өйткені, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, жекелеп кіре бастаған кейбір діни-сенімдер бүгінде үлкен күшке айналып келе жатыр. Сол себепті, қауіптің алдын-алу шаралары заңмен реттелсе дейді.

www.31.kz

алдыңғы жаңалық
Тағылым Рамазан айындағы рухани кеш
келесі жаңалық
Кең болсаң, кем болмайсың!

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником