Рамазан айында мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алла Тағала оның сауабын еселеп беретіні сөзсіз.
Құранда "Ниса" сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп көрсетілгендей бұл қасиетті айда жағдайы төмен мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауап.
Осы мақсатта Қостанай облыстық «Марал ишан» мешіті демеушілердің қолдауымен мүгедектер, көп балалы аналар мен мұқтаж жандар саналатын 40 отбасыға күнделікті азық-түліктер салынған пакет ұсыну сауапты игі шара өткізді.
Аталмыш мешіттің наиб имамы Азамат Мурзаканов Рамазан айының қасиеті мен Ислам діні туралы келуші өзге ұлт өкілдеріне айтып өтіп, барша қауымға ізгілік пен молшылық тіледі.
Олар осы шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шынайы ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі