Облыс орталығымен іргелес жатқан Рудный қалалық „Нұр„ мешітінің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлы адамгершілік қырларымен көпшіліктің құрметіне бөленіп келе жатқан жан.
Жақында дін қайраткерінің бастамасымен және шаһардағы кәсіпкерлердің демеушілігімен қаладағы қарттар үйіне қамқорлық көрсетілді. Олар осы мекемеде болып, ғұмыр кешіп жатқан аға буын өкілдерінің хал-жағдайларымен танысты.
Сондай-ақ ардагерлерге ақ дастархан жайып, оларға шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді. Сөйтіп, ақсақалдардың ризашылығына бөленді.
Бас имам қарттарға қамқорлық жасау- әрбір саналы азаматтың парызы екендігіне ерекше тоқталды. Рудныйлық дін қызметкерлерінің осынау игі істері өзгелерге де жұғысты болғай!
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі