Өңірдің Науырзым ауданында да адамгершілік, ізгілік мақсатындағы жұмыс барынша жанданып, бірқатар тағылым болар істер атқарылды. Соның бірі аудандағы ақпараттық-насихаттық тобының өзгелерге өнеге болар игі қадамдары дер едік.
Жақында осы топтың мүшелері яғни Түркебай мешітінің имамы Н. Сыздықов, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскер Д.Тасанова және Жастар ресурстық орталығының психологы Ә.Шалдыбаевалар осындағы ауылшаруашылық колледжінде болды.
Ақпараттық-насихат тобының мүшелері оқу орнында студенттермен „Қазақстан — зайырлы мемлекет„ және басқа да тақырыптар бойынша дөңгелек үстел және психологиялық тренинг өткізді.
Бұл кездесу жастарға ерекше әсер қалдырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі