Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Нұрмаханұлы Сауд Арабия Корольдігіне іс-сапармен барды.
Ресми сапар аясында ҚМДБ Қажылық Миссиясының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабия Корольдігінде (САК) «Flynas» әуекомпаниясының төраға орынбасары, қажылық және умра басқармасының басшысы Ахмат Сұлтанмен келіссөздер жүргізіп, екі жақты келісім шартқа қол қойылды.
Келіссөз барысында Сауд Арабия Корольдігінің (САК) «Flynas» әуекомпаниясы Қазақстан қажыларын тасымалдайтыны нақтыланды. Сонымен қатар Алматы қаласынан Жидда қаласына (яғни, Мекке қаласына) тікелей рейспен ұша алады. Бұл – Қазақстан қажылары үшін мол мүмкіндік, үлкен жеңілдік.
Осы ретте бір айта кетерлігі ҚМДБ жанынан құрылған Қажылық Миссиясы қажылық төңірегінде туындаған мәселелерді оңтайлы шешуге, Қазақстан қажыларына қолайлы жағдай туғызу мақсатында жұмыс жасап келеді. Осы бағытта республикалық деңгейде түсіндіру-ағарту жұмыстары жүргізілуде.