Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылданған «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында және ағымдағы кезеңде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Қостанай облысының имамдарына арналған үш күндік семинар болып өтті.
Семинарға Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының маманы Сапар Әбдиев қатысып, көкейінде жүрген ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Ислам дінінің өкілі болып табылатын имам, шариғат талаптарына сай қызмет атқарса, халықтың арасындағы олардың беделі арта түсетіндігін айтты.
Сонымен қатар осы басқосуда Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы қазіргі таңдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жастар ісі және әйелдер секторы жұмыс істеп жатқандығына және осы бағытта өңірдегі дін қызметкерлері де белсенділік танытулары қажеттігіне тоқталды.
Баршаға мәлім, өңіріміздегі дін қызметкерлері салауатты өмір салтына ерекше назар аударып жатқаны да белгілі. Сондықтан облыстың аудандары мен қалаларынан келген имамдар арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, ол тиісті деңгейді өткізілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі