Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен мешіт жамағаттарын оқыту жұмыстары бізде жақсы жолға қойылған.
Осы арада нақты деректерге сүйенгеніміз жөн. Жақында ғана Рудный қалалық «Нұр» мешітінде діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттермен найб имам Саят Серікұлы «Білім оқып, жарысайық» деген тақырып бөйынша жиналыс өткізді.
Онда Бас мүфтидің үстіміздегі жылда «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағаны жан-жақты түсіндірілді.
Әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің қазақ халқының өмірінде, бала тәрбиесінде, жалпы қоғамдағы рөлі қаншалықты маңызды екені жайында айтылды.
Жоғарыда аталған мешітте өткен жылдың қыркүйек айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін діни сауат ашу курсында оқып жатқан төрт шәкіртіміз Қасиетті Құранның Кәрімнің 30-шы парасын аяқтауға жақындап қалды.
Діни сауат ашу курсының мақсаты - жастарды иман¬дылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы түрлі жат қы¬лықтардан бойларын аулақ ұстауларына, діни сауа¬тының барынша артуына септіктерін тигізу.
Курста оқып жатқан балалар тек діни дәріс тыңдап қана қоймайды, спортпен де шұғылдануларына қолайлы жағдайлар туғызылған.
Құрметті Рудный қаласының тұрғындары және қонақтары!
Рудный қалалық «Нұр» мешіті діни сауат ашу курсына шақырады!
РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНДЕ ӨТЕТІН ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ САБАҚТАР КЕСТЕСІ ( ЕРЛЕРГЕ)
Сабақ уақыты | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | Сенбі |
Түске дейінгі топ: | ||||||
10:00-12:00 | Құран мен араб тілі | Намаз оқып үйрену | Құран мен араб тілі | Құран мен араб тілі | Құран мен араб тілі | |
19:00-21:00 | Құран мен араб тілі | Ислам әдебі | Құран мен араб тілі | Намаз оқып үйрену | Ислам әдебі | |
Түстен кейінгі топ: | ||||||
15:00-17:00 | Намаз оқып үйрену | Құран мен араб тілі | Намаз оқып үйрену | Ислам әдебі | Құран мен араб тілі | Намаз оқып үйрену |
19:00-21:00 | Құран мен араб тілі | Намаз оқып үйрену | Құран мен араб тілі | Намаз оқып үйрену | Құран мен араб тілі |
Рудный қалалық «Нұр» мешіті байланыс тел: 8 (71431) 46232, 45172.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі