Облыс орталығымен іргелес жатқан Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов ізденімпаз азамат. Ол киелі орынның жанындағы діни сауат ашу курстарының және жамағатқа айтылар уағыз-насихаттың жүйелі жүргізілуіне аса мұқияттылықпен қарайды. Сондықтан да әрбір дәріске жете назар аударады.
Сонымен қатар бұл мешітте күнделікті ақшам және құфтан намаздарынан кейін жамағатқа найб имамдар тарапынан түрлі тақырыптарда уағыз-насихаттардың тейісті деңгейде атқарылуына да ерекше көңіл бөледі.
Осы аталғандармен қатар аталған мешіттің бас имамы Сейіт қажының тікелей қолдауымен діни сауат ашу курстарында оқып жатқан үш үздік шәкірт Қостанай облыстық Марал ишан мешітіне барып, Түркия елінен келген ардақты ұстаз Нұх Темиржидің өткізген дәрісіне де қатысты. Білікті маман талапкерлердің біліміне зейін қойды.
Дәріс сонында өз саласының білгірі танымал ұстаз шәкірттерге діни ілім алудың артықшылықтары туралы уағыз айтып оларға оқуда жоғары табыстарға жетуге байланысты өзінің шынайы тілектерін білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі