Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
05 02.15

Кеншілер қаласында «Мәуліт» мерекесі аталып өтті

Ғалым Хасан Басри: «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны пайғамбардың мәулітіне жұмсар едім», – деген екен.

Міне, осындай құрметке лайық Мәуліт мерекесі сейсенбі күні «Горняк» мәдениет-сауық орталығында аталып өтті. Ұлық мейрамға жиылған барша жамағат Мұхаммед пайғамбарымызға салауат айтып, діни әндер мен түрлі көріністерді тамашалады.

Қасиетті Мәуліт мерекесінің шымылдығын қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы қасиетті Құран аятымен ашты. Бұдан соң, КМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі және облыстық Марал ишан мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы барша жиналған қауымды пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күнімен құттықтап, мәуліт сөзінің мағынасын түсіндірді және оны тойлау арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігімізді білдіретінімізді жеткізді.

Бас имамның құттықтауы мен ұлағатты сөздері мәуліт мейрамының құрметіне арнайы дайындалған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір тарихынан сыр шертер бейнероликке ұласып, оның соңы қанағатшылдықтан байлық пен мансапты хош көретін жас жігіттің теріс қылықтары мен оның тәубеге келу сәті бейнеленген сахналық қойылымына ұласты. Жүрегіңді елжіретіп, көңіліңе ой салар қойылымнан кейін жергілікті өнерпаздардың орындауында Исламды дәріптеп, имандылыққа шақырған, жамандықтан арылтып, жақсылыққа баулыған әндер шырқалды. Мәуліт оқылып, пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауаттар айтылды. Қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы мәуліт мерекесінің бірінші бөлімінін қорытындылап, сахна төрінде өз өнерлерін паш еткен қала өнерпаздары мен мешіт шәкірттеріне алғысын білдіріп, жиналған қауымды зияфатқа шақырды. Ақ дастарханның басында жамағат мәуліттен алынған әсерлерімен бөлісіп, осы қасиетті мерекенің аталып өтуіне мұрындық болып отырған қала әкімі Бақытжан Ғаязовтың атына алғыстарын білдірді. Жүрек жарды лебіздер қаламыздың өнер жұлдыздарының түрлі ойға жетелейтін сырға толы маржан жырларына ұласып жатты. Шара соңында бата беріліп, еліміздің тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүріп, өсіп өркендеуін тіледі. Құранның әуезді үніне балқыған, Исламның құнды сөздерімен сусынданған халық та ризашылығын білдіріп, қимастықпен тарады.

алдыңғы жаңалық
Торғайдағы Мәуліт мерекесі
келесі жаңалық
«Қамданған қапы қалмайды»

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником