Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет осы жауапты қызметке кіріскелі бері талай ғибратты істер жүзеге асырылып келеді.
Жергілікті ЖАНТ өз жұмысын барынша жандандыруда. Бас имамның тікелей басшылығымен олар Әулиекөл ауданында болды.
Оның құрамында есімдері көпке танымал дін қайраткерлері Дархан Сыздықов, Азамат Мурзаканов, Төлеген Керімбаев, Абдукахар Ерматов болды. Бұлардың бәрі де білімді де білікті азаматтар.
Олар алдымен Әулиекөл ауданының орталығындағы мешітте жамағатпен кездесіп, уағыз айтты. Содан кейін осы аудандағы Құсмұрын елді-мекенінде өткізілген рухани кешке қатысып, жиналған қауымға уағыз насихат айтып өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі