Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде, Қостанай облыстық мешітінің ұйымдастыруымен, Қостанай қалалық мешітінде екі айлық сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл жолы да курс шәкірттері «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Араб тілі» мен «Тәджуид» пәндерінен білім алды.
Мұнда тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер спорттық ойындар, өз араларында әрқандай жарыстар да ұйымдастырып тұрды. Сонымен қатар мешітте өткізілген қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, көмектерін көрсетті.
Ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған талабаларға облыстық мешіттің найб имамы Икрам Бахытжан қажы ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі