Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен атқарылып жатқан шаралар аясында Қостанай облысының Науырзым ауданында бұлақ көзі ашылды.
Бұлақ Қараменді елді мекені жолына бұрыннан көзі ашылмай жатқан. Міне осы игі іске сол елдің азаматы Шолақсай ауылының басшысы Өмірзақ Ихтиляпов демеушілік етті. Осылайша бұлақ көзі ашылып өткен кеткен жолаушыларға ыңғайлы етіп жн жағы абаттандырылды.
Айта кету керек осы игі істе ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы, найб имам Әлішер Ертайұлы, Науырзым ауданының әкімі Талғат Тойшыбекұл келді. Сонымен бірге аудандық «Түркебай» мешітінің алқа мүшелері де куәгер болды.
Сансызбай Құрбанұлы бұлақ көзін ашу, көпір немесе жол салу тағы басқа халыққа жасалған істердің сауабы еш тоқтамайтындығы туралы айтты.
Ал аудан әкімі Талғат Тойшыбекұл осындай игі шаралар елімізде көбейе берсе, біздің тарапымздан қолдау білдіреміз деп өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі