Қостанай облысының Әулекөл ауданы орталығында айтулы шара. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жылдық мерейтойы шарасы аясында көпір қолданысқа берілді.
ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мұндай игі шаралар мүфтияттың бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында орындалып жатқанын атап өтті.
Айта кету керек үстіміздегі жылы «30 игі шара» аясында елге тиімді және ыңғайлы құдық не жер асты суы колонкасы, бұлақ көзін ашу, баспанасы жоқ дін қызметкерлеріне үй беру, зират-қорымдарды қоршау секілді істер атқарылуда.
«Міне осындай игі іске атсалысып жатқан демеушілерге Алла тағала разы болсын. Осы Әулиекөлдегідей игі шаралар жалғасын таба берсін»-деп Бас имам Тәжімет Бахытбек көпірді халыққа және Әулиекөл селосы әкіміне салтанатты түрде табыс етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі