Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
08 08.24

Дінің - діңгегің

Баршаға мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» деп жариялаған болатын. Содан бері еліміздің өңірлерінде қаншама жұртшылықпен жүздесулер өткізіліп жатыр.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Бас имамы болып тағайындалған Бектұрсын қажы Торғайбайұлы өңірімізде ислам дінін өркендетуге лайықты үлесін қосып жүрген, бірқатар аудандық және қалалық мешіттерді басқарған дін қайраткері.

Ол жаңа лауазымдағы жұмысын өмір көрген, тәжірибесі мол, елдің қазынасы болып табылатын аға ұрпақ өкілдерінің басын қосып, олармен «Аталар сөзі – ақылдың көзі» тақырыбындағы мәнді де мағыналы кездесуден бастады.

Бұл жүздесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов бастаған ел ағалары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылды.

Осынау қалың жұртшылыққа танымдық – тағылымдық жағынан берері мол басқосуды найб имам Әлішер Ертайұлы жүргізді. Алдымен Бектұрсын қажы қатысушыларға жиынның алға қойған мақсатын түсіндірді. Өзінің қызметінде әрқашан да бүкіл саналы ғұмырын еліміздің дамуына қомақты үлес қосқан ардақты ардагерлердің ақыл-кеңесін басшылыққа алып отыратындығын жеткізді.

Содан кейін сөз алған Батырбек Мықансалықұлы Бектұрсын Уәлиевті жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, облыстың өндіріс пен ауылшаруашылығын өркендетудегі табыстарына қысқаша шолу жасады. Өзі жетекшілік ететін ұйымның мүшелері әрдайым мешіт қызметкерлерін қолдауға дайын екендігін білдірді.

Ал, жерлестерімізге қайраткер тұлға, ғалым ретінде белгілі Есімхан Махметов діннің мұсылман бауырларымызды имандылыққа ұйытатын қасиетті орын екендігін, аталмыш мешіттегі өз саласы бойынша аянбай тер төгіп жүрген Бақытжан Икрам және басқа да қызметкерлердің есімін атады. Бас имамға алдағы уақытта табыс тіледі.

Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қалқаман Жақып, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстағы өкілі, қаламгер Жанұзақ Аязбеков, абыз ақсақал Жандарбек Сейітов, елге танымал азамат Төлеген Шоланов және басқалар өздерін көптен бері толғандырған ой-пікірлерін ортаға салды.

Одан кейін мешіт асханасында жайылған дастархан басында ардагерлердің маңызды әңгімелері жалғасын тапты. Онда халық құрметіне бөленген Торғайбай Уәлиев, Жақсылық Кәкенов және өзге де қадірменді ақсақалдар ұлағатты сөздерімен жиналғандарды баурады.

Жалпы, басқосуда жастардың үлкендерді сыйлауы, ұлттық құндылықтар мен ислам дінін ұлықтауы, діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ұрпақтың ана тілінде сөйлеуі, ауылдық жерлерге де сауатты дін қызметкерлерін тарту және өзге де жұртышылықты ойландыратын өзекті жайлар қамтылды.

Кезесудің соңында Бас имам ел ардақтылары мен өмір белестерінен өткен барша ақсақалдарға шын жүректен шыққан алғысын білдіріп, оларға болашақта мықты денсаулық тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Бас имам жиын өткізді
келесі жаңалық
Бас имам журналистермен кездесті

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником