Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысындағы өкілдіктің және облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Бас имамы болып Уәлиев Бектұрсын Торғайбайұлы тағайындалғаны белгілі.
Ол бұған дейін Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітін басқарып, талай әріптестеріне өнеге боларлық жұмыстар атқарғаны жұртшылыққа аян. Дін саласында жинақтаған бай тәжірибесі жерлестерімізге жақсы таныс.
Жаңа жауапты қызметке кіріскен өкіл имам өңірдегі қалалар мен аудандардың бас имамдарымен арнайы кездесуінде алда тұрған келелі міндеттерге жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ ол аталмыш мешіттің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысып, көзбен көріп, көңілге түйгенін ортаға салды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі