Өңірде Ислам құндылықтарын насихаттап, діни сауаттылықты арттыру мақсатында Арқалық қалалық мешіт қызметкерлері мен шаһардағы ішкі саясат бөлімі арнайы насихат тобын құрған-ды.
«Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Алматы қаласындағы имамдар білімін жетілдіру ислам институтында білімін жетілдіріп келген соң, бірден кезек күттірмес насихат жұмыстарына кірісті.
Осы орайда өз жоспарлары бойынша шаһардағы білім ордаларымен қатар, мекеме-ұжымдарда да кездесулер өткізуде. Соның бірі сәуір айының басында Арқалық аймақтық аурухана дәрігерлерімен ұйымдастырылды. Оған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Кәрімқызы және теолог маман Ә.Бауыржанұлы қатысты.
Жиналған жұртшылықты насихат тобымен аурухана басшысы Қ.Смағұлұлы таныстырып, сөз кезегін имамға берді. Бұл басқосуда бас имам Б.Торғайбайұлы жерлестеріне әрдайым медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан адам жанының арашашыларына жауапты жұмыстарында табыс тіледі.
Жүздесу барысында Асыл дініміздің құндылықтары жайлы тәрбиелік маңызы зор насихат айтылып, еліміздегі жат ағымдар жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар олардың көздеген жымысқы әрекеттері мен теріс пиғылдарына да кеңінен тоқталды.
Республикамызда ынтымақ пен бірлікті нығайту жайлы да сөз болды. Сондықтан да қазіргі таңда әрбір азаматтың уақыт талабына сай діни сауат та қажет екендігі әңгімеге арқау болды.
Сондай-ақ ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Кәрімқызы діни заңдылықтар жайлы түсінік берсе, теолог Ә.Бауыржанұлы деструктивтік секталар мен олардың алдын алу жөнінде айтып берді.
Кездесу соңында тақырыпқа орай арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Медицина саласының мамандары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларға имам жан-жақты жауап берді.
Осынау тағылымды кездесуге ақ халаттылар ризашылықтарын жеткізді. Бас дәрігер Қ.Смағұлұлы мәнді де мағыналы басқосудан ұмытылмас тағылым алғандықтарын білдіріп, насихат тобына шынайы алғысын білдірді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Рудный индустриялдық институтының «Тау-кен металлургиясы» факультеті студенттерінің жатақханасында, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Бейсекеев Абзал студенттермен жүздесті. Кездесудегі негізгі мәселе қазіргі кездегі «діниэкстремизммен терроризмнің қоғамға зардабы» атты тақырыбта қозғалып, уағыз-насихат жүргізілді.
Сонымен қоса кері ағымның зиянынаналдын алып, одан қорғану үшін әлбетте діни сауаттылық екенін түсіндірді.Жиын бір жарым сағатқа созылып, ары қарай сұрақ-жауаппен жалғасты.Көкейлерінде қызықтырған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптарын алды. Менің ойымшақазіргі кезде жастардың дінге деген көзқарасы жақсы деп айтсақ артық айтқандық емес..
Жуырда ҚMДБ-ның тапсырмасы бойынша облыстың бас имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы және наиб имам Асқар Мейрамбекұлы облыстық дін істері басқармасының өкілі Сапарғали Әбдиев Қостанай шахарындағы қайырымдылық мекемесінің басшысы және ұстаз-шәкірттерімен жүздесті.
Бұл жылы жүзді кездесуде бас имам «Бірлік, ынтымақ және салт-дәстүр» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Алдағы уақытта облыстық «Марал ишан» мешітімен арадағы тығыз байланыс нығая беретіндігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар аталмыш қайырымдылық мекемесінің шәкірттеріне облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы болашақта бекітілген жоспар бойынша түрлі тақырыптарда дәрістер жүргізілетіндігін түсіндірді.
Қостанай облыстық дін істері басқармасының өкілі Сапарғали Әбдиев басқосуда келешекте бір мақсат, бір мүдде жолында ынтымақпен жұмыс істеуге шақырды.
Өздеріне айтылған ізгі тілектерге дән риза болған мекеме басшысы қонақтардың барлық ұсыныстарын қолдайтындықтарын білдірді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Бақытжан Икрамұлының есімі бұл күндері Қостанай өңіріне кеңінен танымал. Оның облыстық Марал Ишан мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарып келе жатқанына көп жылдардың жүзі болды.
Дін қайраткері өзінің ақжарқын мінезімен, бауырмалдығымен, парасаттылығымен дараланады. Жуырда ол облыс орталығындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарайтын заң академиясында болып, осында білімдерін тереңдетіп жатқан 1-2 курс магистранттарымен жүздесті.
Талай ұжымдарда өзінің жан-жақтылығымен жұртшылықты бірден баурап алатын Бақытжан Икрамұлы бұл жолы еліміздің барлық аймақтарынан келген магистранттар алдында «Неге дінде бөлінушілік бар?» деген тақырыпта әңгіме қозғады.
Жүздесуге қатысқан жастар дін қайраткерінің маңызды уағызынан көп жайды көңілдеріне түйді. Сондай-ақ қойған сұрақтарына нақты жауап алды. Наиб имам өз сөзінде академиядағы кездесудегі тақырыпты талқылауда қатысушылардың белсенділік танытқанына дән риза болғанында айтып өтті.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Мұхаммед Ибраһим
Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі. Өйткені, әйел – күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән бергені жөн.
1. Таңдауда жаңылма
Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез-құлқы, көзқарасы қала берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын көтеруге қауқарлы дәрежеде болуы қажет. Сол үшін де арақатынас шындық пен шынайылыққа құрылғаны жөн. Бұл дұрыс шешім шығаруға ықпал етеді. Ал, танысу барысында жастар бірін-бірі алдап, жасыра сөйлеп және болмысындағы айыбын бүгіп қалуы екі жаққа да опық жегізері сөзсіз.
2. Ас әзірлеуді біл
Қыздың оқуы немесе жұмысы қаншалықты ауыр болса да, ас дайындауды ерекше меңгеруі қажет-ақ. Әсіресе, күйеуі ұнататын тағам түрлерін өте жақсы әзірлей білгені абзал. Дастархан – әйелдің қаншалықты үй бикесі екенінің көрсеткіші. Дәмді ас күйеуінің жүрегіне алып баратын ең төте жол екенін естен шығармау қажет.
3. Үнемшіл бол
Үйдің кіріс-шығыс қаражатын үйлесімді жұмсау да әйелдің басты міндеттерінің бірі. Қолдағы шектеулі қаражатты тиісінше дұрыс пайдалана білуі аса маңызды. Әйел күйеуін бейберекет шығындармен шаршатпай, қарыздың астына қалдырмай жүруі тиіс. Күйеуінің табысына орай жұмсап отырғаны абзал. Қажетсіз дүниелерді сатып алуды талап етіп, қажытудың қажеті жоқ. Табыстың бір бөлігін қаражат тапшы болатын қысылтаяң күнге сақтап қойғаны дұрыс. Сондай-ақ, үй табысының аз бөлігін қайырымдылық пен бала-шағаның ойын-сауығына да бөлуді ұмытпаған жөн.
4. Күйеуіңе тыныштық жағдай жаса
Құран Кәрімде: «Әрі сендерді тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар [1]», – деген аят бар.
Иә, әйелдің ең басты міндеті – шаңырақты тыныштық пен мейірімділік мекені ету. Осы аяттың түп-төркінін түсініп, үйін жан тыныштығы ете алған әйелдің босағасынан бақыт сығалайды.
Отбасылық өмірде тәтті сәттер мен қиын-қыстау шақтар иық тірестіріп қатар жүреді. Мұның барлығын бойжеткен түсіну әрі дайын болуы тиіс. Өмірді сол қалпында қабылдауды үйренуі керек. Арабтарда: «Жолдасыңның істеген әрекетіне жетпіс түрлі себеп ізде, ал таба алмасаң мүмкін мен білмейтін бір себебі бар шығар немесе ұмытқан болар деп айт», – деген нақыл бар. Ерлі-зайыптылар кейде бір-бірінің кемшілігі мен қателігін байқамаған сыңай танытқаны да дұрыс.
5. Төзімділік таныт
Бір-бірінің теріс болмысын түзете отырып, қарым-қатынастың ең сәтті орта тұсын табу – қиынның қиыны. Ол үшін сабырлық, төзімділік және жұмсақтық пен бір-біріне деген қамқорлық аса қажет. Құран Кәрімде: «Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол... [2]», – деп әмір етілген.
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі намаз оқуға үндеуі – ең ауыр іс. Ол үлкен сабырлықты қажет етеді. Сабыр тек жалаң сөз емес. Оны кең де ауқымды мағынада түсіну қажет. Жұмсақтық, түсіністік және жақсы мәмілемен араласқан сабырлық керек.
Әйелдің күйеуімен жақсы қарым-қатынаста болуы, адамдарға оны тек жақсы қырынан таныстыруы – күйеуінің оғаш мінезі мен жаман әрекеттерін түзетудің бірегей жолы. Өйткені, Құран Кәрім: «(Ей, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс... [3]», – деп айтылған.
Үйлену – өмірлік сауда. Сауда алыс-берістен тұратыны сияқты, отбасылық өмірде ерлі-зайыптылар бір-бірінің жақсылығын үйреніп, өзінің жаман мінезін тастаса, екі жарты бір бүтінге айналады. Әйел күйеуіне бойұсынумен Раббысының әмірін орындауда екенін бір сәтке де есінен шығармауы керек. Міне, сол әрекетіне сәйкес үлкен сыйдың да барын жадында сақтағаны жөн. Әйел – мейірімділік пен жылулық көзі. Ал, шаңыраққа бұл ауадай қажет.
6. Күйеуіңе күңдей бол
Құранда айтылғандай, сүйіспеншілік пен мейірімділік – отбасының басты тірегі. Денсаулық пен күш-қайраттың қарқынды және береке мен молшылық кезінде отбасын айрандай ұйытатын сезім сүйіспеншілік болса, ал қарттық келіп, науқас пен таршылық меңдеген шақта отбасын мейірімділік сақтап қалады.
Әйел күйеуінің Алла Тағала әміріне қайшы келмейтін әрбір сөзін бұлжытпай атқаруы қажет. Бәдәуи әйелдің өз қызына: «Оған (күйеуіңе) күң бол, сонда ол да саған құлыңдай болады», – деген насихатын естен шығармаңдар. Әйел жарын жақсы көргенде де, жылулығын сыйлап, құрмет көрсеткенде де, еркелік пен жұмсақтық танытқанда да күйеуіне қызметшісіндей болсын. Күйеуі қуанған сәтте ол түнермей, керісінше күйеуі уайым-қайғыда болса жөнсіз шаттанбау қажет.
7.Әйел – қорған
Ер азаматты дүниенің азғыруынан әйелі қорғайды. Сондықтан да әйел үйде ең әсем бейнеде, ең әдемі киімде және бойынан қош иіс аңқып тұруы керек. Күйеуіңнің көздері тек сені ғана көретіндей етіп қою керек. Ер азамат үйіне алып ұшып тұрсын. Жүрегі тек сені қалап, ауыр жұмыстан кейін босағадан аттай бере үйдегі жылулықтан жаны рақат тапсын.
Ең бастысы үйіңді жайқалған жәннат ету де, күйдіретін тозақ ету де өз қолыңда екенін ұмытпа!
[1] Рум сүресі, 21-аят
[2] Таха сүресі, 132-аят
[3] Нахыл сүресі, 125-аят

Милан (Италия) қаласының мұсылман жамағаты шаһарда мешіт тұрғызу жөнінде билік басшыларына сонау 2009-жылы ұсыныс жасап, хат жазған болатын. Алайда, әлі күнге дейін алып шаһарда бірде-бір құлшылық орны бой көтермеді.
Дегенмен, қазіргі таңда орын алған бірқатар оқиғалардан соң қала билігі ойлана бастаған сыңайлы. «Париждегі оқиғадан соң Ислам дінімен санасу қажеттілігі туындап отыр», – дейді Милан қаласының әлеуметтік саясат басқармасының төрағасы Пьерфранческо Мажорино.
«Жертөлелер мен ғимараттардан гөрі, мешітті бақылауда ұстау оңай», – деп есептейтін жасырмады ол өз сөзінде.
Осылайша, қала билігі қазіргі уақытта мешіт құрылысына мүдделік танытып, мұсылмандар ұсынысын орындауға құлшыныс танытып отыр. Тек «Солтүстік лига» партиясы ғана бұл іске қарсылық танытып келеді.
Ассаламу алейкум!
Қайтыс болған ағасының әйелін, яғни жеңгесін қайнысы алуға бола ма? Е. Қалиев
Уа алейкум ассалам!
Хадисте: «Егер сендерге діні мен мінез-құлқы ұнайтын кісі сұрап келсе, оған (қыздарыңды) тұрмысқа беріңдер. Әйтпесе, жер бетінде бүлік пен орасан зор бұзықтық еткен боласыңдар [1]»,-деп айтылғандай, жесір әйелдің тұрмыс құрмай жүруі ар-намысына және жалпы қоғамға зияны тиеді. Күйеуі қайтыс болған әйел өзі қалаған ер кісімен қайта шаңырақ көтеруіне болады. Дегенмен, мінезі жақсы және діндар қайнағасы немесе қайнысына тұрмысқа шығуы басқа ер кісіге жар болудан әлдеқайда жақсырақ. Оның көптеген пайдасы бар.
1. Марқұмның бауырлары жетім балалардың ағасы болғандықтан, олардың мейірімі мен қамқорлығы басқа ер кісіден қарағанда көбірек;
2. Шариғат бойынша әйел қайта тұрмысқа шықса, қызын қайтыс болған (немесе ажырасқан) күйеуінің туыстарының қамқорлығына беруі керек. Ал, қайнысына тұрмысқа шықса, қыз әйелдің жанында қала береді;
3. Әйелдің сол шаңырақта қалуы ата-енесі және басқа да туыстарының қамқорлығы мен мейірімінде болуының кепілі;
4. Балалары да анасының басқа кісіге тұрмысқа шыққанынан гөрі, өз әкесінің бауырлары қарамағында болғанын көбірек қалауы мүмкін.
[1] Тирмизи
Руслан Камбаров

Ассаламу алейкум уа рахматтолахи уа баракатух!
Әке-шешем шаңырақ көтергендеріне 20 жылдай уақыт болып калды. Олар Кеңес Одағы кезінде АХАЖ-ға тіркелген. Мұсылманша неке қидырмаған. Ата-анам мешітке барып неке қидыруы керек пе? Рүстем.
Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Рүстем! Кеңес заманында үйленгендер кейбіреулері тек АХАЖ-ға тіркелумен шектелгені мәлім. Бірақ, сол замандарда үлкендердің айтуымен неке қидырған жастар да болған.
Сіздің сауалыңызға келер болсақ, егер АХАЖ-да немесе құдалықта неке шарттары орындалса некелерін қидырудың қажеті жоқ.
Неке шарттары:
1.Қыз бен жігіттің сөз байласуы. Қыздың тұрмысқа шыққанда: «разымын»,-деп ал, жігіттің некеге алғанда: «қабыл алдым»,-деп өткен шақ формасында берген жауаптары;
2.Уәлидің, яғни қамқордың келісімі. Уәли – қыздың әкесі мен бауырлары. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Қайсы бір әйел уәлісіз (яғни қамқоршысыз) тұрмысқа шықса, оның некесі заңсыз... [1]»,-деп айтылғандай уәли некенің бір шарты;
3.Куәлардың қатысуы. Құран Кәрімде: «...Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар. [2]»,-деген. Ал, хадисте: «Уәлисіз және екі куәсіз неке жүрмейді [3]»,-деген.
Әдетте, осы шарттар құдалықта толығымен орындалады. Айтпағымыз, қазақ дәстүріндегі құда түсуде неке қиюдың барлық шарттары көрініс тапқан. Ал, егер бұл шарттар орындалмаған болса, мешітке келіп қидыруға болады. Бірақ, неке жайлы білмегендіктен және сол заманның заңы бойынша некеге қидырғандықтан мұндай кісілердің некесі дұрыс емес деуге болмайды.
[1] Әл-Ихтияр литаълил әл-Мухтар 2-том, Абдулла бин Махмуд бин Маудуд әл-Маусили әл-Ханафи, Бейрут, «Дарул Арқам бин Әбу Арқам», Неке бөлімі, уәли және өкілдік тақырыбы, 112-бет
[2]Талақ сүресі, 2-аят
[3] Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи, 2-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию шарттары, 153-бет
Руслан Камбаров