Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

1

Тақырып: «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәуліт мерекесіне орай Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнероликтерге бәйге жариялайды. БАС ЖҮЛДЕ – ҚАЖЫЛЫҚ.

Бәйге шарттары:

1. Бейнеролик мазмұны пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;

2. Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;

3. Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;

4. Бұрын еш жерде жарияланбаған болуы;

Бейнероликті This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады.

Сайт: Muftyat.kz

Телефон: 8 (727) 397-63-97, 8 (727) 397-64-84, 8 (778) 881-33-33

1811201602

Қазақстан егемендік алғалы бері өзге елдермен қарым-қатынас барынша нығайды. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары да тәжірибе алмасып, болашақ жан-жақты кадрлардың толыққанды білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрі де жасалуда.

Қазіргі таңда өңіріміздің маңдай алды оқу орындарының бірі — Қостанай мемлекеттік Ахмет Байтұрсынов университетіне сонау Франциядан дәріс беруге келген Dr Gaelle Roudaut пен Frederic Debeaufort өз саласының білікті тұлғалары.

1811201603

Олар жуырда Қостанай шаһарындағы Аймағанбет Спанұлы атындағы облыстық мешітте болып, жаңадан пайдалануға берілген киелі орынмен танысты.

Мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам қонақтарға бұл күндері облыс жұртшылығының парасат ордасына айналған мешіттің имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулудағы тыңдырып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты айтып берді.

1811201604

(Суретте: Dr Gaelle Roudaut мырза мен Frederic Debeaufort ханым)

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 18 Ноябрь 2016 11:19

Halaldamu.kz сайты іске қосылды

1811201601

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Halaldamu.kz сайты іске қосылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен халал өнімдерінің жәрмеңкесі кезінде белгілі болды.

Сайтта Қазақстандағы халалға байланысты жаңалықтар, мақалалар, пәтуалар және халал сертификатын алған кәсіпорындардың тізімі бар. Сондай-ақ сайттан, халал сертификатын алған мекемелер жайлы толық ақпаратты алып және интерактивты картадан олардың орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын қарай аласыздар.

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің мамандарының айтуынша бұл сайт халал өнімдерге деген сұраныстың күн санап артуына орай атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсету, ақпараттық технология заманында халықпен тығыз қарым-қатынаста болу үшін жасалып отыр.

Сілтеме: halaldamu.kz

15112016

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жыл сайын Елбасының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы кездесу өткізетіні баршаға мәлім. Ал ол ақпарат барлық өкілдіктердің атқарған шараларының нәтижесі арқылы жинақталады.

1511201604

Осы мақсатта Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары бас қосты. Мақсат атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.

Жалпы алғанда облыс көлемінде көптеген шаралардың атқарылғаны баршаға мәлім. Ол туралы бұған дейін барлық бұқаралық ақпарат құралдарында уақытылы көрсетіліпте, жазылыпта халыққа жеткізілді. Сонымен қатар облыстық мешіттің www.akmechet.kz ресми сайтында және facebook, ВКонтакте, Мой мир және Twitter сынды әлеуметтік желілерде де барынша қамтылған болатын.

Ондағы мақсат халықпен және зайырлы қоғаммен тығыз қарым – қатынаста болу.

1511201601

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 14 Ноябрь 2016 17:28

Баталы құл арымас

Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа жарқыным,
Қарыз ғып берсең қажетте емес алтының
(М. Мақатаев)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытының бірі - қайымдырылық жасау. Міне, осы бағытта Қостанай облысы өкілдігінің жұмысы барынша жандана түсуде.

Әрине бұл игілікті іс те өңірдегі жанашыр демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал жақсылыққа жаны құштар жандар «Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» қағидасын ұстанып, өздерін жарияға жар салғанын қаламайды. Өйткені, олар қайырымдылықтарын бір Алланың ризашылығы үшін жасайды және оны міндетсіп, мақтанбайды.

1411201602

Осындай демеушілердің арқасында тағы да 50 отбасына азық-түлік үлестірілді. Бұл көмек түрлі топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар мен күнкөрісі төмен жандарға көрсетілді.

Жалпы, қамқорлыққа мұқтаж кісілерге қол ұшын созып, көмек көрсету үлкен сауап болып табылады. Ол туралы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - делінген.

Облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Икрам келушілерге Ислам діні, қайырымдылық турасында уағыз айтты.

Қамқорлықты айқын сезінген жерлестеріміз бұл тағылымды шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.

1411201603

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

0911201601

Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мереке.

Міне, осы айтулы мейрамның құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі және Діни проблемаларды зерттеу орталығының демеушілігімен қалалар, аудандар мешіті жамағаты арасында шахмат турнирі өткізілді.

0911201602

Онда облыстық мешіттің найб имамы Азамат Мурзаканов бұл шараның басты мақсаты – өңірдегі мұсылмандар қауымының ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты күшейту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау екендігіне тоқталды.

Осынау турнир өте қызықты да тартымды ұйымдастырылғандықтан көпшіліктің есінде қалды. Оның қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

0911201603

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Ноябрь 2016 17:11

Мешіттегі тағылымды шаралар

0711201602

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде әйелдер мен қыздар секторының жамағатпен кездесу болып өтті. Онда «Үмнттің байлығы - бірлікте» тақырыбы әңгімеге арқау болды.

Осынау маңызды шарада күн тәртібіндегі негізгі тақырып бойынша облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы қозғалып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып, жиналғандарға уағыз айтты.

0711201603

Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі, уағыздан соң намазхан әйелдер мен қыздар арасында тағамдар жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Содан соң жамағатқа діни және ауызбірлік тақырыбына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Аналар арасында ұйымдастырылған бата беру сайысы да киелі орындағы жұртты елең еткізер оқиға болды.

0711201604

Мұндай кейінгі жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол шараны ұйымдастырған Жансая Салауатқызына өмір көрген ақ жаулықты аналарымыз шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

0711201605

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 02 Ноябрь 2016 12:10

Рудныйдағы жастармен жүздесу

0211201604

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында дінді жан-жақты әрі дұрыс түсіну мақсатында жастармен семинарлар өткізу дәстүрге айналды.

Осындай есте қалаларлық басқосу аталған шаһардағы №19 орта мектебінің оқушыларымен өткізілді. Бұл семинарға Рудный қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Аманболұлы, Рудный индустриялдық институтының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғалымдарының кандитаты Жасұлан Тұрғанбекұлы және осындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты.

0211201602

Осынау семинарда «Дін және жастар» деген тақырыпты жан-жақты ашуға айрықша назар аударылды.

Бас имам Сейіт Темірбекұлы жат ағымдардың алдын алудағы басты құрал – ұлттық идеология екендігін атап өтті. Себебі діни сауаты жоғары, білімді азаматтың қашанда рухы жоғары болатындығын жасырмады. Содан кейін жастарға беретін тәрбие жөнінде де өз ойын ортаға салды.

0211201603

Шара барысында жастар қатысқан зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

0211201605

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

0111201601

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы негізінде елімізде жүргізіліп жатқан сынақ Қостанайда да жалғасын тапты.

Аталған діни басқарманың жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Қостанай облысына арнайы келді. Алғашқы күні ол облыстың тыныс-тіршілігімен танысып, қалалық мешіттің жанындағы екі айлық сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп уағыз айтты.

0111201602

А.Ұтысханұлы іс-сапарының екінші күні өңірдегі қалалар мен аудандардың имамдары мен молдалары және ұстаздармен семинар өткізген соң «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» төңірегінде сұрақтар қамтылған сынақ алды.

0111201604

Бас қосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы мұндай сынақтардың дін қызметкерлеріне берері мол екендігіне, емтихандар дін қызметкерлерінің жан жақты сауатты болуына септігі тиетінін айтты.

0111201605

Онан соң дін қызметеркерлері қалалық Нұр Отан жастар қанаты ұйымының мүшелерімен кездесті. А.Ұтысханұлы өз сөзінде бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып екендігін. Сондықтан жастарға дінмен қатар ата-бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді қатаң сақтауға шақырды.

0111201607

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 01 Ноябрь 2016 12:24

Намаз кестесі СМС арқылы

«Намаз уақыты» СМС жазылысы өз ұялы телефоныңызға намаз жасайтын нақты уақытын алуға мүмкіндік береді. Күн сайын Сіздің ұялы телефоныңызға намаз уақыты кестесі туралы ақпарат және намаз жасау туралы алдын ала ескертуі келіп тұрады.

Сервисті қалай пайдалану керек?

Намаз уақыты әр елді мекенге географиялық бойлығы мен ендігі бойынша бөлек қалыптастырады. Әр қалаға бірегей код бекітілген.

«Намаз уақыты» қызметіне қосылу үшін Сізге ұялы телефоныңыздан 4103 қысқа нөміріне Сіздің қалаңызға сәйкес келетін коды бар СМСті жіберу керек.

Мысалы:
Қостанай қаласының намаз кестесіне жазылу үшін 4103 нөміріне 07142 коды бар СМСті жіберу керек.

Жазылыс сауал жіберген кезден 30 күнтізбелік күн әрекет етеді. 30 күндік жазылыстың бағасы – 200 теңге. Сервис Қазақстанның бүкіл GSM операторларының абоненттеріне қолжетімді.

Басқа қалалардың тұрғындарына кодтары (өз қаланыңыздың кодін 4103 нөміріне жіберіңіз):

Қала Облыс Код
Астана Ақмола облысы 07172
Ақсай Батыс Қазақстан облысы 071133
Ақтау Маңғыстау облысы 07292
Ақтөбе Ақтөбе облысы 07132
Алматы Алматы облысы 0727
Арал Қызылорда облысы 072433
Арқалық Қостанай облысы 071430
Атбасар Ақмола облысы 071643
Атырау Атырау облысы 07122
Аягөз Шығыс Қазақстан облысы 072237
Байқоңыр Қызылорда облысы 073622
Балқаш Қарағанды облысы 071036
Бейнеу Маңғыстау облысы 072932
Жәйрем Қарағанды облысы 071043
Жаңаөзен Маңғыстау облысы 072934
Жаңатас Жамбыл облысы 072634
Жаңақала Батыс Қазақстан облысы 071141
Жәнібек Батыс Қазақстан облысы 071135
Жаркент Алматы облысы 072831
Жезқазған Қарағанды облысы 07102
Жетісай Оңтүстік Қазақстан облысы 072534
Қазалы Қызылорда облысы 072438
Қандыағаш Ақтөбе облысы 071333
Қапшағай Алматы облысы 072772
Қарағанды Қарағанды облысы 07212
Қаратау Жамбыл облысы 07262
Көкшетау Ақмола облысы 07162
Қостанай Қостанай облысы 07142
Құлсары Атырау облысы 071237
Қызылорда Қызылорда облысы 07242
Мақат Атырау облысы 071239
Миялы Атырау облысы 071238
Павлодар Павлодар облысы 07182
Петропавл Солтүстік Қазақстан облысы 07152
Риддер Шығыс Қазақстан облысы 072336
Рудный Қостанай облысы 071431
Сайқын Батыс Қазақстан облысы 071124
Сарыағаш Оңтүстік Қазақстан облысы 072537
Сарыөзек Алматы облысы 072840
Сәтбаев Қарағанды облысы 071063
Семей Шығыс Қазақстан облысы 07222
Степногорск Ақмола облысы 071645
Талдықорған Алматы облысы 07282
Тараз Жамбыл облысы 07262
Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысы 072533
Орал Батыс Қазақстан облысы 071122
Өскемен Шығыс Қазақстан облысы 07232
Үшарал Алматы облысы 072833
Форт-Шевченко Маңғыстау облысы 072938
Хромтау Ақтөбе облысы 071336
Чапаев Батыс Қазақстан облысы 071136
Шалқар Ақмола облысы 07133
Шардара Оңтүстік Қазақстан облысы 072535
Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысы 07252
Екібастұз Павлодар облысы 07187

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником