Тәуелсіздің күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі атынан найб имам Икрам Бақытжан және Қажылар қауымдастығының төрағасы Ғайсин Жақсылық Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.
Өз кезегінде мұндағы тәрбиеленушілер тәуелсіздік күніне орай дайындаған өнерлерімен бөлісті. Ал дін өкілдері тәрбиеленуші жасөспірімдерге тәттілер мен киім-кешек табыс етті.
Бұл шара тәрбие үйінің басшылы тарапынан қолдау тауып, мешіт ұжымының басшысы Бахытбек Нұрғабылұлына алғысын хатпен жеткізді.
«Алдағы уақытта болашағымыз болып табылатын балалар өзінің жанұясында тәрбие алса екен» деген тілек білдірді Жақсылық ата.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі