Жақында белгілі дін қайраткері, Денисов ауданы «Жұма» мешітінің имамы Ыбыраев Денисов ауылында орналасқан Кәсіптік-техникалық колледжде болды.
Ол осы білім ордасында қызмет атқарып жатқан барша ұстаздар мен студенттерді еліміздегі ұлы мереке тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.
Мешіт көпшіліктің киелі орны. Сондықтан имандылық ордасын жөндеу жұмыстарына қолғабыс жасап жатқан осындағы кәсіптік шеберлер мен студенттерге Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды.
Жиналғандар имамның ұлағатты сөзінен көп тағылым алды. Мұндай игі мақсаттағы жүздесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі