Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 17 Апрель 2018 10:38

Шешім баршаның көңілінен шықты

Шешім баршаның көңілінен шықты

Жақында Қостанай облыстық мешітінде «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты конференция өткені белгілі. Бұл жиынға Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы және мешіт ақсақалдары қатысты.

Шешім баршаның көңілінен шықты

Осы конференцияда қабылданған шешімді халыққа құлағдар ету мақсатында Серік Темірбекұлы бастаған «Ғашура ана» мешіті қызметкерлері аудандық ақсақалдар кеңесінде келелі жиын өткізді.

Шешім баршаның көңілінен шықты

Аудан ақсақалдары қатысқан бұл басқосуда конференция шешімі бойынша жаназада ысырапшылдыққа жол бермеу жайлы ой қозғалды. Қызу әңгіме барысында жаназада берілетін ас мәзірі, қырқы,жылы өтетін күн жайлы хабарландырудан басқа марқұмның алдында сөз сөйлеуді тоқтату, ысырапшылдыққа жол бермеу, қойылатын құлпытас т.б. сияқты осы рәсімде қамтылатын көптеген сауалдар хақында талқыланды.

Шешім баршаның көңілінен шықты

Аталмыш шешімде барлығы бірауыздан қолдады. Ал ақсақалдар кеңесінің төрайымы Сания Сұлтанбекқызы отырысты ұйымдастырған мешіт ұжымына шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

Шешім баршаның көңілінен шықты

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкілгінің баспасөз қызметі

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

Қостанайда қасиетті Жұма күні бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Қостанай Агро Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «ҚМДБ Халал» куәлігін табыстады.

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

Кәсіпорын ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандарты бойынша тексеріліп, шығаратын өнімдері мен қызметтері шариғат талаптарға сай деп танылды.

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

Әрине бұл рұхсатнаманы алу кез-келген кәсіпорынға оңай берілетін дүнме емес. Ол үшін арнайы сараптама жасалып, толық тексерліп, көздері жеткен соң ғана осы аталмыш куәлік табыс етіледі.

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

Ал бұл Қостанайда ең алғашқы. Аталмыш кәсіпорынның негізгі қызметі өзіміздің күнделікті тұтынып жүрген төрт түлік малдың етін өңдеп сату.

Бұл орайда малды соятын қасапшы да осы стандартқа сай болуы тиіс. Осы кәсіпорынның бас қасапшысы Турикпенов Ергазы Жұмабайұлына да арнайы рұхсатнама мен мөр табысталды. Себебі ағамыз малды шариғат талабына сай өңдейтінін дәлелдеген.

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

Жалпы мұсылман қауымын шариғат талаптарына сай сапалы, сенімді өнімдермен қамтамасыз ету заман талабы. Осы орай елімізің барлық аймақтарында халал өнімдер саны күн сайын артып келеді және арта берсін!

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

«Қостанай Агро Продукт» Халал куәлігін алды

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 13 Апрель 2018 15:07

Үш күндік семинар

Үш күндік семинар

Жақында Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосып, үш күндік семинар өткізді. Бұл жиында басты басымдық дініміздің өзекті мәселелері болып табылатын «Фикһ» және «Ақида» бойынша дәрістерге берілді. Аталмыш тақырыптарда бас имам Б. Тәжімбет және найб имамдар А. Ерматов пен Д. Сыздықовтар жүргізді.

Үш күндік семинар

Жиынның қортынды күнінде алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық барысы туралы айтылып, жүзеге асырылатын нақты міндеттер пысықталды.

Үш күндік семинар

Семинарда ҚМДБ-ның бөлімдері бойынша тапсырмалардың орындалуы жайлы атқарылған жұмыстардағы жетістіктер мен кемшіліктер де жан-жақты талқыланып, тапсырмалар берілді.

Үш күндік семинар

Сонымен қатар облыстағы жергілікті ақпараттық насихаттау тобының жиыны да өткізіліп, оған Қостанай облыстық дін істері басқармасының басшысы Ж. Үмбетов қатысты.

Үш күндік семинар

Мұндай кездесулер өте маңызды. Өйткені, онда имамдарға алдағы қызметтерінде пайдасын тигізетін жайлар қозғалады.

Үш күндік семинар

Үш күндік семинар

Үш күндік семинар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 09 Апрель 2018 09:48

«Жүректен жүрекке»

Халқымыздың асыл қасиеттерінің қатарында – қайырымдылық, жомарттық және кеңпейілділік те бар. Өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу де үлкен азаматтыққа жатады.

img01

«Жанашырлыққа – жан риза» демекші, қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанынан табылып, оларға дер кезінде қол ұшын беру де сауабы мол іс әрі әрбір мұсылманның парызы болып табылады.

img01

Осындай сауапты іске айрықша көңіл бөлген Арқалық шаһарындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын ұйымшылдықпен өткізді.

img01

Бұл жолғы қайырымдылық шарасын мешіттің «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырды. Онда сауат ашу курсының ұстазы Айнұр Болатқызының басшылығымен мешіт жамағаты мен шәкірттер қолдан жасалған тағамдарын әзірледі. Олар дайындаған бауырсақ, ыстық тоқаштар, құрт, жент және түрлі тәттілердің дәмі тіл үйіреді.

img01

Осы акциядан түскен қаржы әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатында жұмсалады.

img01

Әрине, Бектұрсын Уәлиев басқаратын мешіт қызметкерлері бұдан бұрын да қайырымдылық акцияларын тиісті деңгейде ұйымдастырып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Болашақта да мұндай игі мақсаттағы шаралар жалғасын таба беретіндігі сөзсіз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Арқалық қаласында ардагерлер кеңесі мен «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің мұрындық болуымен «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын болып өтті. Жиынның негізгі мақсаты - жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке салуды насихаттау, аста-төк ысырапқа жол бермеу жайы.

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Ұлттық салт-дәстүр мен діни рәсімдерді сақтаудағы аға буын өкілдерінің рөлі талқыланған жиынға қала әкімдігі, зиялы қауым өкілдері және қалаға қарасты әр ауылдың молдалары мен ақсақалдар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық асхана-кафе басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Жиынды қала әкімінің орынбасары Т. Әубәкіров жүргізді. Ал бас имамы Б.Уәлиев жиынның алға қойған міндеті жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Сондай-ақ белгілі дін қайраткері облыс орталығында өткен келелі конференцияда қабылданған шешіммен жұртшылықты таныстырды.

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Одан әрі қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Ғапбасов шаһарда атқарылып жатқан діни рәсімдерге қосымша өз ұсыныстарын білдірсе, дін жанашыры Мираш қажы Тәшетов сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды.

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Ақсақалдар алқасы жергілікті мешіт имамдарымен бірлесе отырып, тұрақты түрде жас жеткіншектерге дін мен қатар тәрбиелік мәні бар ұлттық ғұрыптарды да насихаттап, түсіндіріп отыру қажеттігін айтты. Өз дәстүрін білмеген, құрмет тұтпаған жас буын өзінің дінін де ардақ тұта алмай түрлі жат ағымның жетегінде кетіп қалуы мүмкін деген түйінге келді.

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

Арқалықтғы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 29 Март 2018 17:16

«Кәмшат ана» мешітінде

img01

Жақында Рудный қаласы Қашар кентіндегі «Кәмшат ана» мешітінде «Ислам және отбасы» жылы аясында мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Ең дәмді тағам» сайысы және «Ата-анаға құрмет» тақырыбында шара ұйымдастырылды.

img01

Бұл тағылымдық жағы мол жарысқа әділқазылар алқасы құрылды. Оған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы, Қостанай әйел-қыздар секторының өкілі Гүлдана Жаңабайқызы, Қашар кенті әкімінің орынбасары Айнагүл Сәбитқызы арнайы шақырылды.

img01

Бір ғажабы, сайысқа қатысушы жүрегі нәзік жандардың бәрінің де дайындаған тағамдары бірінен-бірі өтерліктей дәмді болып шықты.

img01

Сондықтан да әділ қазыларға нағыз жүйріктерді анықтау да жеңілге соққан жоқ. Дегенмен де олар бәрін де сарапқа сала келе шеберлердің есімдерін атады.

img01

Өздерінің талғампаздықтарымен назарға түскен қыз-келіншектерге арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жиынның соңында барлық қатысушыларға Қостанай әйел-қыздар секторының өкілі Гүлдана Жаңабайқызы өзіне тән парасаттылықпен Исламдағы әйел мәртебесі хақында әңгімеледі.

img01

Жалпы, Ислам дінінде ата-анаға және әйел затына ерекше құрметпен қараған. Сол себептен де Қашар кентіндегі иманды да ибалы перзент тәрбиелеп, үлкен құрметке бөленген аяулы аналарымызға да мешіт атынан сый-сияпат табыс етілді.

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Үстіміздегі жылы да «Ұлыстың ұлы күні» меркесі өңірімізде тиісті деңгейде аталып өтті деп толық айта аламыз. Биыл да ол Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

img01

Осынау мерекеге Қарабалық аудандық «Ғашура Ана» мешітінің ұжымы да жан-жақты дайындалды. Ол өткізілмес бұрын аудандық «Айна» газетіне іс-шара туралы хабарлама беріліп, мешіт жамағаты арнайы шақырылды.

img01

Аталған ауданның әкімі Арман Алиев барша халықты ұлы мерекемен құттықтап, оларға ең ізгі тілектерін білдірді. Мейрамның танымдық-тағылымдық жағына айрықша назар аударылды.

img01

Мәселен, осынау бағдарлама барысында жүн иіру, күбі пісу, диірмен тарту сияқты ұлттық кодымызға сай көріністер қойылды. Қос бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, ақсақалдар ақ батасын берді.

img01

Қазақтың ежелден келе жатқан өзге де көне салт-дәстүрлері көпшілікке ұсынылды. Жиналған қауымға мешіт жанашырлары арнайы ас дайындап, наурыз көже таратып, дастархан жайды.

Басқосуда осындай есте қаларлық шараны ұйымдастырған „Ғашура ана„ мешітінің ұжымына шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын жаудырды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Əссəлəумағалейкум уə рохматуллаһи уə бəрəкəтуһ, құрметті бауырлар мен əпке-қарындастар! Алланың қалауымен 2018 жылдың 18 наурызында мүбәрак Ережеп айы басталды, осыған орай, жиі қойылатын сұрақтар бағанын жариялап отырмыз.

1. Ережеп айының басында оқылатын дұға

Сұрақ: Біз Ережеп айының басында оқылатын дұға туралы білеміз, алайда кейбір адамдар оны сенімсіз әрі оны оқу - дінге енгізілген жаңалық деп санайды. Дұрысы қалай болмақ?

Жауап:

Әнәс ибн Мәлік Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Ережеп айы туғанда келесі дұғаны оқығанын келтірген:

اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَانْ

«Аллахумма бәрик ләнә фи Раджабан уә Шаъбанә уә баллиғнә Ромадан», аудармасы: «Иә, Алла, бізді Ережеп және Шағбан айларында есіркеп, Рамазанға жетуімізге жәрдемдес». (Шу’абул Иман, 3534 хадис, Ибни Сунни, 660 хадис, Мухтасар Зауаид Баззар, 662 хадис, сондай-ақ, Әл-Азхарды қараңыз, 549 хадис) Хадис әлсіз деп саналады, алайда оны ұстануға болады. Бұл дұғаны дінге енгізілген жаңалық деп айту шектен шыққандық. Имам Нәуауи (рахимахуллах) бұл хадисте біршама әлсіздік бар деп айтқан (Әл-Азхар, 549 хадис).

Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (рахимахуллах), бұл хадис осы амалдың (Ережептің басталарында дұғаны оқу) құндылығын дәлелдеуге жарамды деген (Латаиф, 172 б.).

Әлләмә Мұхаммад Тахир әл-Фатани (рахимахуллах) бұл хадис әлсіз, бірақ осы жағдайда мұны ұстануға болады деген (Тазкиратул Маудуат, 117 б.).

Бұл орайда, әлсіз хадистерде келтірілген дұғаларды қолдануға болатындығын айта кеткен жөн. (Мустадрак Хаким, дұға туралы тараудың басы және хафиз Ибн Хаджардың «Натаиджул Афкары», 5 т, 291 б.)

2. Ережеп айының басындағы үш күндік ораза жайлы

Сұрақ: Ережеп айының басындағы үш күндік ораза туралы келесі хадис сенімді ме: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан: «Ережеп айының бірінші күніндегі ораза үш жылдық күнәні өтейді, екінші күнгі ораза екі жылдық күнәні өтейді, ал үшінші күнгі ораза бір жылдық күнәні өтейді, одан әрі әрбір оразаның күнінде бір айдың күнәсі өтеледі?»

Жауап:

Әбу Мұхаммед Әл-Халля бұл хадисті өте әлсіз иснадпен келтірген, сондықтан бұл хадисті дәйексөз ретінде келтіруге болмайды. (Джамиу с-Сағыр, 5051 хадис, Файдул Кадир мен Ат-Тайсир би шархиль Джами ас-Сагырды қараңыз. Сондай-ақ, Ахмад Сиддик әл-Гумаридің «Әл-Мугырын» қараңыз).

Алайда, Молла Әли Қари (рахимахуллах) жалпы айтқанда Ережеп айында бізге мүмкіндігінше қосымша (нәпіл) ораза ұстау қажет деп жазады. (Әл-Адаб фи Раджаб, 30 б.)

3. Ережеп айындағы истиғфар жайлы

Сұрақ: Жақында маған Ережеп пен Шағбан айларында оқылатын арнайы истиғфар жайлы хаттама келді. Осыған қатысты мына хадистің негізі бар ма: «Кімде-кім осы истиғфар дұғасын Ережеп пен Шағбан айлары бойы күніне жеті рет оқып тұрса, Алла Тағала сол адамның амалдарын жазып тұратын періштелеріне күнәлары жазылған амал дәптерін жыртып тастауды бұйырады: Астағфируллаһә ғазыймә-лләзи лә Иләһә илләһу әл-хайюл қайиюму уә әтубу иләйһи тәубәтан ғәбдин залимил-линәфсиһи лә йәмлики ли нәфсиһи мәутан бәлә хайтән уә лә нүшүр?»

Жауап:

Сіздің сауалыңызда келтірілген хабарлама кейбі кітаптарда санадсыз (тізбексіз) келтіріледі, сол себепті мен оның сахихтығын растай алмаймын (қараңыз: Әл адаб фи Раджаб, 39 бет)

Ережеп айы ислам күнтізбесіндегі төрт қасиетті айлардың (әш-шухур хурум), бірі болып саналады, сол себепті осы айда құлшылықты, соның ішінде истиғфарды да (кешірім сұрау) барынша көбейткен абзал.

Молла әли-Қари (рахимахулла) өз ұстазының Ережеп айында истиғфар дұғаларын көбірек оқитын болғандығы жайлы жазады (әл Адаб фи Раджаб, 38 бет).

4. Рағайыпты (Ережеп айының бірінші жұмасына қараған түнді) ерекше атап өту жайлы

Сұрақ: Көптеген мұсылман елдерінде Рағайыб түнін, яғни дұғаладың қабыл болатын Түнін атап өту кең таралған. Бұл түні Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, анасының құрсағына біткен деп есептеледі, сондықтан Алла осы түні Өзінің сүйікті Пайғамбары үшін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мүміндерге олардың тілегендерін береді делінген. Осы түні мешіттер таң атқанша ашық болады және мүміндер ерекше намаз - сәләтүл-Рағайыпты оқиды. Осы амал жөнінде не айта аласыздар?

Жауап:

Рағайыб түніндегі ерекше намаздың құндылығы туралы айтылатын хадистерді біздің үмбетіміздің көптеген мұхаддистері ойдан шығарылған деп жарияланған болатын.

Осындай хабарламаларды дәйексөз ретінде келтіруден, сондай-ақ, әлдебір ерекше атап өтулерден немесе осы түнгі құлшылық әрекеттерінен бойды аулақ ұстаған жөн. Хафиз Ибн Раджаб (рахимахуллах) былай жазған: «Осы түні ерекше құлшылық әрекеттерін орындаудың ешбір дәлелдері жоқ. Ережептің бірінші жұмасындағы түні оқылатын ерекше намаз «сәләтүл-рағайыб» туралы айтылған хадистер жалған әрі ойдан шығарылған. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұл әрекеттер дұрыс емес, дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұндай тәжірибе (бұл түнді атап өту) бірінші рет бесінші ғасырда пайда болған…». (Латаифул Маариф, 228 б.

Сондай-ақ, Хафиз Ибн Хаджардың «Табинул Аджабын», 7 б; Мұхаммад Тахир әл-Фатанның «Тазкиратул Маудуатын» 116-117 б, Молла Әли Каридің «Әл-Маснуын’, 259 б, 464 хадис, шейх Абдул Хай Лякнавидің «Әл-Асарул Марфу’асын», 44 пен 48 б; «Раддул Мухтарды» (Ибн Абидиннің), 2 т, 26 б. қараңыз).

5. «Ережеп айында мұсылманның жағдайы жеңілдетіледі...» деген хадис жайлы

Сұрақ: «Кімде-кім Ережеп айында мүміннің бейнетін жеңілдетсе, оған Алла жұмақтан сарай сыйлайды» - деген хадистің растығын тексеріп берсеңіздер.

Жауап:

Хафиз Ибн Хаджар (рахимахуллах) бұл хадистің мәтінін ойдан шығарылған деп айтқан. Сондықтан хадисті дәйексөз ретінде келтіруге болмайды. (‘Хафиз Ибн Хаджардың «Табиинул Аджабын» қараңыз, 27 б, 12 хадис)

6. Ережап айына қатысты жалған хадис жайлы

Сұрақ: Келесі хадис сенімді ме: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан: «Ережеп айы - Алла жақсы істерді көбейтетін ай. Сондықтан, кімде-кім Ережеп кезінде бір күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады; кімде-кім жеті күн ораза ұстаса, оған Тозақтың жеті қақпасы жабылады, кімде-кім сегіз күн ораза ұстаса, оған Жұмақтың сегіз қақпасы ашылады; кімде-кім он күн ораза ұстаса, ол Алладан тілегендерінің бәрін алады. Кімде-кім он бес күн ораза ұстаса, оған көктен мынандай дауыс болады: «Негізінде, сенің бұрында жасағандарыңның (жамандықтарың) бәрі кешірілді, сондықтан енді жақсы істеріңді көбейт». Ережеп кезінде Алла Нұхты, оған Алланың сәлемі болсын, алты айға кемеге міндірді, оның соңғы күні Ашура күніне келді, сол күні кеме Жуди тауына келіп тоқтады, сонда Аллаға разылықтарын білдіріп, Нұх және онымен бірге болғандар, тіпті жануарлар да, ораза тұтқан екен...».

Жауап:

Имам Табарани (рахимахуллах) және басқа мұхаддистер бұл хабарламаны жазып алған (Әл-Муджамул Кабир, 5538 хадис).

Имам Байхақи (рахимахуллах) бұл хадистің шынайылығын теріске шығарған. Хафиз Захаби (рахимахуллах) хадисті ойдан шығарылған деп жүйелеген. Сондықтан бұл хадиске жүгінуге болмайды.

7. Миғраж түні Ережептің 27-не түседі дегеннің дәлелі бар ма?

Сұрақ: Миғраж түні Ережептің 27-не дәл келуінің дәлелі бар ма?

Жауап:

Ережептің 27-ші жұлдызы Миғраж түніне анағұрлым жақынырақ болып табылады және кейбір ғалымдар бұл оқиғаның осы түні болғаны туралы пікірді ұстанған. Алайда, жалпылама алғанда, осы күн жөнінде ғалымдардың пікірлері екіге бөлінгендіктен, Миғраждың дәл осы түні орын алғандығын сеніммен бекітіп айтуға болмайды.

Хафиз Ибн Хаджар Әсқаләни (рахимахуллах) өзіне Миғраж күні туралы оннан астам пікірлер белгілі екенін жазған. (Фатхул Бари, 7 т, 254-255 б, 3887 хадис).

Муфассирлердің бірі (Құранға түсінік берушілер) Әл-Қуртуби (рахимахуллах) Миғраж оқиғасы Рабиүл-ахир айында орын алған деген пікірді дұрысырақ көрген. (Тафсир Қуртуби, 5 т, 551 б.).

Мұхаммад Шафи (рахимахуллах) оның пікірімен келісіп, былай айтқан: «Мұхаддистер (Миғраждың) нақты орын алған күніне тоқталмаған, дегенмен Ережептің 27-і күні деген пікір кең таралған және танымал» (Ма’арифул Құран, 5 т, 443 б, сондай-ақ, Сырат-и-Мустафаны қараңыздар, 1 т, 288 б).

Хафиз ибн Абдул Барр (рахимахуллах) мұның Ережеп айында орын алғанына келіскен және имам Нәуәуи «Ар-Раудта» оның пікірімен келіскен.

Жоғарыда айтылғандардан анық болғандай, ғалымдар әлдебір нақты күнге келісе қоймаған. Мұны мүфти Мұхаммад Таки Усмани «Ислам айлары» кітабында растаған.

Менің ұстазым шейх, мухаддис Фадлюл Рахман Азами (хафизахуллах) Миғраж тақырыбына арналған қысқа мақаласында былай жазған: «Істің мәні - Миғраж түнінің кесімді күнін тұжырымдау мүмкін еместігінде».

8. Миғраж түнін ерекше атап өтудің дәлелдері бар ма?

Сұрақ: Менің сұрағым Миғраж жөнінде: бұл оқиғаның Ережеп айының тура 27-ші күні болғаны туралы Құранда немесе хадистерде дәлелдер бар ма? Осы түні жасалатын әлдебір құлшылық түрлері бар ма?

Жауап:

Мұсылмандардың көпшілігі Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көкке Ережеп айының 27-де көтерілген деп санайды. Бұл пікірді дәлелдейтін бірнеше хабарламалар бар, алайда басқа күндер көрсетілген өзге де хабарламалар бар. Сондықтан бұл түннің қай уақытта болуы керектігі туралы бізде нақты мәліметтер жоқ.

Әз-Зуркани (рахимахуллах) Миғраждың қай айда орын алғандығы туралы бес түрлі пікірлер келтіреді: Рабиүл-аууәл, Рабиүл-ахир, Ережеп, Рамазан және Шәууәл айлары. Мұхаддис Абдул-Хакк Дехляви (рахимахуллах) ғалымдардың көпшілігі ең дұрысы - Миғраж оқиғасы Рамазан немесе Рабиүл-әууәл айында болған деп санайтындарын атап көрсеткен.

Ғалымдардың осы оқиғаны нақты бір күнге жатқызуға тырыспайтындығы, дәл осы түні ерекше құлшылық түрлерін жасаудың қажет еместігін көрсетеді. Егер де осы түнгі ғибадаттың әлдебір ерекше орны болатын болса, онда, әлбетте, Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары бізге бұл жөнінде хабарламалар жеткізер еді. Сахабалар, олардың бәріне Алла разы болсын, біздің сүйікті Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өмірінің барлық егжей-тегжейлігін сақтаған, сол себепті олардан осы түні жасалатын (егер сондай амалдар болған болса), әлдебір ерекше құлшылық түрі бізге жетер еді.

Егер кімде-кім осы түнді құлшылықпен өткізгісі келсе, онда ол әрбір түні жасалуы мұстахап болған кез-келген ғибадатты орындай алады: нәпіл намаз оқу, Құран оқу, зікір, дұға жасау және т.б.  Алайда оларды осы түні жасалатын ғибадат үшін әлдебір ерекше сауап болар деген сеніммен жасамау қажет.

Ақыры, осы түні адмдар мешітке жиі жиналатын болғандықтан, имамдар мен ғалымдар осы уақытты адамдарды игілікке шақырып, жамандықтан қайтарып, осы түн туралы дұрыс пікірді түсіндіру үшін пайдаланулары керек. (Махмудийя пәтуасы, 3/283-285, Фарукия), (Ислам айлары, 49-63, Маариф).

9. Ережептің 27 күні тұтатын оразаның мұстахап екендігінің дәлелі бар ма?

Сұрақ: Ережептің 27-де ораза ұстаудың мұстахап екендігінің дәлелдері бар ма?

Жауап:

Хадис ғалымдары Ережеп айының әлдебір ерекше күнінде ораза ұстаудың қажеттілігін дәлелдейтін хадистердің жоқтығына бірауыздан келіседі.

Ережеп айының кез-келген күнінде ұсталатын оразаның жалпы құндылығын дәлелдейтін бірнеше хадистер бар, себебі Ережеп - бұл қасиетті төрт айдың бірі. Осы айлардың (Ережеп, Зул-қағда, Зул-хижа, Мұхаррам) бірінде орындалған кез-келген ғибадат өте бағалы болады. (Табийнул Аджаб, 7-11 б, Латаифуль Маариф, 228 б, Әл-Адаб фи Раджаб, 25 б).

Жоғарыда айтылып өткендей, ин ша Алла, адам Ережептің кез-келген күнінде ұстаған оразасы үшін сауап алады деп айта кету керек, бірақ дәл 27-і күні ұсталған оразаның сауабы ерекше болады деп сену қажет емес.

Менің ұстаздарымның бірі, шейхул-хадис Фадлюл Рахман Азами (хафизахуллах) Миғраж туралы мақаласында былай жазған: «Ережеп айындағы оразаға келер болсақ: оның қай бір күнінде ұсталған оразаның құндылығын дәлелдейтін сенімді хадистер жоқ. Алайда Ережептегі оразаның құндылығы туралы айтылған бірнеше ойдан шығарылған немесе өте әлсіз хадистер бар. Әлләма Суюти (рахимахуллах) сондай хадистерді жазып алып, олардың әлсіз екендігін көрсеткен.


АВТОРЫ
Мұхаммад Абасұмар
Мүфти
АВТОРЫ
Ибрагим Десаи
Мүфти, Құран хафызы
ДЕРЕККӨЗІ
Hadith Answers
An online source for Hadith Fatwas
ДЕРЕККӨЗІ
Askimam.org
Recent Fatwas by Mufti Ebrahim Desai
АУДАРҒАН
Azan.kz
Ислам ақпараттық-ағарту порталы

Среда, 28 Март 2018 09:59

Қостанайда 2500 адамға

img01

Қасиетті жұма күні Қостанай облыстық мешіті ұлттық тағам «Наурыз көже» таратты. Ұлттық тағам үлкен-үлкен 4 қазанда пісірілген болатын. Ал ол дегеніміз кемінде 2500 адамға жететіндей дәрежеде еді. Дәмі тіл үйіретін Наурыз көжеден дәм татпаған адам болмады.

img01

Осынау игі мақсаттағы шараны мешіт ұжымы мен Қостанайда жүрген Қызылорданың жаны жайсаң әрі жомарт азаматтары сонау Сыр елінің Жаңақорған жерінен арнайы аспаздарды шақырып ұйымдастырды. Сонымен қатар дастарханға көпшілікке таңсық «Қауын қақ», «Майсөк» және басқа да тағамдар қойылды.

img01

Бұл дәстарханнан дәм ауыз тиген әрбір кісі ұлттық тағамның ерекшелігін, тіл үйіретін дәмін тамсана айтысып, мешіт ұжымына ризашылығын білдіріп жатты.

img01

Бұл күні «Қайрымдылық акциясы» да ұйымдастырылған болатын. Оған мешіттің жанашырлары өздерінің үлесін қосып, белсене атсалысты. Қыз-келіншектер өздерінің қолымен пісірілген тәтті торттары мен тоқаштарын ұсынды.

img01

Сонымен қатар бұл күні Қостанай облыс бойынша мешіттердегі намазхан бауырлар арасында «Қазақ күресі» бойынша жарыс өтті.

img01

Онда жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 26 Март 2018 11:39

Салт-дәстүр және діни рәсімдер

img01

Міне осы атаумен ү.ж. 23 наурызда Қостанай облысының жұртшылығына аса маңызды болған конференция болып өтті.

img01

Аталмыш шараның негізгі тақырыбы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жақында жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптағы көтерілген мәселелер болатын.

img01

Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы «Қазіргі таңда жаназа шыққан үйде ысырапшылдықты доғаруды, ақтық сапарға шығарып салу кезінде жаназаны митинг етпеуді және басқа да келеңсіз жайттарды қысқарту керектігін» - айтып өтті.

img01

Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов та жиналғандар алдында сөз сөйлеп, көтерілген тақырыптың аса қажеттілігін тілге тиек етті.

img01

Сөз алған Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып баяндамасының соңында «Қозғалып отырған тақырып маңызды, оның жалпы мұсылман қауымына берері мол»- деп тамамдады.

img01

Осы орайда Арқалық қаласының құрметті азаматы Мираш қажы, Алтынсарин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбек Карбенұлы, Ұзынкөл ауданынан Кенесары Омарұлы көтерілген мәсеге байланысты ойларын салып, ұсыныстарын айтты.

img01

Осылайша Конференцияның соңында Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қозғалған тақырып аясында көпішіліктің ұсынысымен «Жаназа және жерлеу кезіндегі шектеулер», «Ас мәзірі» және «Бейіт салу» шешімді жариялады.

img01

img01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником