Міне осы атаумен ү.ж. 23 наурызда Қостанай облысының жұртшылығына аса маңызды болған конференция болып өтті.
Аталмыш шараның негізгі тақырыбы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жақында жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптағы көтерілген мәселелер болатын.
Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы «Қазіргі таңда жаназа шыққан үйде ысырапшылдықты доғаруды, ақтық сапарға шығарып салу кезінде жаназаны митинг етпеуді және басқа да келеңсіз жайттарды қысқарту керектігін» - айтып өтті.
Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов та жиналғандар алдында сөз сөйлеп, көтерілген тақырыптың аса қажеттілігін тілге тиек етті.
Сөз алған Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып баяндамасының соңында «Қозғалып отырған тақырып маңызды, оның жалпы мұсылман қауымына берері мол»- деп тамамдады.
Осы орайда Арқалық қаласының құрметті азаматы Мираш қажы, Алтынсарин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбек Карбенұлы, Ұзынкөл ауданынан Кенесары Омарұлы көтерілген мәсеге байланысты ойларын салып, ұсыныстарын айтты.
Осылайша Конференцияның соңында Қостанай облысының өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қозғалған тақырып аясында көпішіліктің ұсынысымен «Жаназа және жерлеу кезіндегі шектеулер», «Ас мәзірі» және «Бейіт салу» шешімді жариялады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі