Ассалам уалейкум! Сіздерге неке қию жөнінде сұрақ жіберіп едім, жеткенін не болмаса жетпегенін білмедім, сондықтан қайталайын. 1. Мешітте неке қиюдың талаптары мен шарттарын білейін деген едім (қандай құжаттар қажет, ақшалай құны қанша т.б.). 2. Бұл менің екінші некеге тұруым, бірінші рет ресми үйленіп ажырасқам, осы өткен кезеңім неке қиюға қандай-да бір кедергі туғызады ма? 3. Алдымен мешітте неке қидырып содан кейін ғана барып ресми тіркеуге тұрсақ болады ма? жауабыңызды күтудемін, рахмет.