Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Өңірдің Әулиекөл ауданында халық тығыз орналасқан үш елді мекен бар. Олар - Әулиекөл, Кұсмұрын, Аманқарағай селолары. Осы үш ауылда 30 000-ға жуық халық тұрады. Дені қазақ болғанымен әлі де болса, орыс мектептерінде оқып жатқан қандастарымыз баршылық.

Осыны ескере отыра Әмит ишан мешітінің ұйымдастуруымен аталған үш елді мекенде орналасқан орыс орта мектептеріндегі оқушылармен кездесу болып өтті.

Атылмыш басқосуларда имамдар «Баланың ата-анасының алдындағы міндеттері», «Суицидке Ислам діні қалай қарайды» және «Ислам дініндегі жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияндары» деп аталатын тақырыптарды мағыналы әңгіме өрбітті.

Кездесуде «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрбол Балахметов және Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиевке қатысушылар шынайы ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 07 Март 2019 15:09

Алғыс айту күні құрметіне

Жұртшылыққа 1 наурыз Қазақстанда алғыс айту күні болып белгіленгені аян. Оған Жітіқара аудандық мешіті де айрықша назар аударады.

Аталмыш ауданның «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Қапарұлы «Жітіқара ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдык мемлекеттік мекемесіне келді.

Осынау балалар орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Актаева сөз сөйлеп, алғыс айту күнінің мәні мен мазмұнына айрықша тоқталды.

Бас имам осы жиында балаларга оқу құралдарын тапсырып, ең ізгі тілегін білдірді. Балалар мен мекеме қызметкерлері оларға шын көңілден шыққан ризашылықтарын жеткізді.

Сонымен қатар аудандық мешіттің белсенді намазхан жамағатының бірі және мешітке әрдайым қолғабыс етуге дайын тұратын Каюмназаров Талғатқа «Алғыс хат» ұсынылды.

Өйткені Талғат бауырымыз өзінің уақытын бөліп, имамдардың уағыз-насихаттарын фото және видеоға түсіріп өндеп береді. Жұмыстарын әрдайым сапалы түрде жасайды. Міне халқымызда «Жақсы адамның жақсылығын айт нұры тасысын» деген мақал осындай кісілерге айтылса керек.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан халқының Ассамблеясы Қарабалық ауданының қоғамдық келісім кеңесі және аудандық ақпараттық- түсіндіру мүшелері Қазақстан агротехникалық колледжінің жатақханасында «Терроризм мен экстремизм – қазіргі заман мәселесі» деген тақырыпта кездесу өткізді.

Жалпы, қозғалған мәселе өте өзекті. Біз терроризм мен экстремизмнің адамзатқа тигізетін зардабын білеміз. Сондықтан жастарымыздың осындай жағымсыз әдеттерден аулақ болуы қазіргі таңда аса маңызды.

Кездесу барысында Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы студенттерге терроризм мен экстремизм жайлы және террористтік акт ұйымдастырушылардың мақсаты жөнінде жан-жақты әңгімеледі.

Бозбалалар дін қайраткерінің әңгімесінен көп жайды көңілдеріне түйді. Мұндай басқосулардың өте маңызды екендігіне көздері әбден жетті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 07 Март 2019 14:56

Иманды ұл, инабатты қыз

Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл, қыз боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі

Сатыбалды ишан мешітінде Жандарбек Мүбәрәкұлының бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен жетекшісі Бақытбек Ақынғазыұлы.

«Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі» тақырыбында кездесу болып өтті. Шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен таныстырып, Жандарбек Мүбәрәкұлы балаларға халықымыздың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтарын, салт-дәстүрін, ата-бабамыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.

Сонымен қатар оқушыларға елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтап, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге шақырды.

Сонан соң оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, кездесудегі әсерімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет болып табылады. Сондықтан да облысымыздың жер-жерлеріндегі киелі орындарды қаншама кейінгілерге ғибрат боларлық шаралар өткізіліп тұрады.

Мәселен, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің «әйел-қыздар» секторы қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларын ұйымдастыруға әрқашанда ұйытқы болып келеді.

Жуырда киелі орынның қызметкерлері қала тазалығына жауапты жұмысшыларды Алғыс айту мерекесімен құттықтап, оларға ыстық тамақ әзірлеп, дастархан жайды.

«Әйел-қыздар» секторының жауапты қызметкері, ұстаз Айнұр Болатқызы мен мешіт имамы нәзік жандыларға имани тәлім-тәрбиелік жайлы баяндай келіп, олардың қыстың аязды күндері мен жаздың аптап ыстығында аянбай тер төгіп жүрген еңбектері үшін дән риза екендігін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Елбасы үстіміздегі жылды жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Соған байланысты өңіріміздің бірқатар аудандары мен қалаларында түрлі тәрбиелік маңызы зор әрі жастарға берері мол ізгі шаралар ұйымдастырылуда.

Өйткені, бүгінгі жастар еліміздің ертеңі. Білімді де білікті жігіттер мен бозбалаларға қайда да сұраныс жоғары. Бұл орайда Меңдіқара ауданындағы «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің тындырып жатқан жұмыстары да аз емес.

Жуырда киелі орын қызметкерлері мектеп-интернаттағы жатып оқитын балаларға сый-сияпат жасады. Әрине, олар мұндай ілтипатқа шексіз қуанышқа бөленгені белгілі.

Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын өткізіп, жастарды ізгілік пен мейірімділікке, қайырымдылыққа елімізге адал еңбек етуге баулу беретіндігі даусыз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 06 Март 2019 10:56

Тағылымы мол басқосу

Жуырда Таран ауданыңда Мәуліт мерекесі ойдағыдай ұйымдастырылды. Бұл аса мағыналы жиынға облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы арнайы шақырылды.

Сондай-ақ өңірдегі Жітіқара, Денисов, Лисаков секілді аудан және қалалардың бас имамдары да қатысты.

Көпшілік алдында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы барша жұртшылықты Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, басқосқан мұсылман қауымға Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі ғұмыры жайлы әңгімеледі.

Рухани кешке қатысқан ақындар да суырып-салма өнерлерімен ағайындарды тәнті етті. Аудандық «Әйет» мешітінің шәкірттері Пайғамбарымызға салауат оқып, көпшілікке ой салды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 06 Март 2019 10:57

Өлеңді ауылындағы мереке

Науырзым ауданының Өлеңді ауылында екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күні – Мәуліт мерекесі ойдағыдай аталып өтті.

Онда мереке құрметіне арнайы жайылған ақ дастархан басындағы іс-шараны мектеп директоры Жомарт Амантайұлы жүргізіп отырды. Ал ауыл әкімі Ашис Орманов жиылған жамағатты осынау мейраммен шын жүректен құттықтады.

Ешмұрат Расулхан Пайғамбарымыздың өмірбаяны жайлы баяндады. Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Әл-Фараби Ерболұлы және ауыл молдасы Қадірбек ақсақал хадистермен мысал келтіре отырып, терең ойға қалдырған уағыз айтты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 05 Март 2019 15:52

Ислам дінін қабылдады

Өткен жылы қараша айында өзге ұлт өкілінің қызы Тобыл кентіндегі "Ажар" мешітіне келіп, өзінің Ислам дінін қабылдауға ниетті екендігін білдірген болатын.

Осы мешіттің имамы Жасұлан Серікбайұлы оны жылы жүзбен қарсы алып, Исламның шарттарымен құндылықтарын кеңінен түсіндірген еді.Әлгі жүрегі нәзік жан тілін кәлимаға келтіріп,оған Азан шақырылып, есімін Ләйла деп атаған еді.

Бүгінде сол Ләйла Жұма сайын намазға келіптұрады.Алдағы уақытта қасиетті Құранды үйренугеде ниетті екендігін айтты.

Мешіт жамағаттары оған дән риза. Оның Исламға құрметпен қарайтындығына тәнті болып, оған кітап, жайнамаз, Ташпих және басқа да заттарды сыйлады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником