Жуырда Қарабалық ауданында теріс ағымдардың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен кездесу болып өтті.
Бұл жүздесуге барлық қызметкерлер толық қатысты. Ондағы негізгі мақсат - теріс ағымдардың тигізер залалын түсіндіріп, ол жөнінде жиналғандарға ақпарат беру еді.
Сол себептен есімі көпшілікке жете таныс азамат, аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы деструктивті теріс ағымдардың ұстанымын, олардың қоғамға зияндығы хақында жан-жақты мағлұмат берді.
Кездесудің соңында жиналғандар қойған сұрақтарына толыққанды жауап алды. Мұндай маңызды басқосулар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.