Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Мешіт – имандылық ұясы» тақырыбында уағыз айтты.

Белгілі дін қайраткері өзінің шешендігімен, жан-жақты білімімен жиналған қауымды баурап алды. «Екі дүние бақытына жол көрсететін ғибадат үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ал қасиетті Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады» (Тәубе сүресі, 18-аят).

Бас имам Қостанай облысының аудан, қала, ауыл-аймақтарда ораласқан мешіттер санын баяндап, мешіті жоқ аудан-ауылдарға жұдырықтай жұмыла мешіт салуда атсалысуға шақырды

 
  
  
  
  
  



 
		  	 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
		 
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                  


 
					 
					 
					 
					 
					 
					 
					 
					 
					 
					