Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 07 Август 2020 09:38

30 игі шара: Имам пәтерлі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі пәтерге» деп аталатын қайырымдылық акциясы аясында елімізде талай кісілер баспаналы болып, үлкен қуанышқа кенелуде.

Жуырда осындай қуанышқа дін саласында 30 жыл аянбай еңбек етіп, жұртшылықты имандылыққа, адамгершілікке баулып келе жатқан Қостанай облысы Алтынсарин ауданында имам болып қызмет атқаратын Ерік қажы Қожахметұлы Ыбырай ие болды.

Оған жоғарыда аталған «Ел үлесі пәтерге» жобасының 249-шы баспанасы өзінің кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданында табыс етілді. Мұндай сәтті күтпегендіктен болар, оның жүзінен ерекше жоғары көңіл-күйдің нышаны айқын сезілді.

Ұзақ жылдар бойы өз саласында адал жұмыс істеген азаматқа мұндай мүмкіндік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үстіміздегі жылғы мерейтойына орай діни кадрларға құрмет көрсету, марапаттау бөлімі және «Зекет» корпоративтік қорының тікелей бастамасымен туғызылғандығын ерекше атап өткеніміз жөн.

Ерік қажы Ыбырай адал еңбегін ескеріп, өзіне пәтер сыйлаған діни басқарма мен «Зекет» корпоративтік қордың басшыларына, өңірдегі барша жанашыр әріптестеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.

Біз халық сүйіспеншілігіне кенелген дін қайраткерінің қуанышына ортақтаса отырып, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт, жауапты қызметінде табыс тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 07 Август 2020 12:35

Арқалық: Ноутбук силады

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы қызметке кіріскелі бері талай игі іске мұрындық болып, көмекке мұқтаж жандардың қуанышына ортақтасты.

Ұлық мереке Құрбан айтқа байланысты да қайырымдылық шара ұйымдастырды. Ол Ардақты Пайғамбарымыздың «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, дұшпандықты кетіреді» деген өсиетін басшылыққа алды.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде мешіт жанашыры Расул Абайұлы бауырымыздың демеушілігімен бір күнде ата-анасынан айырылған Нұрислам есімді оқушыға ноутбукт сыйға тартылды жәнеде 25 000 тг қаржылай көмек көрсетілді.

Жаны ізгі азаматтардың ыстық ықыласына бөленген Нұрислам алғысын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 07 Август 2020 13:28

Мешітке бір пәтер

«Дорстрой материял ХХІ» ЖШС Директоры Марченко Владимир Анатольевич мырза Республикалық "Біз біргеміз" акциясының аясында Тобыл кентінің "Ажар" мешітіне құны 3000000 (үш миллион) теңге тұратын 5 қабатты үйдің 1 қабатынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып берді. Ол пәтерді Арафа күні Ажар мешітіне ТОО «Дорстрой материял ХХІ» Директорының орынбасары тапсырды.

Кілтті тапсыру салтанатына Б.Майлин аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, жергілікті Тобыл кенті әкімінің бірінші орынбасары Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы арнайы келіп, Ажар мешітінің имамына үйдің кілті табыстау сәтіне қатысты. Ауданымыздың бас имамы Нураханов Аязбек Жумабайұлы Қостанай облысының бас имамы Бақытбекқажы Тәжімбеттің Құттықтауы мен алғысын жеткізе отырып, үй алып беруге көмек сұрағанымызда жауапсыз қалдырмай көмектесіп үй алып беруші мекеме басшыларына және ұйымдастырып, жанашырлық танытып басы- қасында жүрген аудан әкімшілігі мен «Нұр Отан» партиясының басшыларына рахметін білдірді. Қасиетті Арафа күнгі Алла разылығы үшін мешітімізге жасалған сыйлықтарыңыз, тілеген жақсы тілектеріңізді Алла өзі кабыл етсін деп дұғасын жасады. Келген мешіт жамағаттары да өз ризақшылықтарын білдіріп, үй алуға себеп болған барша азаматтарға рахметін айтып жатты.

Соңында аудан имамы Нураханов Аязбек Жумабайұлы үй алып беруші мекеме басшыларына алғысын білдіріп Бұрынғы Мүфтиіміз болған Әбсаттар қажы Дербісәлінің "Иман және Заман" атты кітабын сыйға тартты. Соңында естелікке фотоға түсті.

Понедельник, 03 Август 2020 19:34

Халықтың ризашылығына бөленді

Үстіміздегі жылғы Құрбан айт мейрамы өңірімізде ұйымшылдықпен өтті. Белгілі дін қайраткері Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет басқаратын Қостанай облыстық мешіті қызметкерлерінің ұйытқы болуымен бұл мереке ойдағыдай әрі тиісті деңгейде ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан карантинге байланысты мейрам кезінде қойылған барлық талаптар орындалды. Облыс бойынша 106 қой, 32 сиыр, 104 тоқты, 10 ешкі құрбандыққа шалынды.

Сөйтіп, алдын ала көмекке мұқтаж жандардың өтініштері назарға алынып, 1619 адамға сойылған ет таратылып берілді. Таратылған ет 11716 келіні құрады.

Жалпы, қамқорлыққа бөленген отбасылары мен азаматтар Құрбан айт кезіндегі өздеріне көрсетілген көмекке дән риза болып, шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Сонымен, биылғы үлкен айт мерекесіне өңірдегі барлық мешіттерде тыңғылықты әзірліктер жасалып, 3 күнде қаншама жанұялар мен жерлестеріміздің ыстық ықыласына бөленді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пятница, 31 Июль 2020 16:57

Қостанайда Құрбандық шалынуда

Алдында ескертілгендей бүгін 31 тамыз күні Қостанай облысы бойынша Құрбан айт мерекесіне орай арнайы рәсімдер өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылуда.

Жалпы облыс бойынша Qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға 91 тапсырыс берілген болатын. Сол тапсырыстарды орындау бойынша бүгінгі күні мешіт қызметкерлері «Амиго» ЖШС кешенінде құрбандық шалу аманатын орындауда.

Барлық өтініштер орындалып болған соң құрбандық еттерін мұқтаждарға жеткізіп беруге кіріседі.

Сонымен қатар кейбір қала аудандарда етке мұқтаждығы бар отбасыларына жеткізіліп берілді.

Қостанай облыс бойынша баспасөз қызметі

Санаулы күндерден кейін күллі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айт басталады. Биылғы Құрбан айт мейрамының бірінші күні шілде айының 31-не тұспа-тұс келіп тұр.

Аймағымыздың бас имамы Бахытбек Тәжімбет алдағы мереке қарсаңында Қостанайдағы «Амиго» серіктестігіне қарасты қасапханада болып, құрбанға шалынатын малдардың бағасын, жай-күйін, сойылатын орындардың санитарлық тазалығын тексеріп келді.

Облыстық мешіттің найб-имамы Әлішер Балахмет қасапшыларға семинар өткізіп, құрбан шалудың тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Жалпы, өңіріміздің дін қызметкерлері онлайн құрбан шалуға әзір екендерін әрі түсіндіру жұмыстарының да қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.

 Биылғы жылы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Құрбан айт күні құрбан шалу рәсімінде біраз өзгерістер болады.

Атап айтсақ:

  1. Карантинге байланысты құрбан айт намазы биыл оқылмайды.
  2. Құрбан шалу рәсімі Qurban2020.kz сайтында онлайн (қашықтықтан) орындалады.
  3. Онлайн Құрбан шалу тек 31 шілде күні жүзеге асады, ал 1-2 тамыз күндері төтенше жағдайға (локдаун) байланысты құрбан малын онлайн шалу рұқсат етілмейді.
  4. Құрбандықта сатылатын малдар: 1) Ешкі, қой -1 жас, 2) сиыр (ірі қара) – 2 жас, 3) алты айға толған семіз қозы болса құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі.
  5. Биыл қойдың бағасы — 50 000 теңге, тоқты – 40 000 теңге, ешкі — 35 000 теңге, ірі қара (сиыр) малы – 350 000 теңге. Ірі қара малын бір адам 50 000 тенгеден қосылып, 7 адам бірігіп шалуға болады
  6. Онлайн құрбандық шалғанда, малдың еті толықтай мұқтаждарға қалдырылады.
  7. Құрбан шалу уақыты күн шыққаннан бір сағаттан кейін шалынып, күн батқанша жалғасады.
  8. Онлайн құрбан шалу Қостанай қаласындағы «Амиго» қасапханасында орындалады. Ол жерде тек қана қасапшы, имам және онлайн видеоға түсірушы оператордан басқа ешкімге кіруге рұқсат етілмейді, — деді Бахытбек Нұрғабылұлы.

Ақпарат http://www.kostanaytany.kz сайтынан алынды

МАҚАЛА АВТОРЫ QYDYRBEK QIYSHAN

Четверг, 30 Июль 2020 09:16

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Қадірлі қауым!

Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді.

Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды.

«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.

Материалдық мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс.

Құрметті отандастар!

Өкінішке қарай, әлемдегі және елдегі жағдайға байланысты Құрбан айтты өз дәрежесінде атап өтіп, жамағатпен құлшылық жасай алмаймыз. Алланың аманаты болған өміріміз бен денсаулығымызды сақтау – мұсылмандық міндетіміз. Алайда сауап іздеген адам үшін жақсылықтың есіктері қашан да ашық. Біз осы ретте құрбан шалу шараларын қашықтықтан жүзеге асыруды қолға алдық.

Құрбан айттың тарихына терең бойласақ, Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сынақ жібергеннен кейін оны сүйінші хабармен қуантқан. Бұл туралы Құранда баяндалған: «...Бұл нағыз ашық сынақ еді. Біз оның орнына үлкен құрбандық (Ұжымақ қошқарын) ауыстырдық. Біз оған соңғылар ішінде «Ибрахимге сәлем!» деген алғыс қалдырдық. Біз жақсыларды осылай сыйлаймыз. Өйткені, ол иманды пенделерімізден еді» («Саффат» сүресі, 106-111-аяттар).

Аса Мейірімді, ерекше Кеңшілік Иесі Раббымыз осы сынақты тезірек жақсылыққа алмастырғай. Шалған құрбандық, берген садақа, жасаған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылғай.

Алла Тағала жер бетін жұқпалы дерттен тазартып, жақсылығы мен берекетін жаудырғай. Қауіпті індеттен қайтыс болғандарды мейіріміне бөлеп, науқас жандарға шипасын бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

Мешіттеріміз ашылып, жамағатпен құлшылық жасайтын күнді жақын етіп, қалыпты өмір тіршілігіне қайта оралуды жазғай! Әмин!

БИЫЛ ҚҰРБАН АЙТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Алла қаласа 31 шілде мен 2 тамыз ара­лығында елімізде Құрбан айт мерекесі өтеді. Биылғы Құрбан айтта елдегі пандемияға байланысты жылдағыға ұқсамайтын біраз өзгешеліктер болғалы тұр.

Биыл тұңғыш рет онлайн құр­бан шалу жобасы қолға алынды. Осы бағытта wuww.qurban2020.kz сайты іске қосылды.Жаңа сайт қалай жұмыс істейді?

Онлайн құрбан шалу несімен ерекшеленеді? Пандемия жағдайында Құрбан айт мерекесі қалай өтеді? Құрбандыққа шалынатын мал қандай болуы керек? Осы және басқа да сұрақтарға ертең, 29 шілде күні сағат 21:00-де ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап береді.

«Құрбан айт – ұлық мереке» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн кездесуді Діни басқарманың youtube және instagram каналдарынан көруге болады.

Тікелей эфирді тамашалап, сұрақ қойыңыз. Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Понедельник, 27 Июль 2020 09:39

Құрбан айтқа арналған брифинг

Жуырда облыстық «Qostanai» телеарнасының ғимаратында алдағы Құрбан айтқа байланысты брифинг болып өтті. Оған Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет және Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Азамат Мурзақанов қатысты.

Бұл басқосу екі тілде жүргізілді. Онда биылғы еліміздегі карантинге орай Құрбан айт мейрамында құрбан шалу рәсіміндегі өзгерістер жайлы жан-жақты айтылды.

Үстіміздегі жылы мешіттерде бұрынғыдай Құрбан айт намазы оқылмайды. Құрбандық шалу рәсімі онлайн (қашықтықтан) орындалады. Онда негізінен түйе, сиыр, ешкі, қой сойылады.

Бір тоқтала кетер жай, жағдайы келген отбасылар қой сойса, жеті адам қосылып, ірі қара малды шалуға болады.

 Ағайындарға айтарымыз, Құрбан еті шариғат бойынша үшке бөлінеді. Оның бір бөлігі өз отбасына қалдырылады, бір бөлігі туған-туыстары мен көршілеріне беріледі. Қалған бір бөлігі жоқ-жітік пен көмекке мұқтаж жандарға таратылады. Жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша мешіт ұжымы көп балалы отбасыларды назардан тыс қалдырмайды. Сондықтан жүрегі жомарт азаматтар шын ниетпен Құрбандыққа шалған малдарының етін мешітке әкеліп тапсырса да болады. Қайырымдылық көмектің сауабы қашан да мол.

 Биыл Құрбан айт 31-шілде мен 1-2 тамыз күндері аталып өтпек. Жоғарыда Құрбандық шалу рәсімі онлайн түрінде жүзеге асырылатындығына тоқталдық. Құрбандық шалу уақыты күн шыққаннан бір сағаттан кейін атқарылатындығын ұмытпаған жөн. 

Мұсылман бауырларымыз бұл мәселе бойынша Қостанайдағы «Амиго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қасапханасымен байланыс жасағандары абзал. Құрбандық шалуға ықылас танытқан ағайындар Qurban2020.kz сайтына кіріп, онлайн тапсырыс бере алады.

Құрметті жерлестер! Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы баршаңызды алдағы келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Әрбір отбасына ырыс-береке, молшылық, зор денсаулық тілейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником