Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық мешітінде қалалар мен аудандардың бас имамдарына арналған семинар өтті.

Оның барысында Құран, Ақида және де Фикһ ілімдері бойынша дәрістер ұйымдастырылды. Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы және наиб имамдар Дархан Сыздықов пен Тимур Туребаев алдағы уақыттағы болатын имамдар аттестациясына даярлық жайын пысықтады. Ал Қанат Орынтайұлы құжаттар мен қызметтік тапсырмалар бойынша және заң саласындағы кейбір жайттар бойынша кеңес берді.

Сонымен қатар алған діни білімдерін күнделікті қызмет барысында ұтымды пайдалану, жұртшылыққа дұрыс жеткізу, түсіндіру, насихаттау хақында өз ойларын ортаға салды.

Мұндай семинарлар алдағы уақытта да өткізіліп, өңірдегі имамдардың діни сауаттарын тиісті деңгейге көтеруге игі ықпалын тигізе беретіндігі даусыз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 05 Октябрь 2021 16:51

Қостанай: 100 отбасы

Қостанай облыстық мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері өткен айда аймақтағы әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетті. 

Бұған осы қордың жетекшісі, тәжірибелі дін қайраткері Бақытжан қажы Икрамның бізге берген мәліметі нақты айғақ. Оның сөзіне сүйенетін болсақ, қыркүйекте өңір бойынша 100 қамқорлыққа мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері табыс етілді.

Осы мақсатқа демеушілердің тікелей қолдауымен 1 млн 863 мың 690 теңге жұмсалды. Қамқорлық шапағатына бөленген жерлестеріміздің оларға деген алғысы шексіз. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 05 Октябрь 2021 16:49

ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Сарыкөл ауданы "Аққозы қажы" мешітнің Бас имамы Исламұлы Нұрбол қажы басқаратын мешіт ұжымының ұйымдастыруымен  «Қазыналы қарттар» атты шара өткізілді. 

Еліміз бойынша аталып өтетін осы мереке қарсаңында арамыздағы қарт кісілерге, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу. Осынау қыйын қыстау заманда оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету - адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр.

Мерекелік жиын барысында Бас имам Нұрбол қажы "Қарттары бар ел-бақытты ел" турасында уағыз насихат айтып, сыйлықтар табыстады. Осынау ықыласқа риза болған ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналарда барша ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 05 Октябрь 2021 16:04

Үйлену оңай...

Жуырда Қостанай облыстық мешітінің жаныңдағы «Жастар ісі және әйел-қыздар» секторларының ұймдастыруымен үстіміздегі жылы жарияланған Ихсан жылы аясында семинар болып өтті. 

Мұнда жиналған қауымның алдында облыстың Бас имамы Бахытбек Тәжімбет пен наиб имам Әлішер Ертайұлы сөз сөйлеп, болашақта отбасын құратын өңір жастарына үлкен тағылым болатын ғибратты насихат айтты. 

Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде: «Қоғам отбасынан құралады, еліміздің болашағы нұрлы және жарқын болуы сіздерге байланысты. Яғни өз алдарына жеке шаңырақ көтеретін жастардың сыйластығына, ауыз бірлігіне және туған жеріне деген ерекше сүйіспеншілігіне байланысты. Сіздер осындай биіктен көріне беретіндігіне кәміл сенемін» деді. 

Сондай-ақ мешіттегі жастардың өзекті мәселесімен тікелей айналысатын наиб имам Әлішер Ертайұлынын да пікірі өте мағыналы әрі ұтымды шықты. Ол ата-бабаларымыздан келе жатқан «Үйлену оңай, үй болу қиын» дегеннің мағынасын шараға қатысушыларға түсіндіріп жеткізді.

Бұл мешіттегі басқосуда баршаның есінде қалған бір ұмытылмас жай, қатысушылардың ішінде қос жұп мешітте ақ некесін салтанатты түрде қиып, Бас имамның батасын алды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 04 Октябрь 2021 16:40

Арқалық: Қарттарға құрмет көрсетілді

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша өңіріміздегі имандылық ордасы болып табылатын мешіттерде 1 қазан-Халықаралық қарттар күні ойдағыдай аталып өтілді. 

Мәселен, қазақтың қаймағы бұзылмаған Арқалық қаласындағы «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жаңадан тағайындалған Бас имам Нұрхан қажы Бақтыбайдың тікелей ұйымдастыруымен киелі орында осы мерекенің құрметіне арнайы дастарқан жайылды.

Онда «Қарттарым-асыл қазынам» деп аталатын тақырыпта уағыз айтылып, өмір белестерінен өткен аға буын өкілдерінің атына жылы лебіздер айтылды. Оларға лайықты сый-сияпат жасалды.

Мағыналы ғұмыр кешкен ақсақалды қарттарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз өздеріне қазіргі індетке байланысты қиындықтарға қарамастан ілтипат танытқан Бас имам мен мешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, шапағаты мол жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 01 Октябрь 2021 12:38

Рудный: Тағылымы мол кездесу

Жақында «Рудный қалалық Нұр» мешіті Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбы бойынша қаладағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы және №19 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – жас жеткіншектерге жат ағымдар мен олардың зияны жайында ой салар ақпарат беріп, діни сауаттылықты арттыру.

Кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Дәурен Қайратұлы «Діни бірлестіктер туралы» Заңы туралы түсінік берсе, мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы діни ағымдар мен олардың зияны, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан сақтанып, теріс ағымның ықпалында кетпеу жайлы кеңінен тоқталды.

Жүздесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген нақты сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Пятница, 01 Октябрь 2021 13:48

Б.Майлин ауданы: «Уақыт»

Жалпы дін дегеніміз ораза мен намаз ғана емес. Заман табына сай мәнді мағыналы уағыз насихат айту, жас буынға жол сілтеу. Міне осы орайда Б.Майлин ауданының Бас имамы Хамзин Ислам осы ауданға қарасты С.Ерғалиев атындағы орта мектеп оқушыларымен жүздесті. Онда «Уақыттың қадірі» деп аталатын тақырыпта әңгіме қозғалды.

Ол қазіргі уакытта ғаламтор желісін көп пайдалану адамның уақытын алатынын сонымен бірге оның зияндық жағы да бар екендігі туралы айтып. Тіпті, сол ғаламтордың кесірінен кейбір жастар жат ағымдардың ықпалына еріп кетуі де әбден мүмкіндігін ескертті.

Соның алдын алу қазіргі таңда аса маңызды. Жоғарыда аталған басқосуда сол жайлы жан-жақты айтылып, қатысушыларға үлкен ой салды. Мектеп шәкірттері де Бас имамның өзекті мәселе жайлы мағлұматтарын мұқият тыңдаумен қатар, өздерін толғандырып жүрген сауалдарын да қойды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, мұндай кездесулердің тәуелсіз еліміздің тірегі болып табылатын өскелең ұрпаққа берері мол екендігін осы жүздесу айқын көрсетті.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником