Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 23 Декабрь 2021 11:18

Рудный: Жыл қорытындысы

Қазір имандылық ордаларында биылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, келер жылы жүзеге асырылатын игі істер тиянақталып жатыр. Осындай маңызды жиын Рудный қалалық «Нұр» мешітінде де болып өтті.

Бас имам Бектұрсын Уәлиев алдымен кездескен қиындықтарға қарамастан өз мамандықтарына адалдық танытқан мешіттің қызметкерлерін еліміздегі ұлы мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Оларға алғыс хат тапсырып, сый-сияпат жасады.

Басқосуда 2022 жылы халыққа көрсетілетін қызмет барынша жанданып, қайырымдылық және басқа да ізгі мақсаттағы шаралар өткізілетін болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 23 Декабрь 2021 10:52

Қарабалық: Өзекті мәселе

Жуырда Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік Темірбекұлының ұйытқы болуымен өзекті мәселе - теріс ағымдардың алдын алу мақсатында бірқатар маңызды кездесулер өткізілді.

Осы жүздесулерге қысқаша тоқталып өтелік. Алдымен олар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен «Деструктивті теріс ағымдардың қоғамға зияны» жөнінде әңгіме өрбітті.

Содан кейін өңірімізге белгілі Қазақстан агротехникалық колледжінің жатақханасында студенттермен «Деструктивті теріс ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?» деген тақырыптағы кездесу терең мазмұнымен есте қалды.

Аталмыш басқосуда жастарға теріс ағымдардың жетегінде кетпеу үшін олар нені білу керектігі, сондай-ақ қозғалып отырған жайдың қоғамға тигізетін зияны мен зардабы жайлы кеңінен түсіндірілді. Студенттердің қойған сауалдарына тиянақты жауап берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 23 Декабрь 2021 10:39

Меңдіқара: Колледждегі кездесу

Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің найб имамы Ерік қажы Ыбырай Кәмшат Дөненбаева атындағы ауыл шаруашылық колледжінің екінші және үшінші курс студенттерімен Ихсан бағыты аясында имани кездесу өткізді.

Жастар оның маңызды тақырыпқа арналған әңгімесін мұқият тыңдады. Содан кейін өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Жүздесудің соңында олар өздеріне арнайы келіп, қазіргі таңдағы өте қажетті де мазмұнды, тағылымды әрі ғибратты ой-пікірлері үшін Ерік қажыға шынайы алғыстарын білдіріп, оған жауапты қызметінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 21 Декабрь 2021 11:02

Рухани тәрбие негізі - Ихсан

Қалың жұртшылыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі жылды Ихсан жылы деп атағаны белгілі.

Оны Бахытбек қажы бастаған аймақтағы дін қызметкерлері де қолдап, бірқатар игі істерді жүзеге асырды. Соның бір жарқын айғағы ретінде облыстық мешітте конференция ұйымдастырылды. Іс-шара Құран оқумен басталды. Оған көрнекті ақын Ақылбек Шаяхмет, танымал ғалым Қалқаман Жақып, аталған имандылық ордасы жанындағы алқа мүшелері, аудан мен қалалардың имамдары қатысты.

Жиында Бас мүфтидің тікелей бастамасымен жарық көрген «Ихсан рухани тәрбие негізі» деп аталатын қос тілде және «Толық адам» атты кітаптардың тұсауы кесілді.

Осы басқосуда құнды еңбектердің лентасын қиған Ақылбек Қожаұлы «Ихсан» сөзінің терең мәні мен мазмұнына, оның оқырман мен мұсылман бауырларымызға берер тағылымы және басқа да өзіндік ерекшелігіне жан-жақты тоқталса, ал Қалқаман Хасенұлы жүрек дерттері жайлы ойлы пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, адам бойындағы көркем мінез бен өзге де қандастарымызды ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа бастайтын тәрбиелік жақтары жөнінде әңгіме өрбітті.

Облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы конференцияны қорытындылай келіп, жиынның мәртебелі қонақтары Ақылбек Шаяхмет пен Қалқаман Жақыпқа Алғыс хаттарды табыс етті.

Сонымен қатар ол конференцияда қозғалған тақырыптың өте өзекті екенін, осы бағытта алдағы уақытта да тыңғылықты жұмыстар атқарыла беретіндігін айтты. Барлық қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, қызметтерінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Денисов аудандық "Жұма" мешітінің ұжымы жергілікті жамағатты имандылық пен парасаттылыққа, ізгілікке, адалдыққа баулып, асыл дініміздің құндылықтары мен рухани нәріне сусындатып келеді.

Бұл күндері жаңадан жөндеуден өткен имандылық ордасына келушілер де аз емес. Мешіттің бас имамы Руслан Маратұлының іскерлігінің арқасында жүзеге асырылған жарқын істер тілге тиек етерліктей.

Ғимараттың қазіргідей тартымды да жұрт назарын аударарлықтай деңгейге жетуіне мұсылман бауырларымыз, жүрегі жомарт жандар мен демеушілер өздерінің лайықты үлесін қосты.

Жалпы, мешіттегі жөндеу жұмыстары осы жылдың күз айында басталып, дер кезінде аяқталды. Мәселен, имандылық ордасының ауласы қақпамен толық қоршалды.

Сондай-ақ мешіт баспалдағы күрделі жөндеуден өтіп, арнайы тұтқалармен бекітілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылды. Сөйтіп, қысқа мерзімде пайдалануға беріліп, аудан тұрғындарын үлкен қуанышқа бөледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 14 Декабрь 2021 16:16

Қостанай: Тәрбие жастан

Жақында еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай қалалық"Жайлаубай ата"мешітінің наиб-имамы Ерлан Сыздықов және ұстаз Темірлан Бақай Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттермен кездесті.

Өңірге белгілі жоғары оқу орнында білім алып жатқан жастармен болған бұл басқосуда патриоттық тақырып арқау болды. Мұндағы үш топпен жүздесу қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Мешіттің білікті мамандары кездесуде еліміздің өміріндегі ең құнды да қастерлі тәуелсіздік жайлы әңгіме өрбітті. Студенттердің қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 14 Декабрь 2021 09:01

Тобыл: Бас имам ауылда

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Тобыл қаласы орталығындағы «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы және найб имам Азамат Серікбайұлы Қостанай ауданына қарасты Мәскеу және Озерный ауылдарында болды.

Олар сапар барысында селолық округ әкімдерімен кездесіп, елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті халықпен дін, адалдық жөніндегі өзекті тақырыптарды қозғады.

Бұл жүздесулер өте әсерлі өтті. Жиналған жұртшылық білікті мамандардың дін насихаты жайлы ой-пікірлерін тыңдап, өздерінің көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Дархан Сыздықов жаңа қызметке кіріскелі бері бірқатар қордаланып қалған жұмыстарды тындырды. Мешіттің ішіндегі бөлмелерді жөндеуге ерекше көңіл бөліп, имандылық пен ізгілік жайлы қаншама іс-шаралар өткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 09 Декабрь 2021 14:24

Ұзынкөл: Бас имам сапары

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Ұзынкөл ауданында іс сапарда болды.

Алдымен ауданда ұйымдастырылған қазақша күрестен өткен жарыста бағын сынаған палуандарға сәт сапар тіледі. Осынау шеберлік пен бап сыналар сайысқа 80 жасөспірім қатысты. 

Жарыс болған жерде жеңімпаздар да топ жарады. Онда Нұрлан Әміреш Бас жүлдені жеңіп алып, түйе палуан атанды. Оған жүлдеге ақ қошқар табыс етілді.

Күрес қорытындысында бірінші, екінші және үшінші орынды иеленген жас палуандарға арнайы дайындалған медальдар тапсырылды. Барлық қатысушылар сый-сияпат пен құрметке бөленді.

Сапар барысында аса маңызды басқосулар мен кездесулердің ажарын кіргізіп, жиналған қауымды алдағы қазақ халқының өміріндегі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Ұлы мерекенің құрметіне дастарқан жайылып, ас берілді. Онда да жеңімпаздардың атына жылы лебіздер айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 09 Декабрь 2021 11:24

Қайырымдылық: Қарашаның тәтті наны

Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам жетекшілік ететін «Қайырымдылық және Зекет қоры» өткен қараша айында талмай жұмыс істеп, өңірде қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Осы арада сөзіміз нақты болу үшін деректер мен дәйектерге сүйенелік. Мәселен, аймақ бойынша 90 адамға азық-түлік таратылды. Бұл мақсатқа 1 млион 810 теңге жұмсалды.

«Қолы ашықтың - жолы ашық» демекші, қор басшысы Бақытжан қажы демеушілер мен қаржылай көмек көрсеткен жүрегі жомарт жандарға айтар алғысы шексіз. Алла разы болып, істері алға баса берсін деген тілекте.

Қостанай облыстық мешітініңбаспасөз қызметі

Четверг, 09 Декабрь 2021 11:20

Құран – өмір нәрі

Қостанай облыстық мешітінің «Әйел-қыздар секторы» ұстазы Халим Жансаяның ұйымдастыруымен «Құран хатым» дұғасы жасалды. Онда қатысушылар өздерінің жақындарына дұғадан бағыштады.

Сондай-ақ, киелі орындағы сауат ашу курсын тәмәмдаған шәкірттерге сертификат тапсырылды. Бұл олардың өміріндегі есте қаларлық сәттердің бірі екені даусыз.

Осы шарада ұстаз Жансая Салауатқызы Құран Кәрімнің қасиеті жайында уағыз-насихат айтып, оны жұртшылық ұйып тыңдады.

Кеш соңында шарға қатысушылар бір-біріне сыйлық ұсынып, дастархан басында тәтті шәй ішіп тарқады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником