Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Алтынсарин ауданында болды.
Ол сапар барысында жергілікті «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоспар бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында мешіт пен асхана толық аяқталып, аудан жұртшылығына есігін айқара ашпақ.
Иә, өңірімізде тәуелсіздіктің арқасында қаншама осындай киелі орындар бой көтеріп, жерлестерімізге қызмет көрсетіп жатқаны белгілі. Жаңа мешіттің де құрылысы біткен соң, асыға күтіп отырған мұсылман бауырларымызды үлкен қуанышқа кенелтеді деген үміттеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі