Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан
Вторник, 06 Февраль 2024 15:25

Арқалық: Қыстан қысылмайтын болады

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің найб имамы Есдәулет Мұхтар үлкен игілікті әрі сауабы мол іске мұрындық болды.

Оның тікелей бастамасымен имандылық ордасының жамағаты Еркін есімді азаматқа 1 тонна көмір түсіріп берді. Енді, ол қыс айынан қысылмай шығатын болады.

Мұндай көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, дер кезінде қол ұшын бергенге не жетсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Қостанай облысының наиб имамы Тимур Туребаев кезекті сапарында Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» мешіт жамағаттарына арналған «Ислам және дәстүр құндылықтары» атты семинар өткізді.

Бұл семинардың мақсаты - жалпы әрбір мұсылман дәстүр құндылығын жете ұғынып, оны ислам дінінің қайнар көзі ретінде түсінуге ұйытқы болу. Өйткені, әлі де болса діні мен салт-дәстүрін білмейтін, Ислам діні тек Араб ұлтына ғана тән деп жүргендер кездеседі.

Сондықтан жиында дәстүрін білген кісі дінін де түсінетіндігі айтылды. Осыған ұқсас мәселелер қайталанбас үшін ондай адамдар мешіт пен медреселерде діни білімін жетілдірулеріне кеңес берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Вторник, 06 Февраль 2024 15:13

Діни сауаттылығы жөніндегі семинар

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Тимур Туребаев Бейімбет Майлин ауданында болғанда № 16 төтенше жағдайлар басқармасының өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі саласының қызметкерлеріне арналған «Діни білімді қайдан үйренеміз?» атты ашық семинар өткізді.

Семинар барысында кейінгі уақытта діни білімге тіпті қатысы жоқ кездейсоқ адамдар әлеуметтік желіде көптеген мәселелерді қозғайтындығын, алайда оған аңқау халық күмәнмен қарап, сенбеулері керектігін еске салды.

Нақты діни мағлұматтарды тек ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен ресми құжаты бар мешіт пен медреселердегі ұстаздардан алу қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында арнайы келген найб имам Тимур Құрманғазыұлына Өрт сөндіру мекемесінің басшысы барша ұжымның атынан алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Вторник, 06 Февраль 2024 15:03

Бас имам Биаға елінде

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет кезекті іс-сапарында Бейімбет Майлин ауданында болып, бірқатар ұжымдарда әсерлі кездесулер өткізді.

Соның бірі – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханасында ұйымдастырылды. Оған С.Ерғалиев атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Мұндағы әңгімеге «Білім алу және кітап оқудың артықшылығы» тақырыбы арқау болды. Басқосуда адам баласына тиянақты білім алып, қалаған мамандықты игеру ерекше маңызды екендігі айтылды.

Дініміз де барша жұрттың ой-өрісі кең, білікті де білімді азамат болуларын қолдайды. Сондықтан құнды кітап ғұмыр бойы рухани азық болып қалатындығы тілге тиек етілді.

Бахытбек қажы Нұрғабылұлының тереңнен толғаған нақты пікірлері қатысушыларға үлкен ой салды. Соның жарқын айғағы ретінде мектеп басшысы оған оқушылардың атынан шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Вторник, 06 Февраль 2024 14:29

Рудный: Жеңімпаздарға құрмет

Сабыржан Есмурзин басқаратын Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы салауатты өмір салтына да ерекше көңіл бөледі. Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде Қостанай өңіріндегі мектеп жасындағы мешіт шәкірттері арасында футболдан ойын ұйымдастырды.

Бұл жарысқа облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», Қостанай қаласындағы «Марал ишан», «Жайлаубай ата», Лисаков шаһарынан «Әбдіхайым Саламатұлы» және жергілікті «Нұр» мешіттерінің командалары қатысты.

Әділқазылардың шешімі бойынша І орынды «Әбдіхайым Саламатұлы», ІІ орынды «Жайлаубай ата», ІІІ орынды «Нұр» мешіттерінің шәкірттері иеленді.

Жеңімпаздарға мақтау грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Спорттық іс-шара соңында қатысушыларға «Ықылас» дәмханасында дастархан жайылды. Онда ұстаздар тағылымы мол уағыз-насихат айттты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 05 Февраль 2024 17:13

Қажылықтың мағынасы

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Тимур Туребаев Лисаков қалалық "Әбдіхаим Саламатұлы" мешітінде «Қажының рухани келбеті» атты тақырыбында семинар өткізіп, қажылыққа барудың мән- мағынасын түсіндірді.

Кездесу барысында мешіт жамағатына «Tawap travel» қажылық фирмасының сенімді екенін ерекше атады. Семинар соңында мешіт жамағаты имам Тимур Құрманғазыұлына мағыналы да маңызды насихаты үшін шынайы алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 05 Февраль 2024 17:11

Бас имам Лисаковта

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы болып бекітілді.

Осыған орай Лисаков шаһарындағы «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті ұжымы арнайы семинар ұйымдастырды. Онда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет сөз алып, аталған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне ҚМДБ жариялаған жыл жөнінде жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ, ислам діні қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрімен біте қайнасқандығын айта келіп, үлкенді-кішілі қауымның оған айрықша аударулары қажеттігін тілге тиек етті.

Жиын соңында қатысушылар Бахытбек Нұрғабылұлына ой саларлық әңгімесі үшін ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің Бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен кездесті.

Онда «Ислам және дәстүр құндылықтары» және «Жастарды жат ағымдардан қалай сақтаймыз?» деген маңызды тақырыптар әңгімеге арқау болды. Кездесу барысында Ислам мен дәстүрдің бір-бірімен тығыз байланыстылығы тілге тиек етілді.

Сондай-ақ, жастарды жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауынан сақтандыру, оларды нағыз ұлтжанды әрі патриоттық рухта тәрбиелеу жайы да айтылды.

Бас имам қатысушылардың тарапынан қаралған мәселелерге қатысты барлық сауалдарға нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 02 Февраль 2024 18:41

Жітіқарадағы семинар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі жылды "Ислам және дәстүр құндылықтары" жылы деп жариялады. Бұл жөнінде оның бағдарламалық баяндамасында жан-жақты айтылды.

Қазір осы бағдарламаны басшылыққа алған дін қайраткерлері өңіріміздің бірқатар жерлерінде болып, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің наиб имамы Тимур Туребаев Жітіқара аудандық "Ержан Тәтішев" мешітінің жамағаттарымен кездесіп, "Ислам және дәстүр" түсінігі аясында діни ағартушылық тақырыпта семинар өткізді.

Ол дәстүріміздің түп тамыры Ислам дінімен тығыз байланысты екендігіне бірнеше нақты мысалдар келтірді. Көпшілікті толғандырып жүрген өзекті мәселелерге де кеңінен тоқталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 02 Февраль 2024 18:31

Денисов ауданында

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет кезекті іс-сапары кезінде Денисов ауданында да болды. Ол әкімдікке қарасты қызметкерлермен кездесті.

Бас имам үстіміздегі жыл «Ислам және дәстүр құндылықтары» деп жариялағанына кеңірек тоқталды. Асыл дініміздің баға жетпес құндылықтары ұлттық дәстүрімізбен тығыз байланыстылығын, жастарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу баршаның міндеті екендігін айтты.

Ол жиналған жұртшылық тарапынан қозғалған тақырыпқа орай қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Жиын соңында аудан әкімінің бірінші орынбасары Айгүл Бектемісова әкім және барша ұжымның атынан шексіз алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
«30313233343536373839»
Страница 35 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником