Таяуда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев өмірімізде қазақ руханиятын дамытуда, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттауда елеулі еңбек сіңірген бір топ мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерінің басын қосқан жиын өткізді.
Онда есімдері мұсылман қауымына жақсы таныс, ізденімпаз азаматтар Абзал Нағашыбайұлы, Қыдырбек Қиысхан, Заңғар Санай, Марғұлан Оспанов және Медет Байзақовтарға Алғыс хат табыс етті.
Бектұрсын Торғайбайұлы оларға жүрекжарды лебізін білдіре келіп, алдағы уақытта да тәуелсіздігімізді паш етіп, ел игілігі үшін табысты да абыройлы қызмет ете берулеріне тілектестігін жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.