Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры "Жылулық сыйла" атты акциясын қолға алғалы бері қаншама адамдардың шынайы алғысына бөленіп жатқаны белгілі.
Осы жоба аясында Қостанай облыстық мешіттің жанындағы наиб имам Бақытжан қажы Икрам басқаратын «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері де қыс айларында нақты жұмыстар атқарып, көмекке мұқтаж жандардың нағыз жанашырына айналып отыр.
Таяуда осы қордың тікелей қолдауымен өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған асыраушысы жоқ екі отбасының әрқайсысына 3 тоннадан көмір түсірілді. Енді олар аязды да суық күндері қыстан қысылмай шығатын болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі