Осыдан біраз күн бұрын Рудный қалалық балалар үйінің бас тәрбиешісі Зинаида Уақбаева мешіті қызметкерлерімен хабарласып, балалардың жазғы демалыс орындарына төсеніш жетпейтіндігі жөнінде көмек сұраған еді.
Оның өтінішін қанағаттандыру мақсатында имандылық ордасының имамдары ақылдасып, жоғарыда аталған тәрбие орнына 33 кілем сыйлауға ұйғарым жасады.
Жақында осы төсеніштерді Қостанай шаһарындағы "Жайлаубай ата" және "Марал ишан" мешіттерінің имамдары Рудныйдағы балалар үйіне табыс етті.
Дін қызметкерлерінің сергектігі мен жанашырлығына дән риза болған мекеме ұжымы шынайы алғыстарын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінің 130 жылдық мерейтойы шеңберінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Онда "Тайқазан" жобасы бойынша 130 көп балалы және қолдауға мұқтаж отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Осы мақсатқа 1 364 000 теңге қаражат жұмсалды.
Осынау іс-шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай қатысып, жиналған қауымға берекетін тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Облыстық "Аймағанбет Спанұлы" мешітінде өңірдегі аудандар мен қалалардың имамдары қатысқан семинар болып өтті.
Онда елордадан арнайы іс-сапармен келген Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемерұлы сөз сөйлеп, жуырда ғана республикалық форумда қабылданған маңызды тұжырымдамалардан туындайтын міндеттерге тоқталды.
Сондай-ақ, елордалық көпке танымал Садуақас қари алдағы шәкірт дайындау, ілім жайлы насихатты күшейту жайында әңгімеледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Көрнекті дін қайраткері, даңқты жерлесіміз Марал ишан Құрманұлының есімі берілген мешіттің 130 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі веломарофон болатын.
Шарада ҚМДБ бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы сөз сөйлеп хадиске сай әлсіз мұсылманнан күші мұсылманның жақсы екендігі, денсаулық бірінші байлық және ол бізге берілген ең басты аманат деп өтті.
Сондай Дін істер басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысушыларға марофонның мән мақсатын айтып сәттілік тіледі.
Марофоншылар имандылық ордасы мешіт ғимаратының алдынан бастап, сонау Ы.Алтынсарин мавзолейіне дейін 21 шақырымды қамтылған.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық өкілдігі ұйымдастырған Қасиетті құран жарысы өз мәресіне жетті. Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Марал ишан» мешітінің 130 жылдығына орай облысаралық құран жарысы жоғары деңгейде өтті.
Оған Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Ақмола, Абай, облыстарының ұсынған қарилары қатысып бақ сынасты.
Осынау сайыс нәтижесі бойынша 30 параны жатқа оқудан І орынды Павлодар облысынан келген жас қари Бурибаев Алиби Ғабитұлы иеленіп оған 1 миллион, ІІ сол облыстан қатысқан Абдикадиров Гиесжан Неъматжановичке 700 мың және ІІІ орынды Қостанай облысының қариы Нұрмахамбет Сұлтан Жасұланұлы 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
Сондай ақ барлық қатысушыларға Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы ақшалай ынталандыру табысталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Үстіміздегі жылы сәуір айында Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойына байланысты ақындар мүшәйрасы жарияланған болатын.
Жыр сайысының мақсаты – жастарды адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Асыл дінімізге деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам ағартушылығы дәстүрінің көрнекті тұлғасы Марал ишан бабаның өмір жолы мен қызметінің өзекті арнасын өлең өзегі ету.
Осынау жыр додаға облысымыздан көптеген ақындар өз еңбектерін жолдаған болатын. Осы жеңімпаздарды марапаттауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай қатысып, ең ізгі тілегін білдірді.
Сайыс нәтижесі бойынша 1-орын Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы иеленіп 500 мың, ал 2 орын Жадырасын Дәулет Жақсымағамбетұлына 300 мың, 3 орын 200 мың теңге Ақылбек Шаяхмет Қожаұлына бұйырды.
Содай ақ арнайы 3 сыйлық әрқайсысы 30 мың теңгеден Мешіт Ғазезұлынағ Серікбай Оспанұлына және Ернұр Саянұлына табысталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің мәжіліс залында «Мешіт – мейірімділік мекені» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияны аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, география ғылымдарының докторы Сейітбек Қуанышбаев кіріспе сөзбен ашты.
Содан кейін Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Әлішер Балахмет қасиетті Құран Кәрімнен аят оқып, онан соң Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев құттықтау сөз сөйледі.
Конференция барысында ҚМДБ Бас мүфтиі кеңесшісі, дін қайраткері Кенжетай Дүйсенбай қостанайлықтарды «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, бабамыздың тағылымды өмірі мен қызметіне тоқталды.
Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес «Қазақ қоғамындағы ишан рухани институты және оның өкілдері», белгілі ақын, жазушы-драматург, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет «Мешітке ақ тілек», «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университеті тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Мәулен Жұмаділдаев «Патша үкіметінің отарлау кезеңіндегі қазақ халқының діни ахуалы жане Марал ишан», Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Есімхан Махметов «Марал баба ұрпақтарының мұрағаттары» тақырыптарында тартымды баяндама жасады.
Шара соңында быйыо жарық көрген «Марал ишан атындағы Ақ мешіт» атты танымдық-тағылымдық жағы мол, сырты әсем безендірілген кітап тұсаукесерінен жиналған қауым үлкен әсермен, көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Ислам дінінің негізі, қайнар көзі - қасиетті Құран Кәрім екені белгілі. «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Марал ишан» мешітінің 130 жылдығына орай аймақтық Құран жарысы басталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі, дін қайраткері Кенжетай Дүйсенбай сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш сайысқа алыс – жақын аймақтардан жалпы саны 50-ге жуық шәкірттер қатысып бағын сынайды. Әділқазылар құрамында «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт–Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Олжабай (төраға), республикалық бас мешіттің ұстазы Мұртаза Балахмет және Асанов Әкімбек бар. Олар құранның тәджуиді мен махражына (әріптің дұрыс шығуы) және оқу мақамына қарап қортындылайтын болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Биыл нағыз жауын-шашын болар кезде аспаннан бір тамшы жаңбыр жаумай қойды. Ауа райы күрт өзгеріп, күтпеген аптапты ыстық диқандар қауымы мен осы саладағы барлық мамандарды, шаруа қожалықтарының иелерін ойландырып тастады.
Тасаттық беру, біздің ата-бабамыздан келе жатқан бар дәстүр. Сондықтан өңірдегі егін өсіріп отырған бір топ кәсіпкер азаматтар бір ауыздан ұйғарым жасап, қайырымдылық шарасын өткізді.
Алдымен, облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жиын болды. Онда Бас имам Бахытбек қажы Тәжімбет жұртшылық алдында сөз сөйлеп, тасаттық ұғымының мән- маңызы туралы жан-жақты түсіндірді.
Жалпы, осы діни рәсімге байланысты облыстың мешіттерінде көмекке мұқтаж жандарға 49 млн. теңге үлестірілді. Сондай-ақ, 22 ірі қара сойылып, оның еті халыққа таратылды.
Ризашылыққа бөленген бауырларымыз «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанып, жомарттық танытқан кісілерге «Жасаған ізгі де сауапты істерің қабыл болып, үстіміздегі жылы қамбаларың берекелі дәнге толсын» десті.
Қостанай облыстық мешіттің баспасөз қызметі