Жақында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата"мешітінің ұжымы Еріктілер күніне орай көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың шынайы алғысына бөленіп жүрген жүрегі мейірімге толы Бақыткүл Мүсілімқызына құрмет көрсетті.
Оны адал қызметі үшін шын жүректен құттықтап,отбасына амандық, абыройлы жұмысында табыс тіледі. Оған деген ілтипаттың жарқын белгісі ретінде Алғыс хат табыс етті.
Біз алдағы уақытта да қазақтың осынау дарқан да кеңпейіл қызы жемісті қызмет атқарып, өзінің іскерлік қырларымен таныла береді деген нық сенімдеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі