Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл игі шараға Бас имам Азамат Серікбайұлы мен жанашыр кәсіпкерлер атсалысты.

Жиында Азамат Серікбайұлы сөз алып, білім алудың діндегі алатын орны мен жастарға берер тағылымына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, осы акция аясында ауданға қарасты ауылдық округтердегі 30 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер үлестірілді.

Ол осындай ғибраты мол сауапты іске мұрындық болған жаны жомарт азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Ал, өз кезегінде қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары да қайырымдылық танытқан жерлестеріне ризашылығын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының тапсырмасы бойынша Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің Бас имамы Есенкелді қажы Әжімханның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.

Осынау игілікті қайырымдылық шарасына аудан көлемінде 30 бала қамтылды. Оларға мектепке керекті сөмкелер, басқа да қажетті оқу құралдары табыс етілді. Оқушылардың құрметіне асханада дастархан жайылып, жеміс-жидектер, тәттілер мен балмұздақтар ұсынылды.

Ұстаздар қауымы «Балықты» мешітінің ұжымына балаларға тарту етілген сыйлықтар мен көрсетілген ілтипатқа дән ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 17 Август 2023 16:00

Мектепке жол 25 балаға киім

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Онда көп балалы және жалғыс басты аналардың ұл-қыздарына көмек көрсетілді.

Облыс орталығындағы “Большевичка” тігін фабрикасының демеушілігімен 25 балаға мектеп формасы табыс етілді. Аталған акцияға 520 000 теңге жұмсалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 14 Август 2023 09:17

"SISTER'S BAZAR 2023"

Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінің ауласында алғаш рет ханымдардың "SISTER'S BAZAR 2023" сауда жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге 30 - дан астам онлайн, жеке меншік дүкендері бар басқа дін және ұлт өкілдерінің қыз-келіншектері қатысты.

Бұл жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат- әйел жамағатының өзара ауыз біршілігін нығайтып, бір-біріне деген құрметін арттыру болатын.

Мешітке жұма немесе айт намазына жұртшылық келіп ғана қоймай, басқа да себептермен басқосуға болатындығын көрсетті.

Уағыз-насихатты да өзгеше форматта жүргізіп, жиналған қауымға Ислам дінінің ерекшелігін танытты.

Жәрмеңкеде демеушілердің көмегімен тегін тәтті бәліштер, ыстық тамақтар, сусындар, бауырсақтар таратылды. Кішкентай бүлдіршіндерге батут пен сырғанақ, ойын алаңы, сурет салуға арналған орындар дайындалып, тәрбиешілер бекітілді.

Жәрмеңкені ұйымдастыру идеясы "Марал ишан" мешітінің ұстазы Гүлдана Жаңабайқызының әйелдер жамағатымен жұмыс істеу барысында туындады. Себебі, шариғи киімдер мен ҚМДБ-ның рұқсаты бар ислам әдебиеттеріне қатысты сұраныстарды қанағаттандыру үшін осы маңызды шара қолға алынды. Сондай-ақ, онда бір-бірімен танысып, сауда-саттық жасаумен қатар Қостанай, Рудный қалалық мешіттерінде қызмет атқаратын әйел ұстаздары уағыз-насихат айтып, өздерінің бай тәжірибесін ортаға салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Август 2023 09:57

Үміт сила донор бол!

Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде дін саласының қызметкерлері мен мешіт жамағаты тағы басқа келушілер, Донор күніне орай қан тапсырды.

Жалпы 23 адам жоғары саналық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Облыстық қан орталығының мамандары алдын-ала келісім бойынша донорларды қабылдап, нақты жұмыс істеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Понедельник, 07 Август 2023 09:58

Жітіқара: Бес парыздың бірі - Зекет

Кең болсаң, кем болмайсың деген халқымызда дана сөз бар. Міне Жітіқара аудандық "Ержан Тәтішев" мешітінің ұжымы Зекет және қайырымдылық қорымен бірлесіп, 16 отбасыға зекет берді.

Онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы жанұяға, жалғыз басты аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу үшін 1 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Среда, 02 Август 2023 09:35

Жітіқара: Отанды сүю

Аудандық "Ержан Тәтішев" мешітінің Бас имамы Айбек Аманқосұлы жергілікті Жастар ресурсы орталығында аудан жастарымен дөңгелек үстел басында "Отанды сүю отбасынан басталады" деген тақырыпта әңгіме өткізді.

Онда Бас имам отбасы шағын мемлекет, ол сыйластық және өзара жарасымдылықтан тұратындығына ерекше тоқталды.

"Жалпы отанды сүю ынтымақ пен бірліктен құралады. Бала тәрбиесінің алатын орны бөлек. Өйткені, адамгершілік қасиеттер шаңырақта қалыптасады. Жанұядағы ұрпақтарымызға берілетін жүрек жылуының маңызы жоғары. Кездесу өте әсерлі өтті. Сұрақтарға нақты жауап берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 28 Июль 2023 12:26

Шілде айындағы қайырымдылық

Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері үстіміздегі шілде айында да аянбай жұмыс істеді.

Сөзіміз жалаң болмас үшін нақты деректерге сүйенелік. Өңір бойынша қайырымдылық мақсатында 75 іс-шара ұйымдастырылды. Қолдауға мұқтаж 2391 отбасы қамтылды. Оған 47 674817 теңге қаражат жұмсалды.

Бұл орайда облыстағы іскер азаматтар мен жанашыр демеушілер өздерінің лайықты үлесін қосты. Оларға Алланың нұры жауып, қолға алған істерінің жемісін көре берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында шілде айының 1 -21-і аралығында «Имани жаз» діни сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Онда 25 ер және 7 қыз бала тәлім алды. Аталмыш курста Құран Кәрім әліппесі, Ислам әдебі пәндері өткізілді.

Сондай-ақ, шәкірттерді салауатты өмір салтына баулып, таңғы және түскі ас берілді. Білім алған түлектерге арнайы мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 27 Июль 2023 15:16

Имани жаз 2023 жалғасы

Биылғы шілде айы бойы облыстық «Аймағамбет қажы», Қостанай қалалық «Марал ишан» және «Жайлаубай ата» мешіттерінде мектеп жасындағы оқушыларға арналған «Имани жаз» атты жазғы діни сауат ашу курстары тиісті деңгейде жұмыс істеді.

Аталған курстарда екі топтан тұратын 38 ер бала және 10 қыз бала бекітілген уақыт аралығында діни сауаттарын жетілдірді. Сөйтіп, олар ұстаздардан дәріс алып, білімдерін шыңдады.

Сабақ барысында шәкірттер жас ерекшеліктеріне қарай әр санаттағы топтарға бөлінді. Талапты балаларға имандылық, әдептілік, салт-дәстүр, Құран Кәрімнің түп нұсқасын оқып-үйрену дәрістері, исламдағы маңызы зор 100 сұрақ-жауап және де қазақша мақал-мәтелдер, дастархан баталары үйретілді.

Білім нәрімен сусындаған бүлдіршіндерді күнделікті дәрістерден жалықтырып алмас үшін олардың ой-өрісін дамытуға көңіл бөлініп, салауатты өмір салтына баулитын түрлі спорт ойындары (футбол, волейбол, қашықтыққа жүгіру, асық ату) ұйымдастырылды. Сонымен қатар бос уақыттарын мазмұнды өткізу мақсатында саябақтар мен заманауи үлгідегі спорт кешендерінде болды.

Жоғарыда аталған «Имани жаз» жазғы сауат ашу жобасы аясында білікті мешіт ұстаздарымен қатар, Сарыағаш медресе - колледжінің, Алматыдағы «Нұр- Мүбарак» университетінде білім алып жатқан талапкерлер де өңірімізге арнайы келіп, өткен айда жасөспірімдер мен бүлдіршіндерге тәлімгерлік етті.

Дәріс беру мерзімі аяқталған соң шәкірттер алған білімдерінен қысқаша сынақ тапсырды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандарға арнайы ынталандыру сертифакаттары табыс етілді.

Осынау қуанышты сәтке ортақтасқан ата-аналар мешіт ұжымдары мен ұстаздарына шынайы алғыстарын білдіріп, еліміздің жарқын болашағы қазіргі білімді де, білікті жастардың қолында екендігін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«52535455565758596061»
Страница 57 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником