Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Вторник, 12 Сентябрь 2023 15:45

Тамыз айында 1326 отбасы қамтылды

Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері өткен тамыз айында да ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Өңір бойынша 45 іс-шара ұйымдастырылды. Онда 1326 отбасы қамтылып, қайырымдылық көмегі көрсетілді. Осы мақсатқа 17 960 881 теңге жұмсалды Облыстық мешіттің найб имамы, жоғарыда аталған қордың жетекшісі Бақытжан қажы Икрамның айтуына қарағанда, демеушілер мен жүрегі жомарт жандар белсенділік танытқан.

«Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстанған жанашыр азаматтарға Алланың нұры жауа берсін!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Сентябрь 2023 10:04

Жаңа тағайындаулар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысындағы бірқатар мешіттерге жаңа Бас және найб имамдар тағайындалды.

Мәселен, Руслан Маратұлы Жиенбаев Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітіне Бас имамдық қызметке кірісті. Ол осы уақытқа дейін Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітіне басшылық етті.

Ал, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Аңсаған Нұрлыбекұлы Абдрахман Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітіне Бас имам болып бекітілді.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған университеттің түлегі Әділет Ордабекұлы Қожан Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ», Ерлан Серікболатұлы Тілегенов Федоров аудандық «Жиентай қажы», Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған Думан Сәндібекұлы Сағымбаев Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешіттеріне найб имам болып тағайындалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Сентябрь 2023 09:44

Кездесу әсерлі өтті

Жуырда Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Нұрлан Жұмабекұлы және Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы Қостанай аудандық ветеринарлық станциясы ұжымы қызметкерлерімен кездесті.

Онда жергілікті ақпараттық насихат аясында «Зайырлы қоғам мен жоғары руханият – бірлік пен келісім кепілі» атты тақырып қозғалды. Жүздесу қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Дін қызметкерлері қатысушыларлың қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 11 Сентябрь 2023 09:35

АМАНГЕЛДІ:Батыр бабамызға құран бағышталды

Қостанай облысы Амангелді селосында батыр бабамыз Амангелді Үдербайұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты танымдық-тағылымдық жағынан мәні жоғары іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мәселен, аудан орталығындағы А. Имановтың ескерткіші орнатылған алаңға облыс әкімі Құмар Ақсақалов бастаған зиялы қауым өкілдері, алыс-жақыннан келген қонақтар бас қосты. Онда облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет батыр бабамыздың аруағына бағыштап құран оқыды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін Қостанай қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында төрт бірдей отбасы баспаналы болды.

Өңірге жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспана иелерін құттықтап, қуанышқа ортақтасты.

Осылайша республика бойынша аталмыш қайырымдылық акциясының 673-баспана кілті берілді.

Бүгін Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанынан жаңадан салынған асхана ашылды. Ресми ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«Асымыздың адалдығы біздің құлшылығымызға, дұғамызға әсер етеді. Сондықтан адал ас ішу өте маңызды. Бұл тұрғыда мешіттің өз асханасының болуы тиімді. Мешіт жанынан асхана ашылуы жергілікті жамағатқа да пайдасын тигізері анық. Осы іске демеу білдірген азаматтарға Алла разы болсын» деді Бас мүфти.

Асхананың ашылуына орай өңірде түрлі дертке шалдыққан 100 балаға Бас мүфти атынан дастархан жайылып, Наурызбай қажы Тағанұлы ізгі ниетін жеткізді.

«Осында сынаққа ұшырап, түрлі дертпен күресіп жүрген балалармен кездесудегі мақсатымыз бір мезгіл көңілін аулап, қуаныш сыйлау. Алла Тағала олардың дертіне шипа берсін. Айығып, ата-аналарының көз-қуанышы болып өссін. Балалардың қуанышы біздің де қуанышымыз. Осы балалардың ертеңгі тағдыры жарқын, болашақта бақытты ғұмыр кешсін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Мешіт асханасы мен мүфтият жатақханасына үлес қосқан демеуші бір топ азаматқа Бас мүфти атынан Алғыс хат берілді.

Айта кетейік, асхана 450 адамға арналған. Сонымен қатар облыстық мешіттің ерлерге арналған намаз залы кеңейтілді. Жаңадан ашылған қосымша намаз оқитын орында 550 адам құлшылығын өтей алады.

Бүгін Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешіті жанынан мүфтияттың студенттерге арналған қайырымдылық негізде салынған жатақханасы ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен жергілікті ақсақалдар арнайы қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Бас мүфти Қостанай халқын қуанышпен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«ҚМДБ жұмысының басты бағытының бірі діни оқу-ағарту, сауат ашу болса, екінші жағынан біз қайырымдылық жұмыстарын да тыс қалдырған емеспіз. Жыл басында бағдарлық баяндамамда облыс имамдарына бірқатар тапсырма жүктедім. Соның ішінде биыл аймақтарда қайырымдылық негізде мүфтият жатақханаларын ашу тапсырылды. Білесіздер, қазіргі таңда жоғары оқу орындары жанындағы жатақханаларда орын тапшылығы байқалады. Одан бөлек әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үлкен қалаларда қиналып, пәтер іздеп жүреді. Осындай әлеуметтік мәселелерді ескере отырып мүмкіндігінше қайырымдылық негізде студенттерге арналған жатын орындары бар ғимарат салу, ашу тапсырылды. Алла Тағала осы іске тамшыдай болсын үлес қосқан баршаңызға сауаптан жазсын» деді Бас мүфти.

Жаңа нысанды таныстырған облыс имамының сөзінше мешіт жанындағы жатақханада оқу корпусы болады. Қазіргі таңда 30 бала жатып оқитындай мүмкіндік бар. Келесі жылы 2 қабатты нысанның құрылысы бітсе, оған 70 бала қамтылады. Жалпы алғанда 100 студент жақсылығын көргелі отыр деді облыс имамы Бақытбек Нұрғабылұлы.

Жатақхананың ашылуына келген облыс ақсақалдары да қуанышқа ортақтасып, батасын берді. Кейін қонақтар қайырымдылық негізде салынған жатақхананы аралап, кітапхана, асхана, жатын орындары мен тазалық бөлмелерін аралап толық танысты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен кездесті.

Кездесуде аймақтағы діни ахуал сөз болып, атқарылған жұмыс жайы талқыланды. Құмар Іргебайұлы өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау, тарихи мешіттерді қалпына келтіру, жалпы облыстағы имандылықты көтеру тұрғысынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Бас мүфти өз кезегінде аймақ басшысына алғысын жеткізіп, көне жәдігерлерімізді сақтап қалу қажеттігін, облыстағы медреселердің жағдайы, имамдардың әлеуметтік мәселесі де назарда екенін айтып өтті. Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті имамдардың облыста атқарған іргелі істерін оның ішінде Рамазан айы мен Құрбан Айттағы ауқымды шаралары жөнінде де айтты.

Кездесу соңында тараптар ортақ жұмыстарды бірге атқарып, рухани мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.

Айта кетейік, Қостанай өңірінде қазіргі таңда Діни басқармаға қарасты 27 мешіт жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 74 дін қызметкері бар.

Четверг, 24 Август 2023 12:53

ЛИСАКОВ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

ҚалаЛЫҚ «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінде «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп құралдары таратылды. Акцияда қаламызға қарасты 50 оқушы оның ішінде 25 ұл, 25 қыз балаларымызға үлестірілді. Мешітіміздің бас имамы Асанов Әкімбек Нұрханұлы балаларға білім алудың маңыздылығы жайлы айта келе, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды. Сонымен қатар мешіт тарапынан жасалатын қамқорлықтың мәнін түсіндіріп, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қашанда жақсылықтың жаршысы болып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысып жүрген кәсіпкерлер мен қызметкерлерге, жыл сайын дәстүрлі түрде оқушылардың мектеп дайындығына үлесін қосып жүргендері үшін алғысын жеткізді.

Биылғы бұл игі іс-шараға біршама иманды азаматтар өз шамаларынша үлестерін қосты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Онда шаһардағы 30 ұл және 20 қыз балаға оқуға керекті құрал-жабдықтар табыс етілді.

Жиында мешіттің Бас имамы Нұрхан Асанұлы жас жеткіншектерге сапалы білім адамның өмірінде ерекше орын алатындығына жан-жақты тоқталып, оларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.

Ал, қуанышқа кенелген балалар мешіт ұжымына және демеушілерге дән ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«51525354555657585960»
Страница 56 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником