Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Четверг, 12 Сентябрь 2024 09:17

Абыз ақсақалға құрмет көрсетті

Қостанай өңірінің халқына Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Қасымхан Алдабергеновтың есімі жақсы таныс.

Кеудесі шежіреге толы абыз ақсақалдың 99 жасқа толуына байланысты облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев оның берекелі шаңырағында болды.

Ол аузы дуалы, сөзі уәлі, жыршы, ақын әрі қаламы қарымды қаламгерді туған күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Ал дін қайраткерінің шынайы ілтипатына дән риза болған ардақты ақсақал, Қостанай облысының құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлы өз кезегінде Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына жаңа қызметінде толағай табыс тілеп, ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев кезекті іс-сапарында Бейімбет Майлин ауданында болды. Алдымен жергілікті «Әйет» мешітінің алқа мүшелері, ақсақалдар және жастармен кездесті. Оларға ой салар уағыз-насихат айтты.

Осынау имандылық ордасының тыныс- тіршілігімен танысып, жөндеу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Ондағы мұсылман бауырларымыздың тарапынан имамның қызметіне қолдау көрсетіліп жатқаны айқын байқалды.

Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұлы аталмыш ауданға қарасты Тобыл кентіндегі мешітке ат басын бұрып, мұнда тазалық мәселесіне айрықща көңіл бөлу керектігін ескертті.

Сондай-ақ, сапар барысында Новоильинов ауылдық мешітіндегі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын білдірді. Алдағы кездері дін қызметкерлері «Уақып» қайырымдылық қорының балансына бір үйді алып, оны асханаға айналдыруды қарастыруда.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 10 Сентябрь 2024 11:36

Бас имам Атыбековтар отбасында болды

Жылдағы дәстүр бойынша қыркүйек айының басында елімізде отбасы күні аталады. Биыл «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне Қарабалық ауданынан Атыбековтар отбасы қатысты.

Осы белгілі шаңырақта 6 ұл бала тәрбиеленіп жатыр. Отағасы Жәнібек жеке кәсіпкер. Ол мал өсіріп, ел дәулетін еселеуге өзінің лайықты үлесін қосып келеді. Зайыбы Анар үй шаруашылығымен айналысады.

Әулеттің тұңғыштары биыл Астана қаласындағы оқу орнының студенті атанды. Одан кейінгі балалары Қостанай шаһарындағы Білім инновациясы мектебінің шәкірті. Өзге үш ұлдары жергілікті мектепте оқыса, кенжелері алдағы уақытта балабақшаға барады.

Жуырда аудандық «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік Темірбекұлы аталған отбасына арнайы барып, сый-сияпат жасады. Ал мешіттің қадірменді ақсақалы Жақсылық қажы ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 10 Сентябрь 2024 09:57

Үш қызметкер пәтерлі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен біраз жылдан бері «Ел үлесі -пәтерге» жобасын жүзеге асырып келеді. Сондай қамқорлықтың арқасында елімізде қаншама көмекке мұқтаж жандар баспаналы болды.

Қостанай өңірінде де осы күнге дейін 40-тан астам адамға пәтер кілті тапсырылып, қоныс тойын тойлады. Әрине, олардың қуанышында шек жоқ.

Осы қасиетті жұма күні облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев және Зекет және қайырымдылық қорының осындағы өкілі Бақытжан Икрамұлы жиналған жамағаттың алдында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің дін қызметкерлері Абзал Бейсекев, Марат Әбділдин және Нұрлан Сейдағалиевтерге «Ел үлесі-пәтерге» жобасы бойынша 778, 779, 780-ші пәтерлердің кілтін табыс етті.

Бұл көп қабатты тұрғын үйлер Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында орналасқан.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағыттардың бірі ол - жат ағымдардан сақтандыру екендігі белгілі. Бұл өзекті мәселе Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің тұрақты назарында.

Жуырда ол облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өткізген жиын, еліміздегі кезек күттірмес маңызды тақырыпқа арналды. Оған өңірдегі жат ағымға жауапты маман Сабыржан Есмурзин, облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары, сонымен қатар теолог мамандар қатысты.

Бас имам өз сөзінде, жиынның аса маңыздылығына тоқталып, барлық имам-ұстаздарды ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылып, қырағылық пен ыждағаттылық танытуға шақырды.

Сондай-ақ, аталған жұмыс барысында оның алдын алу үшін жастарға дұрыс бағыт беріп, жат ағым өкілдерінің алдап-арбауына түспеулеріне айрықша көңіл бөлу керектігін еске салды.

Асыл дініміздің кең қанат жайып өркендегенін, ынтымақ-бірлігімізді көре алмайтындар жоқ емес. Сондықтан олардың жолын кесу, халық арасында діни сауаттылық пен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үнемі күн тәртібінде тұратын маңызды міндетіміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Көзі қарақты оқырман «Қазақстан-Қостанай» телеарнасындағы «Ел мүддесі» бағдарламасында қозғалатын өзекті хабарларды үзбей көріп отыратындығы белгілі.

Жақында журналистердің арнайы шақыруы бойынша оған Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев, қазақтың көрнекті ақыны Серікбай Оспанов және өңірімізге танымал азамат Болат Қалиев қатысты.

Мұнда қазіргі таңдағы жұрттың көкейінде жүрген маңызды мәселелер - жалпы қоғамда орын алған ысырапшылдыққа жол бермеу, бәсекелестік және зират және зиярат, ас беру мәдениеті, жаназа алдындағы қонақасына тосқауыл қою жайы кеңінен сөз болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 05 Сентябрь 2024 17:38

Ұзынкөл: Мәдениет үйіндегі жиын

Қостанай облысының Бас имамының Ұзынкөл аудандық Мәдениет үйіндегі жас ұстаздар және жамағатпен, жергілікті тұрғындармен, қазыналы қарттармен жиыны да жоғары деңгейде өтті.

Мұнда бүгінгі таңдағы маңызды тақырыптар – дәстүр құндылықтары, ысырапшылдыққа жол бермеу және жаназа алдындағы қонақасы беруді тоқтату жөнінде жан-жақты айтылды.

Бұл орайда қажылар мен аға ұрпақ өкілдерінен имамдарға қолдау көрсету жайы да сөз болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Облыстың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Ұзынкөл ауданына сапары барысында жергілікті аталар және әжелер мектебінің өкілдерімен жүздесті. Жиын өте әсерлі өтті.

Онда «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың ақыл-кеңесі мешіттің жұмысын жандандыруда айрықша орын алатындығы айтылды.

Дін қайраткері оларға мықты денсаулық, отбастарында қуаныш пен табысқа қол жеткізе берулеріне тілектестігін білдірді.

Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Бекұрсын Торғайбайұлының кезекті кездесуі «Құрман баба» мешітінде ұйымдастырылды. Онда осы мешіттің Бас имамы Есенгелді Сақтағанұлы өзі басқаратын ұжымның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Облыстың Бас имамы имандылық ордасының асханасы мен ауласын өз көзімен көріп, атқарылып жатқан жұмыстарға лайықты бағасын берді. Алда тұрған келелі міндеттерге жан-жақты тоқталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 05 Сентябрь 2024 17:28

Бас имамның Ұзынкөл ауданына сапары

Таяуда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев Ұзынкөл ауданына арнайы ат басын бұрды. Онымен бірге найб имам Әлішер Балахмет болды.

Мәселен, аудан әкімі Марат Жұрқабаевпен өткен жүздесуде бірқатар маңызды жайлар әңгіме өзегіне айналды. Аудан басшысы өз сөзінде «Құрман баба» мешітінің Бас имамы Есенгелді Әжімахантегінің атқарып жатқан қызметіне жоғары баға берді. Оның тарапынан діни мерекелерде үнемі қолдау көретіндігін айтты.

Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе ысырапшылдыққа жол бермеу және басқа да көкейтесті тақырыптар қозғалды. Іс-шараға жергілікті ақсақалдар Кенесары Мырзахметов, Бақытжан Қазиханов, Аманжол Қонқабаев, Құттыбай Жақантаев және Хасан Еделбаев қатысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 04 Сентябрь 2024 08:57

Алғыспен ел көгерер

Қостанай облысының жаңадан тағайындалған Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жауапты қызметке кіріскелі бері мұсылман бауырларымызға үлгі-өнеге болар бірнеше тағылымдық кездесулер өткізді.

Соның бірі – қажылар мен мешіттің жанындағы ақсақалдар алқасына арналды.Мұндағы негізгі мақсат – ел құрметіне бөленген абыз ақсақалдар, ақ жаулықты аналар және өмір белестерінен өткен ардақты тұлғалармен танысып, білісу және олардың ақ батасын алу еді.

Бір түйгеніміз, Бектұрсын Торғайбайұлы «Алғыспен ел көгерер,жаңбырмен жер көгерер» деген қағиданы берік ұстанатынын осы жолы да айқын көрсетті.

Ол аталмыш бас қосуда жиналғандарға өзінің Тобыл-Торғай өңірінің тумасы екендігін айта келіп, өткен қызметтік жолдары хақында қысқаша баяндады.

Белгілі дін қайраткері «Қажының рухани келбеті» кітабындағы тұғырнама жайлы баяндай келіп, ондағы қажы деген атқа лайық және мәдениетті болу, мұсылманға тән әдепті сақтау, кішіпейілдіктің айрықша қасиет екендігін еске салды.

Бұл жүздесуде есімдері облысымызға кеңінен танымал ардақты ақсақалдар Жандарбек Сейітов, республикамызға танымал қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, Қостанай ауданындағы Әлжан ауылының тұрғыны Ертарғын Бимағанбет, ақсақалдар алқасының мүшесі Әбдікәрім Баекенов сөз сөйлеп, өздерінің ысырапшылдыққа және басқа да маңызды мәселелерге байланысты көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Жиналған қауым ардақты апамыз Әлия қажы Ержанованың да кейінгілерге өнеге болар ұлағатты пікірлерін ұйып тыңдады.Кездесудің соңында Бас имам Бектұрсын Уәлиев мұндай әсіресе, кейінгі жастарға үлгі болар басқосулар алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

«20212223242526272829»
Страница 25 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником