Сұрағы:
Әссаләму-алейку м! Мен өте қиын жағдайға түстім. Жолдасым мені тастап кетті. Үш рет талақ айтты. Өзім түсінбей қалдым. Бар себеп: «ас болсын» деген адамға: «рахмет» деген едім. Мен өзім вахтаға жұмысқа тұрғанмын горничная-уборщ ица болып. Қарыздарымыздың көбейіп кетуине байланысты жұмысқа шығудан басқа амал қалмады. Қазір жұмыстамын. Жолдасыммен әр кез үнемі видеовызов арқылы сөйлесіп отырамыз. Жолдасым өте қызғаншақ адам. Екі күн алдын кешкі 7 де жұмыс бітіп, столовыйға бара жатқанмын. Қолымда телефон жолдасыммен видео арқылы сөйлесіп келе жатқанмын. Алдымнан прачкаға күнде жуатын заттарды алып кететин бала өтіп бара жатып оқыстан «ас болсын» деді. Мен рахмет деп жауап бергенмін. Жолдасым телефонды сразу тастап жіберді. Қанша звандасам да көтермеді. Артынан смс жазып жіберіпті, енді менен аулақ жүр, звандама деп. Мен түкке түсінбедім. Ол адам прачканын адамы күнде жууға заттарды алып кеткенде коргенім болмаса мен оны танымаймын. Тіпті атын да білмеймін деп айтсам сенбейді. Сонымен ертесіне маған жолдасым үш рет талақ берді. Танымайтын біреудің өтіп бара жатып ас болсын деген сөзі үшін жолдасым менен бас тартты. Қатты киналып отырмын. Мен жолдасымды қатты жақсы көремін. Айтыңыздаршы не істеуге болады. Әлде менікі дұрыс емес па? Рахмет деген сөзді қате айттым ба. Жолдасымды енді калай кайтара аламын. Көмек беріңіздерші өтінем. Алла разы болсын!
Жауап:
Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ. жалпы бөгде әйел мен ер кісі бір-бірімен тек шариғаттың шеңберінде әрі зәру жағдайда сөйлесуге болады. Бірақ фитнаға (бүлікке, ұрыс-керіске, жанжалға) алып баратын сөздер болса оған тыйым салынады. Ендеше күйеуіңізді қайтару біздің қолымызда емес. Ал талақ мәселі бойынша ол кісі өзі діни басқарманың шариғат және пәтуа бөліміне келуі тиіс.