Сұрағы:
Салеметсізбе! Мешітте имамға баланың тұсауын кестіруге бол ма?
Жауап:
Уа ъалайкум ассалам! Жалпы мешіттерде балаға азан шақырып есім беру, неке қию және жаназа рәсімдері мен басқа да құлшылық амалдары ғана атқарылып, орындалады. Ал баланың тұсауын кестіру рәсімі діни рәсімдер қатарынан болмағандықтан, мешітте жасалмайды. Дегенмен, бірнеше күн бұрын мешітке келіп, алдын-ала жазылу арқылы дін қызметкерін (имамды) үйіңізге немесе тұсау кесу рәсімі өткізілетін жерге шақыртып, арнайы бір имамға баланың тұсауын кестіруге болады. Себебі, баланың тұсауын кімге кестіретінін әрбір ата-ана өз қалауларына қарай шешеді. Алайда қазақ халқының салт-дәстүрінде ата-ана баласының тұсауын көбіне елі, халқы және қоғамы ерекше құрмет тұтатын, сыйлы азаматтары мен азаматшаларына кестіреді.