Сұрағы:
Ассалямуағаллей кум! Сұрағым бар еди. Мұсылмандарға тауық етін жеу рұқсат па?
Жауап:
Уаалайкум әссәләм! Жалпы Ислам шариғаты бойынша тауық етін жеуге тыйым салынбаған. Тек, тауықты соярда, шариғат жолымен «бисмилла» Алланың аты айтылып сойылуы міндетті. Ал тоқпен т.б. жолдармен «бисмилла» Алланың аты айтылмай сойылған, өлтірілген тауықтың етін шариғат бойынша жеуге тыйым салынады.