Сұрағы:
Ассалаумағалейк ум! 1. Менің сұрағым намаз оқығанда азанды соткамен қоюға бола ма? Қазіргі кезде плей маркеттен азанның уақыты дегенді жүктеп алсаңыз, ол уақыты келгенде азан шақырады. Осы жарай ма немесе өзім азан шақыруым керек па? 2. Сәждеге барғанда екі аяқты қосу керек па, оң аяқты қозғауға бола ма?Жауап:
Уаалайкум әссәләм!1. Жалпа намазға азан айту ер адамға – сүннет. Сол үшін намаз оқитын кісі Алла Тағаладан сауап үміт еткен болса, азанның сөздерін өзі айтуы тиіс. Ұялы телефонмен және т.б. құрылғылар арқылы айтылған азан жарамсыз болып табылады.
2.Сәждеге барғанда екі аяқтың өкшелерін бір-біріне қосу шарт емес. Намазда тұрған уақытта екі аяқтың өкшелерінің бір-бірінен алшақтығы екі иықтың деңгейінен аспай, бір-біріне деген жақындығы төрт елі саусақтың көлемінен кем болмай тұрғаны сияқты, сәждеде де екі аяқ дәл солай тұрады.