Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Фиқһ

Ер мен әйелдің намазында айырмашылықтар бар ма?

Сұрақ: Намаз кезінде тәкбиратуль-ихрамды (намазды бастайтын тәкбірді) қалай орындаған дұрыс (ер мен әйелдер үшін)? Кейбір тура  жолдан адасқан топ өкілдері, ер мен әйелдің намазында еш айырмашылық жоқ деген пікірде. Ер адамның намазының әйел адамның намазынан қандай айырмашылығы бар?

Жауап: Ассәләму ғәләйкүм уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!

Ер кісілер намазды бастап тәкбір айтқан кезде, қолдарын құлақтарының тұсына әкеліп, бас бармақ құлақтың жұмсағына тиіп, алақандар қыбылаға қаратылу керек, ал саусақтар кәдімгі қалпымен (бір-біріне қатты жабыспай, не қатты ажыратылмай) болу керек.  Осылай хәнәфи мәзһабының фиқхы («әл-Маусуъа әл-Фиқхия»  20 том, 85 бет) еңбегінде жазылған.

فذهب الحنفية إلى أنه يرفع يديه حذاء أذنيه حتى يحاذي بإبهاميه شحمتي أذنيه، وبرءوس الأصابع فروع أذنيه، ويستقبل ببطون كفيه القبلة، وينشر أصابعه ويرفعهما، فإذا استقرتا في موضع محاذاة الإبهامين شحمتي الأذنين يكبر؛ فالرفع يكون قبل التكبير... ولو رفع المصلي يديه فإنه لا يضم أصابعه كل الضم، ولا يفرج كل التفريج بل يتركها على ما كانت عليه بين الضم والتفريج

Әйелдерге келетін болсақ, намазды бастап тәкбір айтқан кезде қолдарын ерлер сияқты құлақтарына емес, иықтарының тұсына алып келу керек. Бұл төрт мәзһаб өкілдерінің бірауыздан айтқан пікірі («әл-Маусуъа әл-Фиқхия»  20 том, 85 бет) болып табылады.

أما المرأة فإنها ترفع يديها حذاء المنكبين

Ер мен әйелдің намазының бір-бірінен айырмашылығы жоқ деген пікір қате болып табылады, және бұндай көзқарас хадистерді жетік білмегеннен болып жатады.

Құран оқып, зікір етіп немесе дұға жасауда (сөзбен айтылатын әрекеттерде) ер мен әйелдің еш айырмашылығы жоқ. Алайда намаздың қимылдарына қатысты жағдайға келетін болсақ айырмашылықтар бар.  Ақыл-ойға салатын болсақ, қоғамда өзін-өзі сыйлайтын әйел адамның жүрісі, тұрысы, қимыл-қозғалысы ерекшеленеді, бұл ер адамдарға да қатысты, сол сияқты намазда да бұлардың арасында ерекшеліктер болады.

Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары, ер кісі мен әйел адамның намаздары жайында айтып, әйел адамның  намаздағы қимыл-қозғалысы ұстамды және жинақы болуы керек деген пікірде болған,  бұл жайында Имам Байхақы былай деп жазады:

وجماع ما يفارق المرأة فيه الرجل من أحكام الصلاة راجع إلى الستر، وهو أنها مأمورة بكل ما كان أستر لها

«Намазда  әйел адамның ер адамнан айырмашылығы «сәтр» (көзден таса жасырыну) қағидасына сәйкес болуы керек. Демек, әйел адам намаз қимылдарын орындаған кезде өзгелерге  неғұрлым көрінбей, білдіртпей намаз оқуы керек» (Сунән әл-Кубра имам Байхақы).

Хәнафилық фиқх еңбектеріндегі  намаздағы ер мен әйелдің кейбір айырмашылықтары  төменде көрсетілген:

1. Намаздың барлық қимыл-қозғалыстарында, соның ішінде қыйәм, рукуғ, сәжде және тәшәхұдта отырғанда әйел адам ұстамды және жинақы болуы керек.

2.Намазды бастаған кезде әйел адам қолдарын құлақтарына дейін емес, тек иықтарының тұсына  дейін алып келеді. Имам Ахмед ибн Ханбал  да әйел адам қолдарын сәл ғана көтеру керек деген, ал кейбір деректер бойынша тіпті қолдарын көтермеу керек деп айтқан.

3. Қыйәмда тұрған кезде әйел адам қолдарын кеудесіне қоюы керек. Бұл іс-әрекетті бірнеше әдіспен орындауға болады – оң қолмен сол білезікті ұстап немесе оң қолды сол қолдың үстіне қою арқылы.

4. Ер кісілерден қарағанда, рукуғта әйел адам қолдарын сыртына емес, ішіне қарай қою керек. Сонымен қатар, қолдарын тізесіне қойған кезде, саусақтарының арасы ашылмай, жиналып тұру керек. Кейбір хәнафилық фиқх еңбектерінде, әйел адам тізесі мен арқасын сәл бүгу керек делінеді.

5. Сәждеде әйел адамның кеудесі санына және,шынтақтарденесіне тығыз орналасады (жерге тиіп тұрады), ер адамдар болса, сандарын ішіне тигізбей ұстайды, және шынтақтар денесінен біршама алшақ орналасып, жерге тимеуі керек.

6. Тәшәхұдта ерлер сол аяқтарын бүгіп, оң аяқтарының саусақтарының ұшына сүйенеді. Әйел адамдар болса, сол жанбасқа отырып, аяқтарын оң жаққа жинақтайды.

Алла тағала жақсырақ біледі

Муфти Сүхәйіл Тармұхаммед
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Annisa-today.ru
алдыңғы мақала
Ұстаздан ілім алу мен иснадтың маңыздылығы
кейінгі мақала
Әйелдердің намаз оқу ерекшеліктері

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником