Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Фиқһ

Тақлид жайлы

Біраз күн бұрын біздің сайттың редакциясына сәләфи бағытты ұстанып жүрген бір бауырымыз келді. Ислам жайлы басталған әңгімеміздің аяғы пікір таласқа ұласып, бір сағатқа созылды. Әңгіме ақида мәселесімен басталды да, Имам Ағзам Абу Ханифаның ілімімен жалғасып, тақлид мәселесімен аяқталды.

Алғашында біздің қарсыласымыз тақлидке тиым салынған деп тұрып алған еді. Алайда, әңгіме барысында тақлидке рұқсат берілгендігі бірнеше мәрте белгілі болды. Тіпті, кей жағдайда жүгінуге тура келіп жатса, кей мәселелерде міндетті болған екен. Бұл жағдай кез келген мұсылманның өмірінде кездесетін жағдай, тіпті ол адам тақлидке тиым салынған деп есептейтін болса да.

Біздің дәлелдеріміз ол жігіттің ойының өзгерттті ме жоқ әлде өз ойында қалды ма ол жағын тек Алла біледі. Біздегі мақсат, оның көкейіне келешекте жақсы нәтиже беретін ой салу ғана.

Бұл жағдай тақлидтың Исламдағы орнының маңыздылығы мен оның ерте кезден-ақ рұқсат етілгендігі және де Исламның дәлелденген әрі ажырамас бір бөлігі екендігі, сондай-ақ сәләфи бағыттағы бауырларымыздың және де сол кісілердің ұстаздарының себебімен күні бүгінге дейін өзекті мәселе болып отырған жайы ойландырды.

Бұл мақала Кифаятуллаһ мүфтидің «Учение Ислама» атты еңбегінің алғы сөз болып табылады. Ескерту: бұл еңбектің электронды нұсқасында алғы сөз жоқ.

Әр мұсылман тек қана жалғыз Аллаға және Оның Елшісіне (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мойынсұнуы қажет. Алланың Елшісіне мойынсұнудағы хикмет Ол(Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бізге Алладан келген әмірлерді түсіндіріп беруінде. Алладан өзге құлшылық етуге лайық ешкім жоқ. Бірақ қарапайым жәй адамға Алла нені қалайтынын, Алла неден разы болатынын білу қиын. Сондай- ақ, өз бетімен Алланың Елшісіне қарап- ақ Алланың әмірлерін өз бетінше де үйренуге болмайды. Сондықтан да Алла мен Оның Елшісіне бағынудың Алланың кітабы мен Пайғамбардың сүннетінен ұстанудан басқа жол жоқ.

Шариғаттың нақты заңдары болып қалыптасқан Құран ме Сүннеттің әмірлері мен үкімдері бар. Олар сенімді қайнақтармен дәлелденген. Олар жөнінде ешқандай күмән мен көзқарастар жоқ. Мысалы: зинаның тиылуы, бес уақыт намаз , ораза, зекет, қажылық және де некенің махрамсыз болмайтыны. Әр адам бұл әмірлерді Құран мен хадистерден оқып, біле алады. Сол себептен бұл мәселелерде ижтихад пен бір ғалымның пікіріне жүгінудің қажеті жоқ.

Бірақ Құран мен Сүннеттің кейбір әмірлерін түсіну кезінде қиындықтар туып жатады, себебі бір мәселеде екі түрлі нұсқау кездеседі. Олардың екеуі де сенімді Құран және Сүннет қайнақтарымен дәлелденіп келеді. Мысалы: Аллаһ Тағала Құранда былай деген: «Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімін күтеді» (Бақара сүресі, 228 аят)

Бұл жердегі «қуру» сөзі екі түрлі мағына беріп тұр. Біріншісі- етеккір болса, екіншісі- етеккірден тазалану. Осы жерде бұл сөздің қай мағынасын алсақ дұрыс болады деген сұрақ туады.

Болмаса, мысалы, бір хадисте былай делінеді: «Фатиха сүресін оқымағанның намазы жоқ». Бұл хадис бір қарағанда, намазда «Фатиха» сүресін оқу имамға міндетті болғандай- ақ, оның артында ұйып тұрғандарға және де жалғыз намаз оқушыға да міндетті екендігін білдіреді.

Бірақ басқа бір хадисте былай дейді: «Кімде кім имамға ұйыса, Құранды имамның оқығаны жеткілікті». Бұл хадисте имамға ұйушы ештеңе оқымауы керек деп айтылып тұр.

Бұл хадистердің мағынасында пікірталасқа жол бермеу үшін, одан шығудың екі түрлі жолы бар. Бірі- бірінші хадисті негіз етіп алып, соған амал ету керек. Себебі, екінші хадисте «Фатиха» сүресін емес, Құран оқуды айтып тұр, яғни «Фатиха» сүресінен кейін оқылатын сүрелерді. Екінші жолы- екінші хадисті негіз етіп алып, амал ету. Өйткені, бірінші хадисте «Фатиха» сүресін оқу ұйушыға емес, имамға және намазды жалғыз оқушыға қатысты әмір болып тұр. Осындай жағдайда қай жолды таңдаған дұрыс дегенге келер болсақ.

Құран мен хадистердің мағынасына түсінік берген кезде осындай сұрақтар көптеп туады. Сол жағдайдан шығудың тек қана екі жолы бар. Өзің біреуін таңдап аласың да білімің мен ақылыңа сүйене отырып, соған сай амал ете бересің. Болмаса, осындай кездері бізден бұрынғы өткен білімді ғалымдарымыз қалай амал еткендігіне қарайсың да, солардың ішіндегі сенімді ғалым мен мүжтахидтің көзқарасына сәйкес амал етесің.

Осы соңғы ұсынылған жол - «тақлид» деп аталады. Яғни, біреудің пікіріне жүгіну.

Егер екі жақты да алаламай ойланып қарар болсақ, жоғарыда айтылғандардың біріншісінің сөзсіз қауіпті және де күмәнді екендігін көреміз. Тақуалық пен білім жағынан өзімізді ата- бабаларымызбен салыстыруға келмейтінін надандығымыз ғана мойындағысы келмейді.

Біріншіден, мүжтахид имамдар Пайғамбар (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) заманына жақын кезеңде өмір сүрген. Сондықтан да оларға Құран мен Сүннеттің мағынасын түсіну әлде қайда жеңіл болған. Әрі Құранның түсу себептерін де жақсы білген.

Екіншіден, олардың Алла жарылқап нәсіп еткен күшті ілімдері мен есте сақтау қабілеттері мен өзіміздің білімімізді салыстыруға болмайды.

Үшіншіден, Алла Тағала қалаған уақытында күнә жасауға дайын тұратын кез келген адамға ақиқат пен Құран және Сүннетің терең мағынасын түсінуді нәсіп ете бермейді. Құран аяттары мен хадистердің мағынасын терең түсіну үшін білімді болу жеткіліксіз, тақуалық қажет. Егер біз өзіміздің білімімізді мүжтахид имамдардың білімімен салыстыратын болсақ, жер мен көктей айырмашылық бар екенін көреміз.

Ислам заңдарының қағидаларын жүйелеген ғалымдар тақлидқа былай деп анықтама берген: «Имам мүжтахидтердің сөздеріне, ешқандай дәлел талап етпестен айғақ ретінде ұстанып, амал ету».

Осы анықтаманы желеуреткен кейбір адамдар біреудің сөзіне амал ету ширк, яғни Аллаға серік қосқан болып табылады деген пікір тарата бастады. Бірақ жоғарыдағы келтірілген тақлидтың анықтамасына қарайтын болсақ, бұл сыни пікірге орын қалмай қалады.

Мүжтахидтер заң шығарып, жаңа шариғат әкелмейді. Олар тек қана мағынасын ашып, түсінік береді. Бұған дәлел, Құран мен Сүннетте нақты келген үкімдерде біз имамдардың пікіріне жүгінбейміз. Біз мүжтахидтерге Құран мен хадистерді түсіну қиынға соққанда ғана не болмаса, Құранда бір мәселе жайында екі түрлі үкім келіп қалған жағдайда жүгінеміз.

Тақлидтің анықтамасындағы «ешқандай дәлел талап етпестен» деген сөзге қарап, мойынсұнуға лайығы мүжтахид деген қате пікір қалыптаспауы керек. Расында біз оған айтқан сөздерінде Құран және хадистерден алынған қуатты дәлелдері болғаны үшін жүгінеміз. Сол себептен, оларды бірде түсініп, бірде түсінбей қалатындығымыз үшін, мүжтахидтің сөзіне амал етер кезде дәлел сұраудың қажеті жоқ.

Тақлидтың екі түрі

Тақлидтың бірінші түрі – әр түрлі сұрақтарда әр түрлі имам- мүжтахидке жүгіну. Тақлидтың бұл түрі «мутлақ тақлид» немесе «тақлид ғайр шахси» деп аталады.

Екінші түрі – мүжтахид имамдардың біреуін ғана таңдап алып, кез келген сұрақтарда тек соның ой- пікіріне жүгіну. Бұл түр «тақлид шахси» деп аталады.

Екі түрлі тақлидтың мәні – өз бетімен Құран мен хадисті түпнұсқадан оқып, түсіне алмаған кісінің білімі мен тақуалығына көңілі толатын адамның пікіріне жүгінуі. Имамға жүгінудің қажет нәрсе екені Құран және хадистермен расталады.

Құран және тақлид

Құран тақлидқа былай деп жол меңзейді:

1. «Әй мүміндер! Аллаға бой ұсынып Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар» (Ниса сүресі, 59 аят)

Бұл аятта бойсұну жайлы айтылып тұр. Кейбір тәпсіршілер басшылар деп аударса, ғалымдардың басым көпшілігі бұл жерде мүжтахид ғалымдар айтылып тұр деген. Дәл осындай тәпсір Абдулла ибн Аббастан, Жәбір ибн Абдулладан (Алла олардан разы болсын), Хасан Басридан, Ата ибн аби Рабахтан, Абдул Алия(Алла оларға рақым етсін) және тағы басқалардан жеткен. Сондай ақ Ибн Жәбір мен имам Разидың (Алла оларға рақым етсін) тәпсірлерінде де осы ой құпталады.

Осы тәпсірлерге сәйкес бұл аят тақлидтың айқын дәлелі болып табылады., өйткені бұл аятта Алла мен Оның Пайғамбарынан (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бағынумен қатар, мүжтахид ғалымдарға да жүгіну керек екендігі айтылып тұр. Демек, бұл аят: егер Алла мен Оның Елшісіне бойсұнғыларың келсе, ғалымдарға бойсұныңдар дегенді білдіріп тұр.

2. «Қашан оларға (мұнафиқтерге немесе сенімі әлсіз момындарға жау тарапынан) аманшылық (жағдай) немесе қауіптен (қатерлі жағдай туындағаны туралы) хабар келсе, олар оны жариялап (өршітіп) жібереді (сөйтіп, сол хабарлар жайлы ел арасында түрлі қауесеттер тарайды). Егер оны (өздеріне келген хабарды кезіккеннің бәріне жарияламай) Пайғамбарға (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), яки өздерінің араларындағы бастықтарына жеткізгендерінде еді, оны (сол хабардың ақиқатын) білгісі келетіндер солардан (Мұхаммедтен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) яки өздерінің араларындағы бастықтардан сұрап) біле алатын (сонда алыпқашты әңгімелер тарамайтын) еді» (Ниса сүресі, 83аят)

Бұл аяттың түсу тарихы былай: екіжүзділер соғыс кезінде өтірік әңгіме тарата бастайды да, ол әңгімеге мұсылмандар да сеніп қалып басқаларға жеткізе бастайды. Осылайша бүкіл қалаға өтірік әңгіме жайылып кетеді де нәтижесінде ретсіздік орын алады. Құранда Алла Тағала мұсылмандарға ондай жалған әңгімелерді жаймас бұрын ғалым сахабаларға айтылу керектігін және де ақиқатына көз жеткізіп барып соған сай амал ету керектігін ескертеді. Бұл аят нақты бір оқиғаға түскен болса да Құранды тәпсірлеудің ережесі бойынша, мынандай бір ауыздан құпталған шарты бар: «Тәпсірлеген кезде аят түскен оқиға ғана емес жалпы астарлы мағынасы алынады».

Олай болса, бұл аят тақлидке нұсқап тұр. Сол себептен имам Рази (оған Алланың рақымы болсын ) «Ахкамул Құран» атты тәпсір кітабында шариғатта тақлидке рұқсат екенін осы аятпен дәлелдейді.

3. «Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе?» (Тәубе сүресі, 122 аят)

Бұл аятта Алла Тағала мұсылмандарға барлығы бір уақытта тек бір іспен ғана шұғылданбаулары керектігін айтады. Біразы Алла жолында соғысқа аттанса, біразы білім алу үшін қалсын дейді. Осыдан соң білім алғандар соғысқа аттанғандарға үйретсін дейді. Бұл жағдайда алғашқы аталғандар білім иелеріне бағынып, соларға ерулері керек. Тақлид деген осы.

Тақлид және хадис

«Жәми Тирмизи», «Ибн Мажаның Суннаны», «Ахмадтың Муснады» секілді тағы басқа хадис жинақтарында Хузайфа (Алла ол кісіден разы болсын) Алла Елшісінің(Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Мен сендердің араларыңда қанша уақыт болатынмыд білмеймін. Сондықтан менен кейін қалатын Әбу Бәкір мен Омарға еріңдер»

Бұл хадисте бойсұнуды әмір еткен. Бойсұну деген сөз қоғамдық жұмыста біреуге еру деген емес, діннің ісінде бойсұну.

Бұхаридің хадистер жинағында намаз кітабында (1 том, 99 бет) келген хадисте сахабалар жамағат намазына кешігіп келе беретін болғандықтанАлла Елшісі(Оған Алланың сәлемі мен игіліг болсын) сахабаларына намазда алдыңғы қатарда тұруды бұйырып былай деген: «Маған еріңдер, ал өзге адамдар сендерге ерсін».

Хадистің бір мағынасы алдыңғы қатарда тұрғандар Пайғамбарымызға (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын ) қарап, көргендеріндей намаз оқысын деген болса, екіншісі мағынасы – Алла Елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) намазын үлгі етіп алсын , өйткені болашақ ұрпақ солардан үлгі алатын болады.

Хафиз ибн Хажар Асқалани (оған Алланың рақымы болсын) «Фатхул Бәри» атты кітабындағы бұл хадистің шархында былай деп жазған: «Бұл хадистің мағынасы мынау: «Сендер менен шариғат негіздерін үйренесіңдер, ал кейінгілер сендерден үйренсін, одан кейінгілер олардан осылайша Қиямет қайымға дейін жалғассын».

«Мишқатул масабих» атты еңбектің (1том, 36 бет) «Китабул ъилмнің» үшінші бөлімінде имам Байхакидан жеткен «Әл мадхал» атты кітапта: Ибрахим ибн Абдуррахман Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Сендердің араларыңдағы ең абзалдарыңа Құран мен хадис ілімі беріледі. Олар бұл ілімдерді өтірікшілердің ойдан шығарғандарынан, нысапсыздық пен білімсіздердің тәпсірлерінен қорғайды».

Бұл хадисте білімсіз адамдардың ілімді дұрыс жеткізбейтіндігі сыналады. Надандардың ілімсіздікпен түсіндіргенін айғақтау ғалымдардың міндеті болып табылады. Осы жерден мынандай қорытынды шығады: Құран мен хадистен ешқандай хабары болмаған адам өз түсінігі мен ойына жүгініп тәпсірлеуіне болмайды. Діни сұрақтарға жауап табу үшін ғалымдарға баруы керек. Тақлид деген осы.

Құран мен хадисті аз ғана білімі бар адам да түсіндіре алады, бірақ жоғарыда келген хадисте ол адамды да надан деп атаған. Осы жерден байқағандай, аз ғана іліммен ешбір адам Құран мен хадистен дін үкімін шығара алмайды.

Сахабалар заманындағы тақлид мутлақ

Бізге сахабалар заманынан ижтихад мәселесіндегі мысалдар көптеп жеткенімен қатар, тақлид мәселесіндегі оқиғалар да жеткен. Құран мен хадистен үкім шығара алмаған сахабалардың өздері ғалым сахабаларға барып, діни сұрақтардың жауабын алған. Ал ғалым сахабалар болса, кейде дәлелмен жауап берсе, кейде дәлелсіз де жауап берген.

Сахабалар кезеңінде жалғыз ғана тақлид шахсиге жүгіну болмаған, екеуін де қолданған. Яғни, тақлид шахси және тақлид мутлақ. Ол кезеңде тақлид мутлақтың небір түрлері кездескен. Әрбір фақиһ (ғалым сахаба) өз ортасында үкім шығаратын да қалғандары соған ілесетін. Сондықтан да Әлләмә ибн Қайюм (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Әләмул муаффин» атты еңбегінде былай деп жазады: «Алла Елшісінің(Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сахабалары арасында пәтуә бере алатын 130 дан астам ерлер мен әйелдер болған». Олар берген пәтуалар тақлид мутдақтың анық мысалы. Және де көптеген хадистерден белгілі болғанындай-ақ адамдар олардың сөздеріне ғана амал етіп қана қоймай, тіпті олардың амалдарына сай амалдар жасаған. Мысалы, «Имам Мәліктің Муаттасында» келген хадисте Омар (оған Алла разы болсын) Талханың (оған Алла разы болсын) ихрам халінде түсті киіммен жүргенін көреді де ұрса бастайды. Талха(оған Алла разы болсын) болса: «Бұл бояуда әтірдің иісі жоқ» деп жауап қайтарады. Омар (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Сендер имамсыңдар, сендерге өзгелер ілеседі. Егер ешнәрсе білмейтін адам бұл киіміңді көрсе, міндетті түрде Талха ибн Абдуллаһты(оған Алла разы болсын) ихрам кезінде бояуы бар киімде көрдім деп айтатын болады. Сондықтан да сізге мына киімдеріңіздің ешқайсысын киюдің қажеті жоқ».

Сахабалар кезеңіндегі тақлид шахси

Жоғарыда айтып өткендей, бізге сахабалар заманындағы тақлид шахсидің мысалдары көптеп жеткен. Олардың біразы мыналар:

«Сахих Бұхари» жинағында (1 том, 237 бет) «Қажылық кітабында» Икрима (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Ибн Аббастан(оған Алла разы болсын) тәуәптан соң етеккірі келген әйелдер жайлы сұрағанда ол былай деп жауап берді: «Оған кету керек». Сонда Мәдиналықтар Зәйдтің (оған Алла разы болсы) пәтуәсына қарама-қарса мағынада айтылған Омардың(оған Алла разы болсын) пәтуәсына амал етпейтіндіктерін айтты».

Дәл осы оқиға Абдул Уаххаб Сакафидың «Муджим Исмаилінде» мәдиналықтардың сөзі былай деп толықтырылады: «Сенің пәтуә берген бермегенің бізге бәрібір. Зәйд(оған Алла разы болсын) оған кетудің қажеті жоқ деді».

Ал «Әбу Дәуідтің Муснадында» олардың келесі сөздері келтіріледі: «Ей, ибн Аббас, біз саған ермейміз, өйткені сен Зәйдке қарсы пәтуә айтып жатырсың».

Осы жағдайдан ол адамдардың барлығы Зәйдке(оған Алла разы болсын) ергендері (тақлид шахси) белгілі болады. Сол себептен де Ибн Аббастай (оған Алла разы болсын) сахабаның пәтуасын қабыл еткен жоқ. Оның пәтуасынан бас тартуларының басқа себебін де айтқан жоқ. Бар айтқандары, оның пәтуасы Зәйдтің(оған Алла разы болсын) пәтуасына қарсы келгендігі.

Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) болса, оларды тақлди шахси жасағандары үшін сынған жоқ. Керісінше оларға бұл мәселені Умми Сүлеймнен сұраңдар да қайтадан Зәйдке барыңдар деп кеңес берді. Мәдина жұртшылығы оның кеңесін тыңдап, солай істеген кезде Зәйд (оған Алла разы болсын) хадистерге қарап, өз пәтуасын қайтарып алады, деп «Муслимда» келеді. Осыдан байқайтынымыз Мәдина халқы Зәйдке(оған Алла разы болсын) тақлид шахси жасаған.

«Сахих Бұхаридың» жинағында «Әл Фараид» кітабының «Мирас» бөлімінде Хузейл ибн Шарджил былай дейді: «Біраз кісілер Әбу Мұса Ашғариден (оған Алла разы болсын) бір сұрақ сұрайды. Ол сұраққа жауап берген соң былай деп қосады: «Абдулла ибн Масғудтан(оған Алла разы болсын) да сұраңдар». Әлгі адамдар бұл сұрақты Абдулла ибн Масғұдқа(оған Алла разы болсын) да қояды әрі Әбу Мұса Ашғаридың да жауабын жеткізеді. Бұл сұраққа берген Абдуллаһ ибн Масғұдтың пәтуасыӘбу Мұса Ашғаридың пәтуасына қарама- қайшы келіп қалады. Оған бұл жағдай айтылған кезде ол былай деп жауап берді: «Біздің арамызда бұл ғалым тұрған кезде, менен сұрамаңдар».

Ал «Ахмадтың Муснадында» (1том, 464 бет) бұл хадис былай толықтырылып келеді: «Біздің арамызда бұл ғалым тұрған кезде менен ешнәрсе сұрамаңдар».

Бұл жерде Әбу Мұса Ашғари (оған Алла разы болсын ) оларға кез келген сұрақтарды тек қана Абдулла ибн Масғұдтан(оған Алла разы болсын) сұрауға кеңес берді. Бұл дегеніміз тақлид шахси деп аталады.

«Әбу Дауд», «Тирмизи» және де басқа кітаптарда бәріне белшілі бір оқиға баяндалады. Пайғамбар(Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Муаз ибн Жәбәлді (оған Алла разы болсын) Йеменге шариғат негіздерін үйрету мақсатында жіберген кезде Муаз ибн Жәбал ол жерге тек қана өкіл ретінде емес мүфти әрі қазы ретінде де барған. Йемен халқының оған еруден басқа жолдары болмаған еді, яғни оған тақлид шахси жасады.

Кейбір адамдар Муазды(оған Алла разы болсын) мүфти емес қазы болған деп айтады, бірақ бұл мүлде қате пікір. «Сахих Бұхариде» (1 том, 297 бет) «Китабул фараидтың» бөлімінде Асуад(оған Алла разы болсын) былай дейді: «Муаз ибн Жәбал(оған Алла разы болсын) Йеменге әмір немес ұстаз ретінде келген. Адамдар одан өзі қайтыс болып, артында қарындасы мен қызы қалған адам жайлы сұрағанда,ол жартысын қызына берсін деп жауап берген».

Бұл сұраққа жауап берген кезде ол өзінің пәтуасына дәлел келтірген жоқ. Ал Йемен халқы тақлид жасағандықтан оның сөзін қабыл алды.

Бір сөзбен айтқанда сахабалар заманында тақлид мутлақ пен тақлид шахсидың көптеген оқиғалары кездеседі. Расында да тақлидтың екі түріне де рұқсат бар. Исламның алғашқы кезеңдерінде- ақ адамдар екі түрін де ұстанған. Бірақ уақыт өте келе ғалымдар жүйелеге келтіру мақсатында екі тақлидтың орнына тек қана біреуін, яғни тақлид шахсиды ғана міндетті деп танып, қалдырды.

Бұл даналықты түсіну үшін есте болатын жайт, Құранда айтылып кеткендей, өз нәпсіңнің қалауымен жүру өте қауіпті дерт. Бірақ өз нәпсіңнің қалауымен жүрудің бір түрі – күнә жасау және оны күнә деп мойындау. Ал екінші түрі – күнә істеп, оның күнә екендігін мойындамау. Екеуінің ішіндегі ең жаманы соңғысы, себебі күнә жасаған адам, күнәдан қымсынбайды.

Бұрында адамдар шыншыл болған, оларда нәпсінің тіліне еру болмаған. Уақыт өте адамдар өзгеріп кетті, тіпті әлсіреп қалды. Сондықтан ғалымдар, егер тақлид мутлақтың есігі ашық тұра берсе, адамдар нәпсілерінің қалауына еріп, әр түрлі имамнан өздеріне жеңіл болған жағын алатынын сезген. Бұл үлкен адасушылық болып табылады және де мұның Исламға қарама –қайшы екендігіне ешкім күмәнмен қармайды. Мұны Ибн Таймияның өзі кейде бір имамға, кейде басқа имамға өз қалауымен еріп журуді теріске шығарған.

Егер кез келген өзің ұнатқан мүжтахидтың сөздерін ала беретін болсақ, шындығында да дін ойыншық болып кетеді. Мүжтахидтардың да нәпсінің қалауына қарай айтылғанға ұқсайтын сөздері кездеседі. Мысалы: имам Шафиғидің(оған Алланың рақымы болсын) ойынша, шахмат ойнауға рұқсат етілген, Абдулла ибн Жафар(оған Алла рақым етсін) адамдардың айтуы бойынша музыкаға рұқсат еткен. Қасима ибн Мұхаммад (оған Алла рақым етсін) сурет салуға рұқсат берген екен. Мәликилер ішінде әйелмен артқы жағынан жақындасуға рұқсат беріледі деп есептейді имам Сухнун (оған Алла рақым етсін), имам Амаштың ойынша, ораза күн шыққан соң басталады. Ибн Хазаманың (Алла оған рақым етсін) ойынша, егер бір әйелге үйленбек ниетің болса, ол әйелдің жалаңаш халін көруге болады. Ол ары қарай былай дейді, егер бір әйелге ер адамның алдында жабынып жүру қиынға соқса, ол әйел ер адамға өз сүтін берсін, сол кезде ол еркек әйелге махрам болып есептеледі. Осыдан соң ол ер адамның алдында әуретін жабу үкімі мойнынан түседі. Ата ибн Рабах (оған Алланың рақымы болсын) егер айт жұма күні болса, осы күні жұма мен бесін намазы парыз болмайды деп айтады.

Бір сөзбен айтқанда, егер кімде кім осындай сөздерді іздеп тауып, оны іс жүзінде қолданатын болса, құрушы шайтан болған жаңа дін өмірге келеді.

Тақлид мутлақта нәпсінің қалауына ерудің қаупі жатқандықтан 4- ғасырда ғалымдар тақлид шахсиді уәжіб деп белгіледі. Шах Уәлиуллаһ (оған Алла рақым етсін) «Худжатуллахи баалигада » ғалымдардың бұл шешімін еске түсіріп былай дейді: «Бұл кезең осы үкімге мұқтаж еді».

Мұны сынға алушылар шыға бастады. Сахабалар кезінде уәжіб болмаған нәрсе, олардан кейін қалай уәжіб болады деген сөздер шыға бастады. Оларға жауап ретінде өзінің «Аль- инсаф фи баян сабабаль ихтилаф» атты еңбегінде: «Уәжібтің екі түрі бар: 1) Уәжіб лиъайнихи; 2) Уәжіб лиғайрихи»

Уәжіб лиъайнихи – уәжібтің бұл турі Расулалланың(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кезінде болған. Оны өзгертуге болмайды. Бірақ уәжіб лиғайрихиге өзгеріс енгізуге болмаса, алып тастауға егер адам қандай да бір уәжіб амал жасаса, бірақ белгілі уақытта бір тәсілмен атқарып, ал басқа тәсілмен амал ету мүмкін болмаса оның бұл тәсілі де уәжіб болып табылады.

Мысалы, Расулалланың(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кезінде хадисті сақтау уәжіб болды, себебі ол жаттау арқылы сақталатын еді. Бірақ кейінірек, хафиздердің есте сақтау қабілеттеріне сеніп қалмау керек екендігі белгілі болған соң, хадистерді сақтаудың бір ғана жолы болды. Ол – хадистерді жазып сақтау еді. Осылайша сахаба және табиғиндар кезінде қарапайым адам үшін тақлид мутлақ уәжіб болып саналды. Бірақ бұл жол өте қауіпті болғандықтан, тек қана тақлид шахсиды уәжіб деп тапты. Бұл мәселеге Шейхул Хадис Мәуләна Закария(оған Алланың рақымы болсын) былай дейді: «Тақлид шахси шариғат рұқсат бергендіктен уәжіб болған жоқ, бұл қоғамдық тәртіпке берілген пәтуа».

Тағы бір мысал айтар болсақ: Османның (оған Алла разы болсын) халифалығына дейін Құран әр түрлі жазумен жазылып келген. Қауіпті бүлікті тоқтату мақсатында ол өзінің ортасына жазудың тек қана бір түрін қалдырып, Құранды басқа жазу үлгісімен жазуға тиым салған. Оның бұл шешімімен барлық үмбет келіскен. Өзге де бүліктерді басу үшін тақлид шахсиды уәжіб еткендей, бұл жерде де уәжіб болмаған нәрсені уәжіб жасады деп ешкім сын айта алмайды.

Халық арасындағы тақлид

Ең бірінші дәреже ол – халық арасындағы тақлид. Халық арасында адамдардың үш түрі болады: біріншісі, өзге өнердің шебері бола тұра араб тілін білмейтін және де ешқандай Ислами білімі жоқтар; екінші түрі, араб тілін жақсы білетін, бірақ діни білімді жетік меңгермеген; үшіншісі, олар діни білімі жетілген және де арнайы Ислами білім беретін жоғарғы оқу орнын бітірген, бірақ тәжірибесі жоқ, түсінігі мен шеберлігі де жоқ адамдар.

Осы аталған адамдардың үш түріне де тақлид шахсиді ұстану уәжіб болады. Оларға өздерінің имамы немесе мүфти берген пәтуаға қарама- қайшы амал етулеріне болмайды. Тіпті олардың ойынша, олардың айтқандары хадистерге қарама- қайшы келіп тұрса да.

Бір қарағанда алдында хадис тұрғанда имамның немес мүфтидің айтуымен жүру қызық болып көрінеді. Бірақ жоғарыда аталған адамдар үшін шығар басқа жол жоқ, себебі оларда Құран мен хадистен дәлел алып өз бетінше шешім шығаратын білім жоқ. Көп жерде Құран және хадис бір мағынада келеді, ал басқа дәлелдер тұрғысынан қарасақ мүлде басқа мағына береді. Осындай жағдайда, қарапайым адамға имамның сөзін тәрк етуге рұқсат етіліп, оның сөзіне қарама- қайшы келіп тұрған хадистің өзіне ғана амал ету, нағыз адасушылық болып табылады.

Осындай себеппен көптеген адамдар адасып кеткен. Мысалы: кейбір адамдар намаз кезінде құбылаға қараудан мына аяты дәлелге келтіре отырып бас тартқан: «Шығыс пен Батыс Аллаһтың иелігінде. Сендер қай жаққа бұрылсаңдар да, онда Аллаһтың Жүзі болады. Аллаһ — Қамтушы, Білуші» (Бақар сүресі,115 аят)

Не болмаса хадисте былай деген «Желдің шығып-шықпағаны жайлы күмәнданған адамға желдің дыбысы яки исі сезілмейінше, дәреті бұзылмайды» (Бухари, Уду’, 34). Егер біреу осы хадиске тікелей түсініп, амал етсе, одна имамдар бір ауыздан ол адасты дер еді.

Имам Абу Юсуф (оған Алланың рақымы болсын) былай дейді: «Егер біреу мына хадисті оқыған кезде: «Біреуге қан алдыртқан және қан алған кісілердің екеуінің де оразасы бұзылады» оқыған адам оразасын бұзса, ол адамға оразаның кәфәраты уәжіб болып қалады, бірақ егер, мұны оған мүфтилердің біреуі айтқан болып, осыдан соң ол адам ішіп- жей бастаса, оразаның кәфәраты ол адамға уәжіб болып есептелмейді».

Мұның себебін түсіндіру үшін ол былай деп жазады: «қарапайым адам өз бетімен хадисті түсіне алмайтындығы себепті ғалымның артынан ілесуі уәжіб болып табылады».

Тақлидтың сыны

Кейбір адамдар тақлидты мына аятпен байланыстырады: «(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді» (Бақара сүресі, 170 аят)

Жауап белгілі. Біріншіден, Құран тиым салған тақлид иманға қатысты. Ал жоғарыда айтып кеткенде және тағы да басқа шариғат қайнақтарымен яғни, Құран мен хадис тағы басқа бекітілген мәселелер тақлдиқа жатпайды.

Екіншіден, бұл аятта ата- бабаларының ұстанған жолдарын дәлел қылып келтіріп, Аллаһтың аятына қарсы келген мүшріктер жайлы айтылып тұр. Имамға ерген адамдар Аллаһтан келген әмірлердің ешқасысына қарсы келмейді. Тек қана мүжтахидтің түсіндіріп бергеніне сенеді. Және де мүжтахидтің сөздері соңғы сөз болып қабылданбайды.

Үшіншіден, ары қарай Құран ата- бабалардың жолымен жүруге тиым салғанының себебін былайша түсіндіреді: «Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?» (Бақара сүресі, 170 аят) Бұл аяттан белгілі болғандай, олардың ата- бабалары тура жолда болмаған, ал төрт имам жайлы тіпті сәләфиттердің өздері де (имамға ілесуді мойындамайтын ағым) тура жолда жүрген ақыл иелері деп айтады.

Тирмизидің хадистер жинағында (2 том, Әбуәбу- т- тафсир уә мин сура Ат- Тәубә бөлімі) Әди ибн Хатим (Аллаһ оған рақым етсін) Аллаһ Елшісі (оған Алллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) Құранның мына аятын тәпсірлеп «Олар, (Яһуди, Христиандар) ғалымдарымен машайыхтарын және Мәриам ұлы Исаны Алладан өзге тәңір қып алды. Негізінде олар, бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын. Өйткені, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол, олардың қосқан шерігінен пәк » (Тәубе сүресі, 31 аят) былай дейді: «Бірақ олар таңдап алғандарына табынбаса да егер олар бір нәрсені бұйырса істейтін еді де, тыйса, тиылатын».

Яғни, Кітап иелері өздерінің ғалымдарын тәпсіршілер ретінде ғана емес, заң шығарушы ретінде де қабылдайтын. Тіпті қазіргі таңда да рим католиктерінің кітабында заң шығаруға Папа толық құқылы деп жазылған. Және де ол еш жаңылыспайтын адам болғандықтан оған Шариғат заңдарын жүргізуге де рұқсат етіледі. Керісінше, мүжтахид имамдарды ешкім жаңылыспайды, заң шығаруға лайық деп есептемегендіктен кей жағдайда көптеген ғалымдар олардың сөздерін тәрк етеді.

Кейбір адамдар тақлидты мына аят арқылы сынға алады: «Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?». Бұл аят Құранды түсіну және оның әмірлері оңай, сол себептен ешқандай мүжтахидке жүгінудің қажеті жоқ дейді.

Ал Құрандағы аятардың екі мағынасы болатынын ұмытпауымыз керек. Бірінші түрі Шариғат заңдарын қамтыса, екінші түрі насихат пен сақтандыру. Соңғы түрдегі аяттарды түсіну өте оңай және де аятты оқыған кез келген адам насихат ала алады. Сондықтан да жоғарыда келтірілген аятта екінші түрі тұспалданып тұр. Бұған дәлелді Құран өзі беріп тұр: «лиззикр» (еске алу үшін) сөзінен кейін: фахал мим мустанбит» (осыдан үкім шығарушы табылар ма) деп емес, «фахал мим муддакир» (түсінуші табылар ма) деп айтады.

Муфтий Кифаятуллах
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
алдыңғы мақала
Неге мәзһаб ұстану қажет? 1-ші бөлім
кейінгі мақала
Әбу Ханифаның ұстаздары

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником