Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

24 03.22

Жалқаулық – зиянды кесел

Жалқаулық – адам бойындағы жағымсыз сипат, адамдық затын тоздыратын зиянды кесел. Бұл жаман кесел – жан мен тәнге, тіпті ақылға дендеп кетуі ықтимал. Бұл дерттің басты себептері – бос уақыт, жаны әрқашан бір жеңілдікті, рахатты сүю, ойын-сауыққа құмарлық, көп ұйықтау, жалған үміт жетегінде жүру және бұзылған орта.

Асыл дініміз жалқаулықты құптамайды. Ондай қасиеттен аулақ болуға бұйырады. Дұрыс ұғына білсек, жүректің тынышын, тәннің тынысын бұзатын да осы жалқаулық. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендер ұйықтағанда, шайтан адамның басына үш түйін салады. Әр түйінді салғанда, «түн ұзақ, жатып ұйықта» дейді. Егер оянып, Алланы тіліне алса, бір түйін шешіледі. Дәрет алса, тағы бір түйін шешіледі. Намаз оқыса, тағы түйін шешіліп, бойы сергіп қалады. Әйтпесе, жаман боп жалқауланып тұрады» (Бұхари, Муслим) – деп, жалқаулықтан қалай құтылу керектігін ескертекен.

«Адамды жөн білетін дана деп біл, Істерін жалқау жанның шала деп біл» (Шал Құлекеұлы)-демекші, жалқаулықты еңбек жеңеді. Әрекетке –берекет, еңбектену және қам-қарекет жасауға талпыну қажет. «Әрекет ету» сөзі Құранда көп айтылады. Мәселен: «Әрбір жанға әрекет-ұмтылыстарына лайықты қайтарым сыйы не жазасы берілу үшін...» (Таһа-15), Міне, ешкім сен үшін сенің шаруаңды істемейді. Сондықтан, орныңнан тұр да, өз қамыңды өзің жаса. Ибн Масғұд (р.ғ.): «Мен жұмыссыз бос адамды көрсем ашуланамын. Ондай адам дүниесіне де ахиретіне де ешбір пайдалы шаруамен айналыспайды»-деген. Жалқаулық пен еріншектік арлылық деген асыл қасиеттен жұрдай қылатын жаман әдет. Арлы адам – ешкімнен қол жайып сұрамайтын, өзге біреудің көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан. Абай атамыз қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады» деу арқылы осыны дәлелдеп тұр.

Халық даналығында: «Диқаншы нанын жейді, еріншек арын жейді» деген керемет нақыл да орынды айтылған. Шәкәрім Құдайбердіұлы:

«Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа, Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан».

Ал, енді осы жалқаулықтан ісіміз шала болмас үшін, қалай құтыламыз? Соның бірнеше амалына тоқталып өтсек:

- Таңертең ерте тұру – адамға сергектік сыйлап, кешке дейін қалыпты күйде жүруге көмектеседі. Түн бізге тынығу үшін берілгендіктен, түнде ерте ұйықтап, таңертең ерте тұру қажет. Ерте тұру деген сағат тілімен ерте тұру емес, жылдың қай мезгілі болса да, күн шықпай тұруды айтады.

«Еңбекқор ширақ тұрады, еріншек қирап тұрады» дегендей ширақ тұру дегені «ерте тұру» дегенді білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ия, Раббым! Менің қауымыма таңертеңгі уақытта береке бер!», – деп дұға жасаған. Ендеше, осы сөзді басшылыққа алып, күннің берекесі сол күннің таң намазынан басталатынын естен шығармайық.

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық»-дегендей, күн шыққанша тіліңіз зікірде, қолыңыз шаруада болса, сол күннің сіз үшін мүмкіндікке қарай денені ширату, көбірек қимыл-қозғалыста болу. Жалқаулықпен жастық шағымызды босқа өткізіп алмау. Орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, публицист Иван Бунин: «Адамзат, сенің қасыретің сол, жастығыңды ақымақтықпен өткізіп, жасампаз шағыңды жалқаулықпен тауыстың. Енді көрге лақтырар қаңқаң ғана қалды. Пендеге де, батырға да, Адамның бүкіл ұрпағына ортақ мылқау өліктердің мәңгілік мекені бар екенін ұмытпа».

- Дұға ету де маңызды нәрселердің бірі. Ардақты Пайғамбарымыз: «Ия, Алла! Қайғы-қасіреттен, уайым жеуден, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқаулықтан, сараңдықтан, қарызға батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан Өзіңе сыйынамын», - деп дұға жасап, үмметіне де бұл дұғаны үйреткен.

- Бүгін бітетін істі ертеңге қалдырмау. Яғни қандай да бір жұмыс шыға қалса, оны уақытында атқаруға тырысу. Әр күннің өз ісі бар, жұмысты кейінге қалдыру еріншектің ісі. «Еріншектің ертеңі бітпейді», еріншекке бүгіннен ертең оңай көрініп тұрады. Ал өз уақытында жасалмаған жұмыс көбейе келе, ақыры еңсеңізді басып, уайымыңызды одан әрі күшейте түседі. Сондықтан әр нәрсені өз уақытында тындыруға күш салу. Алла Құранда: «Ал, енді босай қалсаң тырыс, әрекет ет және Раббыңа қарай ұмтыл», - деп бұйырған. (Шарх-7,8) Сондықтан босай қалсаңыз, қарап отырмай бірдеңеге жарап отыруға әдеттеніңіз. Себебі, адам өз ойларымен, жұмыссыз қалып қойса, нәпсі мен шайтанның жетегінде кетіп қалуы әбден мүмкін.

- Тамақты мөлшерден тыс көп жеп қоюдан сақтаныңыз, яғни аз тамақтану. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам баласы асқазаннан жаман ыдыс толтырған емес», ‒ деген. Тамақты жасар құлшылығы үшін, етер еңбегі үшін әлденіп алу мақсатында жесе жеткілікті.

Алла сіз бен бізді қоғамға пайдасы тиер еңбекқор, табанды, жігерлі құлдарының қатарынан етсін!

Рудный қалалық мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

берекеге толы болатынына күмән жоқ.

- Шынығып,

Security code


алдыңғы блог жазба
Уақып қорының маңыздылығы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником