Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ғибратнама

Мәуліт мерекесінің маңызы

Бүкіл әлемдерді жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар және Алланың сүйікті Елшісі Мұхаммадқа (с.ғ.с) сансыз салауаттар болсын. Мәуліт – туылу уақыты немесе туылған күн дегенді білдіреді.

Ислам әлемінде бұл күнді Мәулудун – Нәби, яғни Пайғамбардың туылған күні деп атайды. Жалпы әлемнің мұсылмандары Мұхаммад пайғамбардың туған күнін бір ай көлемінде тойлайды. Осы Мәуліт айы биылғы жылы қаңтар айының 2-нен 3-не қараған түнге сәйкес келіп отыр.

Сахих Мүсілімде Әбу Қатададан мынандай хадис риуаят етілді. Ол былай деді: Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралған еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл күні мен дүниеге келдім әрі елші болып жіберілдім немесе бұл күні маған Құран түсті» , – деп жауап берді.

Хадисте Расулулланың (с.ғ.с.) дүниеге келген күнінің ерекшелігі мен қасиеттілігі, тіпті, бұл күнде Ұлы Жаратқанға шүкір ниетімен ораза ұстаудың сауаптылығы айтылған. Иә, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуі Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рахым етіп қана жібердік» деп осы ақиқатты меңзеген.

Сондықтан, оның дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмметі үшін үлкен қуаныш. Ол (с.ғ.с.) дүниеге келмей тұрып, барша ғалам қараңғылықта тұншығып жатқан-ды. Адамзат небір меңіреу пұттарды Құдай деп танып, ес-түссіз құлшылық етті. Ақ, қара саналып, асыл құнсызданды. Небір сорақы істер мен арсыз қылықтар игілікке бағаланып, иелері атақ-абыройға кенеліп жатты. Осы бір сұрапыл да қараңғы түнекте Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әділетті, мейірімділікті, бауырмалдылықты, тыныштықты және ынтымақты сүйген адамдардың асылы еді. Сабырлы, байсалды және көркем мінезге ие бір Елші еді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осындай көркем мінезге деген ерекшіліктері барлық адамдарға үлгі өнеге. Құранның бір аятында Алла Тағала осы жөнінде былай дейді:

«Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар». (Ахзаб сүресі, 21).

Құран аяттарында Пайғамбарымыздың көркем мінезі өте терең баяндалған. Сондай-ақ, сахабалар айтып кеткен насихаттарында да Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қатысты көптеген мәліметтер бар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жан ұясына және төңірегіндегі мұсылмандарға болған мәмілесі, күнделікті өмір сүрген оқиғалар, сыртқы көрінісі, көргендерді таң қалдырған нұрлы келбеті, сүйген тамақтары, киімі және күлуі сйяқты көптеген мәліметтер Ислам ғалымдары тарапынан «шамаил» сөзімен аталады.

Шамаил сөзі «шимал» сөзінен келіп шыққан. Бұл сөз «құлық-мінез, қиял, көрініс, әрекет, мәміле» сияқты мағыналарды береді. Бірақ «шамаил» сөзінің мағынасы уақыттың өтуіменен өзгеріп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өміріндегі өткізген өміріменен байланысты барлық мәліметтерді және жеке ерекшіліктерін түсіндірген бір терминге айналған.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сұлулықтары жөнінде көп мәліметтер бүгінгі күнге дейін жеткен. Пайғамбар Мырзамыздың (с.ғ.с.) сахабалары бұл адамның асылы болған сыртқы көрінісінен сұлулығынан көргендерді таң қалдырған келбетіне, нұрынан болған көрінісіне және күлгеніне дейінгі көптеген әр түрлі мәліметтерді қалдырған.

Көптеген сахабалар сұлулықтар жөнінде әр түрлі мәліметтерді баяндап беріп, Пайғамбарымызбенен бір дәуірде өмір сүрмеген Мұсылмандарға Алланың Елшісін (с.ғ.с.) көптеген ерекшіліктеріменен таныстырған.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мінез-құлқы мен көрінісіне байланысты берілген барлық мәліметтер Оның (с.ғ.с) жоғарғы көркем мінезділігін көрсетеді.

Міне, құрметті мұсылман бауырлар! Әлемге өз мейірімін паш етіп жіберілген, көркем мінезге толы ардақты Пайғамбарымызды (с.ғ.с) өзімізге үлгі-өнеге тұтып, Оған деген көптеген салауаттар айтып, сүйіспеншілігімізді арттыруымыз керек. Салауат айтуды Мәуліт айында ғана емес, күнделікті өмірімізде де Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтып отырғанымыз жөн.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүминдер! Сендер де оған толық мойынсынушылықпен салауат айтып, сәлем жолдаңдар», - деп бұйырады (Ахзаб сүресі, 56-аят).

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызы Фатимаға (р.а.): «Адамдардың ішіндегі ең сараңы кім деп ойлайсың?» – дейді. Фатима (р.а.) анамыз: «Алла берген дәулеттен садақа бермейтін адам», - деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ, менің атым аталған жерде маған салауат айтпағандар ең сараңдар!» – дейді. Сондықтан, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мұхаммад, Мұстафа, Ахмад  деген есімдері аталған уақытта «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм» деп салауат айту – әрбір мұсылманның міндеті болып қала бермек.

Сол үшін «Уа, Мұхаммад! Саған сансыз салауат болсын!» деп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін еске алып, ол күндері салауат айтсақ, әрине, сауапқа кенелеміз.

Демек, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) көптеген салауаттар жолдайтын болсақ, Оның (с.ғ.с) сүйіспеншілігіне бөленетініміз ақиқат.

Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіру бұл мұсылмандар үшін ең маңызды. Себебі, ол екеуінсіз иман толық болмайды. Әнәс бин Мәликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Ата-аналарың мен бала-шағаларыңнан да, тіпті барлық адамдардан да мені артық жақсы көрмейінше толық иманды жан бола алмайсыңдар»,-деді.

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сүю бұл ең үлкен бақыт. Себебі, Ол (с.ғ.с.) бізді қараңғылықтан жарыққа шығарып, ақ пен қараны ажыратуды, тура жолды көрсетіп берген. Пайғамбарды сүю – оның алып келген Ислам дініне үлесімізді қосып, оған жәрдем беріп, Ол (с.ғ.с.) алып келген үкімдерге толық бас ию болып саналады. Құрметті мұсылман бауырлар! Пайғамбарды сүю ең үлкен сый. Оны (с.ғ.с.) сүю жүректің күш қуаты, нұры және керекті рухани азығы. Біз Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ата-аналарымыздан да, бала-шағаларымыздан да, артық жақсы көруіміз керек.

Омар ибн Хаттаб (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтты: «Уа Алланың Елшісі, ақиқатында мен сені өзімнен басқа барлық нәрселерден артық жақсы көремін»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Жоқ! Менің жаным қолында болған затқа ант, мені өзіңнен де артық жаксы көруің керек»,-деді. Бірнеше күн өткеннен кейін Омар (р.а.) айтты: «Шындығында мен сені дәл қазір өзімнен де артық жақсы көремін»,-деді. Сонда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Міне енді жақсы болды ей Омар!»,-деді.

Осы хадис бізді Алланың Елшісін (с.ғ.с.) өзімізден де, жанымыздан да артық жақсы көруге шақырып жатыр.

Имам Мәлик (р.а.) Алланың Елшісін (с.ғ.с.) өте жақсы көрушілерден еді. Ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін оқығанда дәретпенен оқып, тіпті осынау дәріс алқасында бірнеше рет аяғын шаян шағып жатса да хадисті оқуын тоқтатпаған болатын.

Міне құрметті мұсылман бауырлар, Алланы және Оның Елшісін (с.ғ.с.) жақсы көру ең маңызды мәселе екеніне куә болдық. Сондықтан Алланы және Оның Елшісін (с.ғ.с.) барлық нарселерден жақсы көруіміз керек.

Аллаға шүкір, тәуелсіз ел болғаннан бері елбасымыздың қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын Мәуліт мерекесін атап өту үрдіске айналды. Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз, қала берді, жастарымыз да шын ықыластарымен дәстүрлі түрде қарсы алып келеді.

Ислам ғұламасы Жәләлуддин Суюти (р.а.): «Шамайлдың» шархы болған «Уасайл» атты кітабында айтады: «Бір үйде немесе мешітте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Алла Тағаланың рақымы жауады және олар нұрға бөленеді. Себебі, періштелер ол адамның Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мәуліт оқығаны үшін салауат айтып тұрады»,-деген.

Ендеше, барша қостанайлық мұсылман жұртын осы қасиетті Мәуліт  айының мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала еліміздің тұғырын биік, тәуелсіздігін баянды қылғай!

Түсіпбек Асылхан қажы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

алдыңғы мақала
Абдулла ибн Абдулазиз
кейінгі мақала
Шынайы дін өшпенділікке, зорлық-зомбылық пен алауыздыққа шақырмайды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником