Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ғибратнама

Салауат айтудың маңыздылығы

Әлемдердің жаратушысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болып, Пайғамбарымыз Мухаммадқа (), Оның жанұясына, сүйікті сахабаларына және осыларға ізгілікте ерген барша момын мұсылмандарға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болғай!

Құран Кәрім әмірі бойынша мұсылман адамға өмірінде бір мәрте болса да Пайғамбарымызға () салауат айту міндет. Ал, күнделікті айтып жүру мұстахап амалына жатады. Алла Тағала Пайғамбарды () мейіріміне бөлеп, періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Сондықтан да Алла Тағала иман келтіргендердің Пайғамбарға () салауат айтуын бұйырды:

(إِنَّ اللَّهَ وَمَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا)

«Алла Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер». (Ахзаб сүресі, 56-аят)

Алла Тағала Мухаммад Пайғамбарды () жақсы көріп, аспандардағы періштелеріне оны мақтайды. Періштелер де оны дәріптеп, ол үшін аса ұлы Аллаға дұға жасайды. Мухаммад Пайғамбарымыз () сахабаларға Пайғамбар үшін қалай дұға, тілектер жасауды үйреткен. Оның бірнеше түрі бар. Сондай дұғалардың бірі: «Оған Алланың сілемі мен игілігі болсын»-деген тілек. Бұл аяттағы Алла Тағаланың салауат айтуының мағынасы: Алланың рақымы, мейірімі дегенді білдіреді. Ал періштелердің салауат айтуының мағынасы: періштелердің Алланың құлдарына жасаған истиғфары, жарылқау тілеуі дегенді білдіреді. Аллаға иман келтіргендердің салауат айтуының мағынасы: мұсылмандардың жасаған дұғалары дегенді білдіреді.

Сонымен қатар жоғарда келтірілген аяттан түсінілетін нәрсе, Пайғамбарымыздың () есімдері айтылған уақытта, Алланың құлдары Алла Елшісіне () салауат айту қажет. Бір мажілісте Пайғамбарымыздың () есімдері бірнеше рет қайталанған жағдайда, басында бір мәрте салауат айту уәжіп болады, қалғандары сүннет амалына жатады. Кейбір ғұламалар әр бір салауатқа салауат айту уәжіп деген.

Салауат – дұға, тілек деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде намазды да الصَلَاة «салат» деп айтады. Өйткені, намаз – ең үлкен дұға.

Салауат айтудың артықшылығы

Ибн Ато (р.а.) Алла Елшісіне () салауат айтудың маңыздылығына қатысты былай деген: «Дұғаның қабыл болуы үшін: ықылас, шынайлық, жүрек тазалығы, дұғалар қабыл етілетін уақыт және дұғаның басында, ортасында әрі соңында Пайғамбарға () салауат айтылуы қажет».

Абдулла бин Масғуд (р.а.) былай деген: «Сендердің біреулеріңнің мұқтаждығы болып, Алла Тағаладан сұраса, дұғасын Аллаға лайықты түрде мадақ айтудан бастасын, сосын барып Пайғамбарға () салауат айтып, қажетін тілесін. Дәл осылай жасау Алла Тағаланың алдында қабыл болуға лайықтырақ».

عن ابن مسعود رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:" إِنَّ أَوْلَى النَّاسِ بِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاةً " (رواه النسائى وابن حبان)

Ибн Масғудтан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Расында қиямет күні Менімен бірге болатын ең жақсы адамдар, Маған көп салауат айтқандарың» (Насай, Ибн Хиббан риуаят еткен).

عن أنس رضى الله عنه أَنَّ رسول الله صلى الله عليه وسلم قال:" مَنْ صَلَّى عَلَيَّ فِى يَوْمٍ أَلْفَ صَلَاةٍ لَمْ يَمُتْ حَتَّى يُبَشِّرُ بِالْجَنَّةِ ". (رواه أبو الشيخ)

Анастан (р.а) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім Маған күніне мың мәрте салауат айтатын болса, жұмақпен сүйіншіленген күйде дүниеден өтеді» (Абу Шейх риуаят еткен).

عَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم قَالَ: "مَنْ صَلَّى عَلَيَّ حِينَ يُصْبِحُ عَشْرًا، وَحِينَ يُمْسِي عَشْرًا أَدْرَكَتْهُ شَفَاعَتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ."

Абу Дардадан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, қиямет күні Менің шапағатым оған нәсіп болады».

Пайғамбарымыз () айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала ол адамды қиямет күнінің ұлы қайғысынан аман сақтап, нығметіне бөленген пайғамбарлар мен, шыншылдар қатарында тірілтеді».

Әнас бин Мәлик (р.а) риуаят еткен хадисте былай делінген: «Кімде-кім Маған бір мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Ал егер, он салауат айтатын болса, Алла Тағала оған жүз салауат айтады. Ал енді, жүз салауат айтқан кісіге, Алла Тағала мұнафықтықтан және тозақ отынан сақтайтын екі қорған нәсіп етеді де қиямет күні шаһиттермен бірге тірілтеді».

Уаһб бин Манбаһтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз () айтты: «Кімде-кім маған он мәрте салауат айтатын болса, құлды азат еткендей сауап алады».

عن أبى هريرة رضى الله عنه أَنَّ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: "مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلاةً وَاحِدَةً صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ عَشْرَ صَلَوَاتٍ، وَحُطَّتْ عَنْهُ عَشْرُ خَطِيئَاتٍ، وَرُفِعَتْ لَهُ عَشْرُ دَرَجَاتٍ" (رواه أبوداود).

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Кімде-кім маған бір мәрте салауа айтатын болса, Алла Тағала оған он мәрте салауат айтып, он қателігін кешіреді де, дәрежесін он мәрте көтереді» (Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Әбу Талха (р.а) әкесінен (р.а) риуаят етіп былай деді: «Бір күні Алла Елшісінің () жүзінен қуанышты көңілмен келгендігі байқалды. Сол кезде Сахабалары: «Ей, Алланың Елшісі! Жүзіңізден қуанышты сезімді байқап тұрмыз»,-деді. Сонда Пайғамбарымыз (): «Маған періште келіп: «Ей, Мухаммад! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте салауат айтса, Мен оған он салауат (рақымет) айтамын. Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте сәлем жолдаса, Мен оған он сәлем жолдаймын. Осыған разы боласың ба?»,-деді». Мен: «Әрине разы боламын»,-деп жауап бердім»,-деген».

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте: «Егер мүмин адам Пайғамбарға () бір мәрте салауат айтса, Алла Тағаланың рұқсатымен бір періште әлгі айтылған салауатты алады да Пайғамбардың () қабіріне жеткізіп: «Ей Мухаммад! Сенің үмбетіңнен болған пәленшенің ұлы пәленше Саған салауат айтты»,- дейді. Сонда Пайғамбарымыз () қуанғаннан: «Менен оған он салауат жеткізіп, қиямет күні Менің шапағатым оған міндет болатындығын жеткіз»,- дейді. Кейін періште ғаршының ең жоғарғы жағына көтеріліп тұрып: «Ей, Раббым! Пәленшенің ұлы пәленше Мухаммадқа () бір мәрте салауат айтты»,-деп Алла Тағалаға жеткізеді. Сонда Алла Тағала оған: «Менен он салауат болсын»,-дейді. Кейін Алла Тағала айтылған салауаттың әрбір әріпінен бір-бір періштелер жаратады. Ол періштелердің үш жүз алпыс басы бар, әрбір баста үш жүз алпыс жүзі бар, әрбір жүзінде үш жүз алпыс ауызы бар, әрбір ауызда үш жүз алпыс тілі бар. Осы періштелер барлық тілдерімен үш жүз алпыс мәрте Алла Тағаланы пәктеп мадақтайды. Осы тасбих мадақтардан пайда болған сауаптарды Пайғамбарымызға () салауат айтқан адамға қиямет күніне дейін жазылып тұрады»,-делінген.

Салауат айтпау – сараңдық

Алла Елшісінің () есімі аталған уақытта салауат айтпау, сараңдықтың белгісі болып табылады.

عَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ عَنْ أَبِي ذَرٍّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ : إِنَّ أَبْخَلَ النَّاسِ مَنْ ذُكِرْتُ عِنْدَهُ فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيَّ ‏‏

Абу Зардан (р.а.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі () айтты: «Менің есімім аталған уақытта маған салауат айтпаған адам сараңның ең сараңы».

Бірде Алла Елшісі () қызы Фатимаға (р.а.): «Адамдардың ең сараңы кім деп ойлайсың?» – деп сұраған кезде, Фатима (р.а) анамыз: «Алла Тағала нәсіп еткен дәулеттен садақа бермейтін адамды ең сараң деуге болар», – дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (): «Жоқ, Менің атым аталған жерде маған салауат айтпағандар – нағыз сараңдар!» – деген екен.

Мәшһүр салауаттар мен олардың қазақша мағынасы

«Аллаһумә салли алә Мұхаммадин уә алә али Мұхаммад, кәмә саләйтә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд. Аллаһумә бәрик алә Мұхаммадин, уә алә али Мұхаммад кәмә барәктә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд».

(Ей, Алла, Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына салауат еткейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың. Ей, Алла, Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей Мухаммадқа және оның отбасына да береке бергейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың).

Салла Аллаһу алейһи уә саллам

(Алланың оған салауаты мен амандығы болсын).

Алейһи афдалас салати уә әзкас сәләм

(Оған ең жақсы салауат пен ең жақсы сәлем болсын)

Аллаһуммә салли уәс саллим алә Мухаммад уа алә алиһи уа асхабиһи ажмаиин

(Ей, Алла, Мухаммадқа және оның отбасы мен асхабына салауат етіп (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей), амандық бергейсің)

Осынау салауатты көбейтуімізде адамзаттың асыл тәжі, ардақты Елшімізге () үмметі ретінде көрсеткен құрметіміз болып саналары сөзсіз. Сондықтан салауат айтуды төңірегіміздегі жақын туыстар мен дос-жарандарға да насихат етуді ұмытпайық. Және де балаларымызды ардақты Елшіміздің () кіршіксіз пәк өмірбаянымен таныстыру арқылы олардың жүрегінде Хақ сүйіктісіне деген махаббатты оятуға ұмтылып, өскелең ұрпақты да жақсылыққа баулысақ нұр үстіне нұр болмақ! Жаратушы Жаббар Иеміз өзінің сүйікті құлы әрі елшісі Мухаммадты () көбірек танып, Оған () көбірек салауат айтуды нәсіп еткей! Әмин!

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің
найб имамы Асқар Мейрамбекұлы

алдыңғы мақала
Ережеп айының қасиеттері
кейінгі мақала
Серікбай қажы ОРАЗ: Неке – барлық пайғамбар сүннеті

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником