Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ғибратнама

Ережеп айының қасиеттері

Аса қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Ұлы Жаратушымыз Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Пайғамбарымызға (соллаллоһу алйәһи уә сәлләм), оның отбасына және сүйікті саахабаларына сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай.

Құрметті мұсылман бауырлар! Міне Алланың қалауымен қасиетті Ережеп айына да аман-есен жеттік. Алла Тағала осы айда баршаңызға тек қана жақсылықтар сыйласын. Биыл Ережеп айы сәуір айының 20-сына тұспа-тұс келіп тұр. Ережеп айы мүбарак болсын!

Ережеп айының қасиеттерін ұғынып, құңдылықтарына құштар болған пенде Алла Тағаланың сансыз нығметтеріне ие болады. Алланың, құлдарына ұлы мейірімі болып келетін Ережеп айы – қасиетті үш айдың бірі. Осы айларда істелген сауапты істер мен құлшылықтардың сауабын Алла Тағала бірнеше есе көбейтіп, шын жүректен тәубесіне келіп, кешірім сұраған пендесінің тілегін қабыл болмақ.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде айтады: «Егер де өмірлеріңіздің соңы бақытты болып, тыныш өлім қаласаңыздар (мұсылман болып өтуді) және шайтанның азғыруынан аман болам десеңіздер – осы айларды құрметтеп ораза тұтып, таубаға келіңіздер». Тағы бір хадисте Ережеп айында істелген сауап пен күнә жетпіс есе өседі делінген. Сонымен қатар Ережеп айында, Алла Тағала күнәлі істер мен қақтығыстарға қатаң түрде тыйым салған қасиетті төрт айдың бірі. Олар: Ережеп, Зұл-Қағда, Зұл-Хиджа, Мұхаррам айлары.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті немересі Хасаннның (р.а.) риуаят еткен хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жыл ішінде сондай төрт түн бар, ол түндерде Алланың мейірімі, кешірімі, жомарттығы, берекеті және нығметтері жерге нөсер жауындай төгіледі. Олар: Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының он бесінші Барат түні және ораза айты мен Құрбан айт түндері. Осы аталған түндердің пайдалары мен қадір-қасиетін білген әлі білуге құштар болған адамдар береке табады»,-деген.

Ережептің алғашқы күні мен түні, алғашқы бейсенбісі, он бесінші күні мен түні және жиырма жетінші күні мен түні аса құнды болып табылады. Осы күндер мен түндерде көп құлшылық етіп, Алланы зікір етіп, күндерін оразамен, түндерін құлшылықпен өткізген абзал. Ережеп айының алғашқы бейсенбісі (сәуірдің 23-нен 24-не қараған түн) – Рағайыб кеші. Ал аталмыш айдың жиырма жетінші түні (мамыр айының 15-нен 16-на қараған түн) – Миғраж кеші. Миғраж кеші Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Алла Тағаланың хұзырына көтеріліп, ешбір кедергісіз Онымен тілдесіп, бес уақыт намаз құлшылығын үмбетіне парыз қылып алған ерекше қасиетті түн.

Ережеп сөзі араб тілінде – Раджаб деп айтылады. Бұл сөз үш әріптен тұрады Р – Алланың рахымы, дж – «джурмулғабди» (Аллаһтың құлының күнәлары), Б – «бәрулләһи Тәғәлә» (Аллаһ Тағаланың жақсылығы). Алла Тағала: «Ей, пендем! Мен сенің күнәларың мен қателіктеріңді өз мейірімім мен жақсылығымның арасына орналастырдым. Сондықтан Ережеп айының құрметі үшін сенің күнәларың мен қателіктеріңнен еш нәрсе қалмайды».

Ережеп айын тыныштық, жомарттық, тазару, ерекше, алғашқы және жеке дара айы деп атайды. Тыныштық айы деп аталу себебі, бул айда Алланың қаһары түспейді. Бұл жайында Осман ибн Аффан (р.а.) хұтпасының соңында былай деген: «Алланың тыныштық айы келді. Сол үшін бұл айда зекет пен садақа беріп, қарыздарды өтеу қажет».

Жомарттық айы деп аталуының себебі, бұл айда Алланың нығметтері шексіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықылысты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді. Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады. Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен ахирет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар. Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады. Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі. Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күналарын кешіреді де жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ал егер оразасын келесі күндері жалғастыратын болса, сауабын одан әрі арттыра түседі.

Тазару айы деп аталуының себебі, бұл айда Алла пендесін бүкіл күнәдан тазартады. Абдулла ибн Зүбайрден (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Кімде-кім Ережеп айында мұсылман бауырын қиындықтан құтқарар болса, Алла оған жұмақтан орын береді».

Ерекше, алғашқы деп аталу себебі, Ережеп қасиетті үш айдың алғашқысы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – Менің айым, Рамазан – Үмметімнің айы». Зуннун Мысри (Алла рақым етсін) былай депті: «Ережеп – егін егу, Шағбан – егілген егінді суару, Рамазан – өсіп шыққан егінді ору. Ережеп – тазару, кешірім және мейірім айы, Шағбан – шапағат, рухани құлпыру айы, Рамазан – тозақ отынан құтылу айы».

Жеке дара деп аталу себебі, Ережеп қасиетті үш айдан жеке тұрады. Бұл турасында хадисте былай делінген: «Жұмақта бір өзен бар оның аты – Ережеп. Оның суы сүттен ақ, балдан тәтті. Кімде-кім Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Алла Тағала ол адамға сол өзеннен шөлін қандырар». Әнәс ибн Мәліктен (р.а.) жеткен хадисте: «Жұмақта сондай бір сарай бар, оған тек қана Ережеп айында жиі ораза тұтқан адам кірер».

Ертерек те Ережеп айы туғанда Қасиетті Қағбаның қақпасын ашып қойып қызметшілері былай: «Бұл ай – Алланың айы, бұл үй – Алланың үйі, ал адам баласы – Құдайдың құлы, сондықтан Алланың айында оларды Алланың үйінен қалай аластатамыз», - деп басқа айлардағыдай дүйсенбі, жұма күндері ғана емес толық бір ай бойы құлшылық жасауға рұхсат берілетін.

Ережеп айында болған айтулы оқиғалар: Нұх (а.с.) пайғамбар кемесіне мінген, Мұса (а.с.) пайғамбар елін қақ айырылған теңізден алып өткен, Адам (а.с.) атаның тәубесі қабыл болған, Ибрахим (а.с.) пайғамбар және Иса (а.с.) пайғамбар дүниеге келген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ережеп айында мына дұғаны жие айтатын айтатын: «Ей Алла! Бізге Ережеп пен Шағбанда берекелі етіп, Рамазан айына аман-есен жеткіз».

Алла Тағала қасиетті Ережеп айында һәм мүбарак кештердегі ізгі ниет, ақ тілеулерімізді қабыл алып, баршамызға денсаулық, халқымызға береке-бірлік, отанымызға тыныштық беріп, еліміз көркейіп, дініміз марқая бергей, Әмин, ия, роббилғаләмин!

Ережеп айындағы нәпіл (парыз емес, қосымша) ораза ұстайтын күндердің
сәресі және ауыз ашар уақыттарының кестесі:

Мезгілі Басы Ортасы Соңы
20.04.
2015
21.04.
2015
22.04.
2015
04.05.
2015
05.05.
2015
06.05.
2015
16.05.
2015
17.05.
2015
18.05.
2015
Сәресінің аяқталуы 04:19 04:16 04:14 03:49 03:47 03:45 03:28 03:26 03:25
Ауыз ашар уақыты 21:03 21:05 21:07 21:28 21:30 21:32 21:49 21:50 21:52

Ескерту: Сәресі уақыты таң намазына 15 минут қалғанда аяқталады.

Түсіпбек Асылхан қажы Мұханбетжанұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкіл имамы

алдыңғы мақала
Әйел мен еркек тең бе?
кейінгі мақала
Салауат айтудың маңыздылығы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником