Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ақида

Дарын Мубаровтың ақидасы Әһли Сүнна уәл Жамағат ақидасына сәйкес келе ме?

Сұрақ: 28.06.13. Әссәләму ғәлейкум имамдар! Мен дінге келген кезімде білімім аз болғандықтан "сәләфи"лерді дінді басқалардан дұрыс ұстанады деп оларға жақын болатынмын. Қазірде білімім көп емес, бірақ ӘлхамдулиЛлаһ олардың кім екендерін және қалай басқа мұсылмандарды адасушылыққа апаратынын түсіндім. Сіздердің олар туралы ескертіп, олардың қателіктерін түсіндіргендеріңіз жақсы болды. Сіздерге Алла Тағаланың берекесі болсын! Өткенде сіздер бір мақалаға пікір бөліскенде Дарынның ақидасы "сәләфи" деп жазғанда, сіздерге бір оқырман Дарынның айтқаны дұрыс деп жазған болатын. Сол кезде сіздер бұл мәселенің түсінігін кейін шығаратыныңызды айтқасыз. Көп адамдар оны тыңдап дұрыс деп қолдайды, сондықтан осы мәселені түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Муслим.

Уа алейкум ассалям! Біз Дарын Мубаровтың ақидасында Әһли Сүнна Уәл Жамағат ақидасына сай келмейтін келіспеушіліктер бар екенін жазған болтынбыз. Жалпы бұл «сәләфилік» ақида. Айтып өткендей, «сәләфилер»  бірнеше топқа бөлініп, бір-бірін бұрыс мәнһаджда айыптауда. Бірақ сенім мәселерінде олар ортақ. Сондықтан біз олардың өзара келіспеген мәселеріне кірмей, негіз мәселеріне көшейік.

Негізінде барлық «сәләфилер» Аллаһ тағала кеңістікте белгілі бір орын алады, кеңістікте қозғалады, дене мүшелері бар (бірақ жаратылыстардан бөлек деп ескертіп қояды) деп сенеді. Бұның барлығы ташбих (ұқсату) пен таджсим (Аллаһқа дене, мүше беру) болып табылады және Әһли Сүнна Уәл Жамағаттың негізгі танзих (Аллаһ тағаланы барлық кемшіліктерден пәктеу) қағидасына қарама қайшы.

Құран аяттары, Пайғамбарымыз Мұхаммед хадистері, сәләфу солих түсініктері, және Әһли Сүнна Уәл Жамағат барлық ғұламаларының иджмасы негіз болған танзих қағидасы бойынша, Аллаһ тағалаға кеңістікте орын алу тән емес, себебі кеңістік жаратылған, кеңістік жоқ болған, ал Аллаһ тағала мәңгі бар, және көктерді, әл-Аршты, барлық дүниені жаратқаннан кейін өзгерген жоқ.

Бұл жайлы біз: “Миғраж Аллаһ тағала аспанда екеніне дәлел  болама?”  мақаласында жазған болатынбыз.

Ал Дарын Мубаровқа оралатын болсақ, оны тыңдап жүргендер оның ақидасы «сәләфилік» екенін біледі, және олар Аллаһ тағала кеңістікте орын алады деп сенеді. Оның үстіне, дәлелдерді жеткізіліп оларды қабылдамағандарды ол күпірлікке шығарады.

Осыны білмегендер болса, өздері тыңдап көрсін.  Дарын бір уағызында былай айтқан екен:

«...Біздің Орта Азияда тарап кеткен пікірдің көбісі, «Аллаһ барлық жерде», немесе «Аллаһтың мекені жоқ», осы пікір тарап кеткені дұрыс па ақида да? Бірақ осы ұстануда тұрғандарды, бастап кәзіргі кезде құпірлікке шығаруға болмайды, естеріңізде болсын. Кәпір деуге болмайды. Неге? Оларға үйретіліп жатқан нәрсесі сол. Олар әлі, дұрыс нәрсені естіген жоқ, сондықтан Құран мен Сүннетте солай келді деп есептеп тұр.Сонда оларға дұрыс нәрсе жеткізіліп етпейінше, сол жеткізілгеннен кейін. «Жоқ, Құран мен Сүннетке қарсы келемін» десе, сонда кәпір деп айтсаң болады, ал бұларға жеткен жоқ, бірден кәпірлікке шығару, олардан иман іздеу, дұрыс болып есептелмейді.»

Жоғарыда жазылғанға сенбейтіндер болса өздері тыңдап көрсін, 01:12 тен 01:42 минут аралығында

Екі нәрсеге назар аударыңыздар:  бірінші бұл Аллаһ тағала барлық жерде деген жағдай. Бұл бізге жабылған жала, бұл қате сенім. Шынында ашарилер де матуридилер де Аллаһ тағала затымен барлық жерде деп сенбейді. Біз Аллаһ тағала затымен емес, Өзінің Білімімен барлық жерде деп айтамыз.

Мүмкін кейбіреулер Аллаһ тағала затымен барлық жерде деп ойлайтын шығар, бірақ бұның бізге ешбір қатысы жоқ. Ал енді осы адам қате түсініп қалған шығар, немесе оған қате түсіндіріп берген шығар, ондай болса, кейбіреулер ашарилер мен матуридилер Аллаһ барлық жерде деп ойлайтындар түсіндіруде мұқтаж болғандай, осы адам да дұрыс түсіндіруде мұқтаж.

Екінші жағдай, бұл Аллаһ тағалаға мекен тән емес. Бұл расында біз айтып өткендей Әһли Сүнна Уәл Жамағат ақидасы, бірақ Дарын осы пікірді қолдайтындарға, оларға “дәлел” жетсе такфир шығарады. Ал бұл кем дегенде Әһли Сүннаның Уәл Жамағаттың барлық ғұламалары болып табылады.

Мұсылмандар адасқан топтарда болып қалмас үшін Аллаһ одан сақтасын,  біз тағыда діни ілімді кімнен алып жатқандарыңа назар аударуына шақырамыз!

____________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

алдыңғы мақала
Әулиелерге (Алланың сүйіктілеріне) зиян тигізгендерді не күтіп тұр
кейінгі мақала
Имамға сауал: Миғраж Алла аспанда дегенге дәлел бола ала ма?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником